Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
Барлық жаңалықтар

Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімі бойынша Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 1068 болып тіркелді.

Наурызбай ауданы Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы және Райымбек даңғылының солтүстік жағымен өтетін қара жол қиылысынан шығыс бағытта Қарғалы өзені арнасының шығыс жағына дейін өтеді. Райымбек даңғылы мен Қарғалы өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Қарғалы өзені арнасының шығыс жағымен Жандосов көшесінің қиылысына дейін өтеді. Қарғалы өзені арнасы мен Жандосов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен Центральная көшесі және «Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.

Центральная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Центральная көшесі және Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасының бойымен Кәрменов көшесінің қиылысына дейін өтеді.

Кәрменов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады, Кәрменов көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта Рахат ауылының солтүстік шекарасын бойлай, әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін өтеді. Кәрменов көшесінің Асқаров көшесімен қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Асқаров көшесінің шығыс жағымен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін өтеді. Асқаров көшесінің Мұстафин көшесімен қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылады және Мұстафин көшесінің шығыс жағымен Абай көшесінің қиылысына дейін өтеді. Мұстафин көшесінің Абай көшесімен қиылысынан Абай көшесінің шығыс жағымен оңтүстік бағытта Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасымен қиылысына дейін өтеді. Абай көшесі және Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және оңтүстік бағытта Алатау ауылының оңтүстік-батыс шекарасын бойлай, 1227 метр биіктікке дейін өтеді.

1227 метр биіктіктен оңтүстік бағытта өтіп, оның батыс жағымен 1420 метр биіктікке дейін айналып өтеді, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып 1350 метр биіктікке дейін өтеді. 1350 метр биіктіктен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, бұлақ арнасының қиылысына дейін өтеді. Бұлақ арнасының қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады және бұлақ бойымен 1500 метр биіктікке дейін өтеді.

Бұлақ арнасы мен 1500 метр биіктіктің қиылысынан Іле-Алатау ұлттық саябағы шекарасын бойлай батыс бағытқа бұрылады, осы жерден батыс бағытта Ақсай өзені арнасының қиылысына дейін өтеді. Ақсай өзені арнасының қиылысынан Ақсай өзенінің арнасын бойлай солтүстік бағытта Таужолы ауылының оңтүстік шекарасының қиылысына дейін өтеді.

Таужолы ауылының оңтүстік шекарасынан жоғарғы Алматы-Қаскелең тас жолын қиып өтіп, солтүстік бағытта жалғасады, Ақсай шатқалын шығыс жағынан айналып, шатқалға баратын жолдың қиылысына дейін өтеді. Ақсай шатқалынан солтүстік бағытта шатқал жолының бойымен Картон фабрикасының өндірістік аумағын шығыс жағынан айналып, Райымбек даңғылының (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) Алматы қаласының батыс шекарасымен қиылысына дейін өтеді.

Райымбек даңғылы (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Теректі ауылының батыс шекарасымен өтетін қара жол және Райымбек даңғылы (Алматы-Бішкек автокөлік жолы) осінің қиылысына дейін өтеді.


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений