Бастапқы   
 
 
     Сейсенбі 23 шілде 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Мемлекеттік сатып алу
Барлық жаңалықтар
Хабарландыру

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 4 тармақшасы 3 тармағы және 2017 жылғы 01 маусымдағы №2/178 Алматы қаласының әкімдігінің қаулысына сәйкес, Сізді « Алматы қаласы Наурызбай ауданы Надыров, Тәжиев, Құлыбеков, Сланов көшелерінің бойындағы арық желілеріндегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою » бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы орындау жұмыстарына мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырады.

Қызмет көрсету мерзімі: 31.07.2017 жылға дейін.

Төлем шарты: Төлем келісімшарттың мәлімдемелеріне сәйкес жүргізіледі.

Сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-сыз 7 500 000 (жеті миллион бес жүз мың) теңге.

Көрсетілетін жұмыстардың талап етіліп отырған техникалық ерекшеліктері қоса беріледі.

Қатысу үшін Сіз қоса беріліп отырған техникалық ерекшелікке сәйкес баға ұсыныстарын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті жіберуіңіз керек.

Баға ұсыныстары бар конвертті 2017 жылдың 16.06, 16 сағ. 00 мин. Алматы қ., Таусамалы ш/а, Рысқұлов көш., 129 үй, 11 каб-ке «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік сатып алу уәкілетті өкілі Е.М. Қасымжановқа табыс етілуі қажет.

16.06.2017 жылдың, 16 сағ. 30 мин., №10 кабинетте баға ұсыныстарын ашу жүзеге асырылады.

Баға ұсыныстарын ашу жүзеге асырылғаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін, өнім беріші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде және аталған Заңның 9-бабы 1-тармағы және 24-бабы 3-тармағында көзделген ретте төмендегі құжаттарды 5 күн ішінде беруге міндетті:

150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

 

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған), мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде расталатын мәліметтердің электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;

мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы;

конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы. Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Егер техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса қажетті материалдық және еңбек ресурстары құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде көрсетіледі.

Жобалау-сметалық құжаттамада құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлім болмаған жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде осындай қажеттілікті көрсететін құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесі әзірленеді және жобалаушымен келісіледі.

біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;

банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;

әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;

конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);

қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;

конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;

конкурстық құжаттаманың талабы бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;

3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

 

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 297-04-76 телефоны арқылы білуге болады.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений