Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Саясат және әкімшілік / Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамы
Барлық жаңалықтар
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰСЫНҒАН БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША 100 НАҚТЫ ҚАДАМЫ

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰСЫНҒАН БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША 100 НАҚТЫ ҚАДАМЫ

5 ПРЕЗИДЕНТТІК РЕФОРМА:

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1 . МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

7. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу

8. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.

9. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

10. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

11. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.

12. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

13. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

14. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.

15. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

16. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.

17.  Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ.Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.

18.  Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.

19. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.

20. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

21.  Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.

22. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

23. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

24.  Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.

25.  Шетелдік және халықаралық соттардың ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады.

26.  Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарғаПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.

27.  Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.

28.  Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.

29 ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.

30.  Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

31.  Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.

32.  «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

33.  Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН жасау.

34. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

35. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.

36. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.

37.  Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.

38.  Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.

39. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.

40. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.

41. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.

42.  2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ.

43. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.

44. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.

45.  Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.

46.  Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттың өзі - 10 күн ішінде.

47.  Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.

48. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.

49.  Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.

50. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, «БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.

51. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.

52. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.

53. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.

54. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

55. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.

56.  Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРқұру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.

57. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

58. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

59. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.

60. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.

61. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

62.  Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

63. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.

64. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.

65. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕН-ТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.

66.  Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.

67. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.

68.  Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.

69. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.

70. ASTANA EXPO - 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНІҢ 20 АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС.

71. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.

72. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.

73.  Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.

74. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУарқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.

75.  Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДІСІН енгізу.

76.  ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

77.  Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.

78.  Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.

79.  Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты -ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.

80. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

81. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.

82. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы  қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).

83.  Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу.

84. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

86. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87.  Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі - «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

88.  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып,ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

89. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ.

90.  Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

91. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. РЕСІМДІК СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

92. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ . Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР,сондай-ақ, мемлекеттік органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.

93. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.

94.  «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

95.  Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.

96. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

97.  Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

98.  Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.

99. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.

100.  Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.

ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

  • Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС ТОБЫНАНжасақталған жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.
  • Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
  • Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАҢДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.
  • Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады.
  • Ұлттық комиссия жанынан БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСжасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.
  • Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІН айқындау қажет.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.  

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.

Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

2. Прагматизм

Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.

Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.

Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді.

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.

Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.

Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.

Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.

Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады.

Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.

Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.

Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ.

Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.

Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.

Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.

Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздады.

Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко­ло­гиялық апат аймақтарына айналды.

Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.

Индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жат­қызуға болады.

Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң­ғы­руы еді.

Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді.

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.

Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.

Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.

6. Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.

Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей.

Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?

Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.  

Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.

ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  

VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.

V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.  

Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.

Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.  

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  

Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек.

Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.

Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.      

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.  

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.

Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.  

Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.

Оның мәні мынада:

1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.

2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.

3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.

Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?  

Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз.

Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.    

Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.        

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.

Бұл – мемлекеттің міндеті.  

Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.

Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.

Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс.

Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.

Бұл жерде де көп жұмыс бар.  

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.  

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.  

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.

Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.

Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.

Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.    

Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.

3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар.

Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде.

Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.

Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Бұл жоба нені көздейді?

Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.

Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.  

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.

Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.  

Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.  

2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.  

Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.

Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.  

Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.

Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс.  

Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.  

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру.

3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений