Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласы Наурызбай ауданының эмблемасы

Эмблеманың атауы: «Наурызбай ауданы»

Авторы: суретші Ерік Байқұлбаев (Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандары эмблемаларының авторы);

Кеңесшілері:

Қанат Ускенбай–тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихшылар қауымдастығы мүшесі;

Оралжан Масатбаев – ХАА академигі(Халықаралық ақпараттандыру академиясы);

Эмблеманың сипаттамасы (әрбір элементіне жеке-жеке):

Эмблеманың негізінде мәңгілікті, бірлік пен татулықты және ілгерілеуді білдіретін шеңбер бейнеленген;

«Наурызбай ауданы» мен «Алматы» жазуларының арасындағы орнамент аудан құрылысын білдіретін «керілген кең кереге» іспеттес;

Наурызбай батырдың ескерткіші – Отансүйгіштікті және батыр бабаларымыздың тау тұлғасын көрсетеді.

Қызғалдақ – Тәуелсіздік жолында төгілген қан мен терден туындаған, кең байтақ қасиетті қазақ жерін жаудан қорғаған

батыр бабаларды өскелең ұрпақтың есіне әрдайым түсіріп отырады;

Асқар таулар менқыраттар - Наурызбай ауданының географиялық орнын, яғни Алатаудың бөктерінде бой көтерген жаңашыл, биікке бой түзеген жаңа аудан екенін еске салады;

Шұғылалы Күн сәлесі – жаңа күннің басталуын және жаңаша гүлденіп, көркейген 8-ші ауданның құрылғанын паш етеді;

Қыран құс – сұлулық символы, ерлік пен еркіндіктің , билік пен байлықтың, жарқын болашаққа деген парасат пайымы;

(І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Наурызбай батырдың иығына қонған қыран құсы туралы айтылады)


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений