Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Құқық / Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің есебі
Барлық жаңалықтар
Мемлекеттік -құқықтық бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2016 жылдың 2 тоқсаны бойынша ақпараты

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің 2016 жылдың 2 тоқсаны есебі

Мемлекеттік – құқықтық бөліммен ұдайы түрде нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкестігі тексеріледі.

2016 жылдың 2 тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 45 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

05.01.2016 – 27.06.2016 ж.ж. аралығында өткен Наурызбай ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен есепті кезедесулеріне қатысып, бөлімге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді;

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

Есепті кезеңде мүлікті жария ету бойынша, 24 220 705 102 теңге соманы құрайтын 804 арыз қабылданды, 11 576 714 219 теңге соманы құрайтын 516 мүлік жария етілді, 1 124 140 000 теңге соманы құрайтын 38 арыз қайтарылды, жұмыста 250 арыз, 517 кеңес берілді.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне және Алматы қаласы қаржы басқармасына күнделікті электронды түрде жария ету туралы ақпарат беріледі.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) ұдайы қатысуда;

Бөлім ұдайы келесі комиссиялар жұмысына қатысады:

  • «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан
    1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс және маслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу аясында, бөлім террористік тұрғыдан осал объектілерді анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы құрамында, 2015 жылғы 30 наурызда Наурызбай ауданы әкімінің шешімімен бекітілген, Наурызбай ауданы аумағында құрылған сайлау учаскелерін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша мемлекеттік - құқықтық бөлім құзыретті мекемелермен бірлесе террористік тұрғыдан осал объектілерге зерттеу жүргізіп, басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты талаптарды бұзу бойынша мәлімдеме таратты.


Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 3 тоқсан есебі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің 3 тоқсан есебі

 Мемлекеттік – құқықтық бөліммен ұдайы түрде нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкестігі тексеріледі.

2016 жылдың 3 тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 74 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Сондай-ақ, Наурызбай ауданының ІІБ ЖПҚ ЮПБ бірлесіп кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді анықтау мақсатында 3 рейд ұйымдастырылып, өткізілді.

Жүргізілген рейдтер барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442 бабына сәйкес ( кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) 7 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты хаттама толтырылып, 3 кәмелетке толмаған Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталағынана орналастырылды.

Есепті кезеңде Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 1 отырсы өткізілді. Наурызбай ауданының ІІБ ЖПҚ ЮПБ бірлесіп ж екелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуды анықтау мақсатында жедел алдын алу іс-шаралары атты 3 рейд жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 441 бабына сәйкес ( жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу) 5 тұлғаға қатысты хаттама толтырылды.

Апта сайын ұдай түрде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіледі.

2016 жылғы 5 қаңтар мен 30 қыркүйек арасында мүлікті жария ету бойынша, 37 400 603 157 теңге соманы құрайтын 1417 арыз қабылданды, 27 903 791 733 теңге соманы құрайтын 1019 мүлік жария етілді, 1 945 756 000 теңге соманы құрайтын 69 арыз қайтарылды, жұмыста 330 арыз, 1350 кеңес берілді.

Сонымен қатар бөліммен аудан әкіміне Наурызбай ауданы ІІБ жасалған қылмыстар туралы және оның ашылуы жөнінде ақпарат апта сайын беріліде.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жандандыруға қатысты аудан аумағында орналасқан билбордтардың біреуінде жүргізіліп жатқан мүлікті (ақшадан басқа) жария ету бойынша ақпарат орналастырылды. Сондай-ақ, Наурызбай ауданының Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесіп мүлікті (ақшадан басқа) жария ету науқанын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне және Алматы қаласы қаржы басқармасына күнделікті электронды түрде жария ету туралы ақпарат беріледі.

Бөлім ұдайы келесі комиссиялар жұмысына қатысады:

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) ұдайы қатысуда;

  • «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан
    1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.

Наурызбай ауданы прокуратурасының, Ішкі істер басқармасының, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп жиын өткізілді. Сонымен қатар, жиналысқа Наурызбай ауданы бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары шақырылды.

Аталған жиналыс аясында, террористік тұрғыдан осал объектілердің заңнаманың сұраныстарына сәйкестендіру, объектілердің паспорттарының дұрыс әзірленуі және толтырылуы, сондай-ақ аталған нормалардың тиісті орындалмауы жағдайында әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі түсіндірілді.

 


Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2016 жылдың 4 тоқсаны есебі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2016 жылдың 4 тоқсаны есебі

 Мемлекеттік – құқықтық бөлімімен ұдайы түрде нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестігі тексеріледі.

Есепті кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен
85 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.

Бөлім Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес, сотта сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын-алу, жастар арасында қылмысты азайту, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында ҚР ІІМ Кинология орталығына және ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментіне қарастыЛа 155/6 түзету мекемесіне саяхат ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, аудан аумағында жасалған қылмыстар жөнінде және оның ашылуына қатысты Наурызбай ауданының ІІБ жинақтық ақпараты апта сайын беріледі.

Есптік кезеңде апта сайын Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.

2014 жылғы 1 қыркүйек пен 2016 жылғы 30 желтоқсан аралығында мүлікті жария ету бойынша, 124 101 039 797 теңге соманы құрайтын 4799 арыз қабылданды, 106 942 650 084 теңге соманы құрайтын 4114 мүлік жария етілді, 17 158 389 713 теңге соманы құрайтын 685 арыз қайтарылып, 5000 кеңес берілді.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жандандыруға қатысты аудан аумағында орналасқан билбордтардың біреуінде жүргізіліп жатқан мүлікті (ақшадан басқа) жария ету бойынша ақпарат орналастырылды. Сондай-ақ, Наурызбай ауданының Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесіп мүлікті (ақшадан басқа) жария ету науқанын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне және Алматы қаласы қаржы басқармасына күнделікті электронды түрде жария ету туралы ақпарат беріледі.

Бөлім тұраұты түрде келесідей комиссия жұмысына қатысады:

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) қатысуда;

  • «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан
    1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;
  • Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.

Наурызбай ауданы прокуратурасының, Ішкі істер басқармасының, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп жиын өткізілді. Сонымен қатар, жиналысқа Наурызбай ауданы бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары шақырылды.

Аталған жиналыс аясында, террористік тұрғыдан осал объектілердің заңнаманың сұраныстарына сәйкестендіру, объектілердің паспорттарының дұрыс әзірленуі және толтырылуы, сондай-ақ аталған нормалардың тиісті орындалмауы жағдайында әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі түсіндірілді.

Алматы қаласы әкімі Б.Қ. Байбектің төрағалығымен өткен 2016 жылғы
7 қазандағы «Наурызбай ауданы дамуының кейбір мәселелеріне қатысты» хаттамасының 7 тармағының 7.1. тармақшасын орындау мақсатында аудан әкімінің 2016 жылғы 21 қазанындағы №100-н/қ өкімімен Алматы қаласы Наурызбай ауданының халқын, құрылыстарын және көлік құралдарын қайта тіркеу жөніндегі Жұмыс тобы құрылды.

2016 жылдың қазан айының 8 мен 11 аралығында үйлерді аралау арқылы ұтқыр топтармен Наурызбай ауданының «Құрамыс» шағынауданында жаппай түгендеу жұмыстары жүргізіліп, аталған шағынауданда 251 тұрғын үй, оның ішінде 37 қайта тіркеуден өтпегендігі анықталды.

Сондай-ақ, үйді аралау арқылы ұтқыр топтармен Наурызбай ауданының «Ақжар» шағынауданында жаппай түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша аталған аумақта жалпы
2300 жер телімі, оның ішінде 102 қайта тіркеуден өтпегендігі анықталды.

Тиісті тіркеуден өтпегендерге қайта тіркеу және мемлекеттік кіріс басқармасында есепке тұру қажеттілігі жөнінде жадынамалар таратылды.

Бүгінгі таңда үй аралау арқылы Наурызбай ауданының «Таужолы» шағынауданында жаппай түгендеу жұмыстары жүргізілу үстінде.


Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің 2017 жылы атқарылған жұмысы

Есептік кезеңде Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ережеге сәйкес, мемлекеттік-құқықтық бөліммен Наурызбай ауданы әкімі шешімдерінің жобасы тексеріліп, мемлекеттік тіркеу үшін Алматы қаласы Әділет департаментіне жіберілді.

2017 жылы әр түрлі сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 47 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді. Есептік кезеңде 164 қызметтік хат қаралды. Салыстыру үшін 2016 жылы барлығы 231 өтініштер мен хаттарға жауап берілді.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Есептік кезеңде бөлім қызметкерлері келесідей комиссиялардың жұмысына қатысты:

-  «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссия;

-  Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссия;

-  Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша арнайы комиссия.

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы аясында 16 отырыс және 9 іс-шара (мектептердегі акциялар, кездесулер, түнгі рейдтер) өткізілді. Салыстыру үшін - 2016 жылы аталған Комиссия жұмысы барысында 15 отырыс және 5 іс-шара өткізілді.

Есептік кезеңде Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысы аясында бөлім қызметкерлерімен 8 іс-шара (түнгі рейдтер, мектептердегі іс-шаралар) өткізілді. Ал 2016 жылы 2 іс-шара ғана өткізілді.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей жұмыстар жүргізілді:

- Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қоғамда қалыптастыру мақсатында жадынама дайындалып, тұрғындарға және халық көп шоғырланған жерлерде тарату үшін Наурызбай ауданы ІІБ жолданды.

- 2017 жылғы 27 сәуірде Наурызбай ауданы әкімінің төрағалығымен және Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Наурызбай аудандық прокуратурасының, Наурызбай аудандық Ішкі істер басқармасының, Наурызбай аудандық әкімшілік полиция бөлімінің және Алматы қаласы СМЭУ өкілдерінің қатысуымен жол апаттарын алдын алу мақсатында өткізілген жиналыс;

2017 жылдың 22 маусымында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қолдауымен №188 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасымен жеке кәсіпкерлерге «Qamqor» ақпараттық сервисін таныстыру мақсатында өткізілген семинар;

- 2017 жылғы 10 тамызда және 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысымен, Наурызбай аудандық Ішкі істер басқармасымен және ауданның құрылымдық бөлімшелерімен Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының өзара әрекеттесуі туралы меморандумын жүзеге асыру шаралары бойынша жиналыс;

- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жолдарын, маңызын жан-жақты түсіндіру, кеңінен келелі кеңестер, ой-пікірлер беру, бірлесе идеологиялық-ақпараттық орта қалыптастыру мақсатында аудан әкімімен бекітілген жоспар бойынша «Құқық жоқ жерде – бостандық та, демократия да жоқ» тақырыбымен аудандық білім беру және медициналық мекемелердегі құқықтық кездесулер;

- Наурызбай ауданы прокуратурасының, Ішкі істер басқармасының, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету, білім беру және медицина мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізімін жаңарту бойынша жиналыс өткізілді. Аталған жиналыс аясында, террористік тұрғыдан осал объектілердің заңнаманың сұраныстарына сәйкестендіру, объектілердің паспорттарының дұрыс әзірленуі және толтырылуы, сондай-ақ аталған нормалардың тиісті орындалмауы жағдайында әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі түсіндірілді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына ұдайы қатысуда.

«Кедергісіз баспана» жобасы аясында үйлерді заңдастыру мақсатында құжаттар қабылдануда. «Кедергісіз баспана» қоғамдық бірлестігіне барлығы 370 құжат қабылданды. Сотқа өткізілген құжаттардың саны 203, оның ішінде 59 материал бойынша Наурызбай аудандық сотымен процестер өткізіліп, заңдастыру туралы шешім шықты.  

2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің сайтында бөлім қызметкерлерімен ұйымдастырылған 38 іс-шара және бұқаралық ақпарат құралдарында 3 іс-шара жарияланды. 2016 жылы 23 іс-шара аудан әкімінің сайтында орналастырылды.


2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс есебі

2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімнің атқарған жұмысы туралы есебі

Есептік кезеңде Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ережеге сәйкес, мемлекеттік-құқықтық бөліммен Наурызбай ауданы әкімі шешімдерінің жобасы тексеріліп, мемлекеттік тіркеу үшін Алматы қаласы Әділет департаментіне жіберілді.

2018 жылдың 1 тоқсанында әр түрлі сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 20 өтініш заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді. Есептік кезеңде 41 қызметтік хат қаралды.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Есептік кезеңде бөлім қызметкерлері келесідей комиссиялардың жұмысына қатысты:

-          «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссия;

-          Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссия;

-          Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша арнайы комиссия.

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы аясында бөлім қызметкерлерімен келесідей іс-шаралар өткізілді:

-     2018 жылдың 29 қаңтарында №188 мектеп-гимназиясында Наурызбай ауданы Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен, сондай-ақ мектеп әкімшілігімен бірлесіп, «Заң және жасөспірім» тақырыбында оқушылар арасында пікірталас өткізілді.

-     2018 жылғы 15 ақпанда Наурызбай ауданы әкімінің аппараты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Наурызбай ауданы Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Қайрат Құттыбаевтың қатысуымен №192 жалпы білім беретін мектепте таңертеңгілік жиын өткізді.

-     2018 жылғы 21 ақпанда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының және Наурызбай аудандық Ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен, №157 орта мектепте қыздар арасында отбасы-тұрмыстық қатынастарда болған заңсыз іс-әрекеттерді ескерту, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Наурызбай ауданының ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Меруерт Маратқызы Ахметова, «Аналар үйі» қоғамдық қорының координаторы Майра Өмірзаққызы Тұрсынбаева, Наурызбай ауданының ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Әсел Сәбитқызы Қабышова қатысты.

Есептік кезеңде Кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияның 2 отырысы өткізілді.

Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысы барысында өткізілген іс-шаралар:

-     2018 жылдың 31 қаңтарында Штабтың кезекті отырысы өткізіліп, Наурызбай ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған штаб жұмысының 2018 жылға бекітілген жоспарымен таныстырылып, Наурызбай ауданындағы нашақорлықпен күресудің жағдайы талқыланды.

-     2018 жылдың 26 ақпанында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, оқушылар арасында зиянды әдеттердің таралу жағдайын, құқық бұзушылықтардың орын алу фактілерін анықтау мақсатында №174 және №157 мектептерде жоғары сынып оқушылары арасындажасырын сауалнама өткізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша білім беру мекемелерінде зиянды заттардың таралу фактілері анықталмады.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерімен 2018 жылғы 16 наурызда Алматы қаласы нотариалдық палатасының өкілі Р. Алгазиеваны шақырумен және Наурызбай ауданы коммуналдық қызметінің, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс аясында, ҚР «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер енгізілгеніне байланысты коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге қарызы бар тұлғалардан ақшаны сотқа жүгінбей нотариустар арқылы өндіріп алатын жаңа әдіс талқыланды.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына ұдайы қатысуда.

«Кедергісіз баспана» жобасы аясында үйлерді заңдастыру мақсатында құжаттар қабылдануда. «Кедергісіз баспана» қоғамдық бірлестігімен барлығы 376 құжат қабылданды. Сотқа өткізілген құжаттардың саны 241, оның ішінде 179 материал бойынша Наурызбай аудандық сотымен процестер өткізіліп, заңдастыру туралы шешім шықты.  

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында (сайтында) бөлім қызметкерлерімен ұйымдастырылған 14 іс-шара орналастырылып, жарияланды.  


Сайлау учаскелерін құру туралы шешімнің жобасы

 

 «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімнің жобасы

 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

         1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

         3. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

         4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Нысаналиевке жүктелсін.

         5. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Әкім                                                                                                        С. Тоғай

 Келісілді:

Алматы қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                                Ж. Асанова

«____» ____________ 2018 жыл

 

 Алматы қаласы

Наурызбайауданы әкімінің

2018 жылғы «___» _________

№ ____________

шешіміне №1 қосымша

 Алматы қаласы Наурызбай ауданының сайлау учаскелері

 № 500 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№7 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы).

 Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін. Сағатов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қалқаман шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.

 № 501 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№7 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы).

 Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Әйтей батыр көшесіне дейін. Әйтей батыр көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қабылбаев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін.

 № 502 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2).

 Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Арман көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Молдабеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Молдабеков көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта, Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Ер Жәнібек көшесіне дейін. Ер Жәнібек көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін.

 № 503 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№35 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, 20/1 үй).

 Шекарасы: Бегалиев көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қыдырбеков көшесіне дейін. Қыдырбеков көшесінің шығыс жақ бетімен Айтбаев және Айбергенов көшелеріне өтіп, солтүстік бағытта, Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта, Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетінен, оңтүстік бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Ер Жәнібек көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Ер Жәнібек көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Бегалиев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Бегалиев көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

 № 504 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№200 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 345/3 үй).

 Шекаралары:Тастыбұлақ өзенінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің шығыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Карьерная көшесіне дейін. Карьерная көшесінің солтүстік жақ бетімен, Бекешева және Белжайлау көшесіне өтіп, әрі қарай Қалқаман-2 шағынауданының Байтұрсынов көшесінен өтіп, шығыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Сыпатай батыр көшесіне дейін. Сыпатай батыр көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жағалауымен солтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

 № 505 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№157 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

 Шекарасы: Молдабекова көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Тастыбұлак өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесіне өтіп, оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесіне дейін. Байтұрсынов көшесінің солтүстік жақ бетімен Арман көшесіне өтіп, шығыс бағытта Молдабеков көшесіне дейін. Молдабеков көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

 № 506 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№157 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

 Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының жобалау Абай даңғылымен қиылысына дейін. Қалқаман-2 шағынауданының жобалау Абай даңғылының солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Аспандияров көшесіне дейін. Қалкаман-2 шағынауданының Аспандияров көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін.

 № 507 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№176 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

 Шекарасы: Нургали көшесінен бастап, Белжайлау көшесінің оңтүстік жақ бетімен Қалқаман-2 шағынауданының Байтұрсынов және Арман көшелеріне өтіп, шығыс бағытта Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, жобалау Абай даңғылына дейін. Жобалау Абай даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс багытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен, Южная көшесіне өтіп Тау Самалы коттедж қалашығы шекарасын айналып өтіп, батыс бағытта Нурғали көшесіне дейін. Нурғали көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Белжайлау көшесіне дейін.

 № 508 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№176 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

 Шекарасы: Қалқаман-3 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Шаляпин көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін. Кеңесбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін.

 № 509 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй).

 Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, оңтүстік-шығыс бағытта, Жанат, Жадыра, Щедрость, Арман, Арал, Каменское баубақша серіктестіктері шекараларының батыс жағымен Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасына дейін. Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасынан оңтүстік бағытта, аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағытта Іле-Алатауы ұлттық саябағы шекарасын бойлап Ақсай өзені жағалауымен қиылысына дейін. Ақсай өзені қиылысынан Ақсай өзені жағасын бойлап солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзені жағасымен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзені шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Жанат баубақша серіктестігінің шекарасына дейін.

 № 510 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№26 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Таусамалы шағынауданы, Гроза көшесі, 102 үй).

 Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесіне дейін. Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесінің солтүстік жақ бетімен Найманбай батыр көшесіне өтіп, батыс бағыттағы Таусамалы шағынауданының Нұршайықов көшесіне дейін. Нұршайықов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

 № 511 Сайлау учаскесі

(050070, Орталығы: «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Рахат шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1).

 

Шекарасы: Құрамыс, Рахат шағынаудандары және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауы мен Жандосов көшесімен қиылысып шығыс бағытқа бұрылып, Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтіп, Центральная көшесі мен Таугүл-3 шағынауданының солтүстік-шығыс шекарасына дейін. Центральная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылып, Центральная көшесімен және Таугүл-3 шағынауданының оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасымен Кәрменов көшесінің қиылысына дейін. Кәрменов көшесі қиылысымен шығыс бағытқа бұрылып, Кәрменов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтеді, шығыс бағытта Рахат шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен және әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін. Тополевая мен Асқаров көшелері қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылып, Асқаров көшесінің батыс жағымен кіші Кенесары хан көшесімен қиылысына дейін. Кіші Кенесары хан және Асқаров көшелері қиылысынан, кіші Кенесары хан көшесінің солтүстік жақ бетімен негізгі Кенесары хан көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Кенесары хан көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ бойымен солтүстік бағытта Жандосов көшесі Қарғалы өзенімен қиылысатын жерге дейін.

 № 512 Сайлау учаскесі

(050069, Орталығы: «№192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй).

 Шекарасы: Қарғалы, Жайлау шағынаудандары. Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен, Редько көшесіне өтіп оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін. Редько көшесі Жайлау ауылының оңтүстік-шығыс шекарасымен қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының қиылысына дейін, әрі қарай шығыс бағытта Кенесары хан көшесінің бойындағы «Хан Тенгри» тұрғын үй кешеніне дейін №54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоспағанда.

 № 513 Сайлау учаскесі

(050069, Орталығы: «№192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй).

 Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қарғалы өзенінен бастап Құралай көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін. Қали Надыров көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Тәжиев көшесіне өтеді. Тәжиев көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта су бөгетіне дейін. Бөгеттен оңтүстік-батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен шығыс бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасына дейін, әрі қарай Қарағайлы және Қарғалы шағынаудандары шекарасының батыс жағалауымен, солтүстік бағытта Қарғалы өзеніне дейін.

 № 514 Сайлау учаскесі

(050069, Орталығы: «№192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй).

 Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тәжиев көшесіне өтеді. Руханият және Қали Надыров көшелері қиылысынан, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тажиев көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта су бөгетіне дейін. Су бөгетінен оңтүстік-батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта өзен жағалауымен қиылысына дейін. Өзен жағалауымен қиылыстан Тастыбұлақ және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Қарағайлы шағынауданының Саудакент және Қали Надыров көшелері қиылысына дейін. Қарағайлы шағынауданы Руханият көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін.

 № 515 Сайлау учаскесі

(050027, Орталығы: «№186 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй).

 Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап Молдағалиев көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Мақаншы көшесіне дейін. Мақаншы көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Ақжар шағынауданының Айманова көшесіне дейін. Айманова көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік-шығыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Таусамалы шағынауданының Айболит көшесіне дейін. Таусамалы шағынауданының Айболит көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

 № 516 Сайлау учаскесі

(050027, Орталығы: «№186 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй).

 Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, Молдагалиев көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Мақаншы көшесіне дейін. Мақаншы көшесінің солтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Тарасов көшесіне дейін. Тарасов көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

 № 517 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2).

 Шекарасы: «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 № 518 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№7 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы).

 Шекарасы: «№7 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 № 519 Сайлау учаскесі

(040906, Орталығы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі,

Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 1).

 Шекарасы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 № 520 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақсай» университеттік клиникасы, Тастыбұлақ шағынауданы, Қарлығаш көшесі, 14/1).

 Шекарасы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақсай» университеттік клиникасы.

 № 538 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№174 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 340Б үй).

 Шекарасы: Наурыз шағынаудандары және Абай саяжайлары. Строительная көшесінен бастап, Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік-батыс бағытта қала шекарасын айналып, Райымбек даңғылына дейін («Қазақстан қағазы» Акционерлік қоғамын қоспағанда). Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

 № 539 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№174 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 340Б үй).

 Шекарасы: Жуалы көшесі, «Премьера» тұрғын кешені №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 үйлері.

 № 540 Сайлау учаскесі

(050027, Орталығы: «№186 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй).

 Шекарасы: Ақжар шағынауданы, Жандосов көшесімен Ақсай өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта аудан шекарасын айналып «Ақсай» карьерін бойлап Аккент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Бекешев көшесіне дейін. Бекешев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін, әрі қарай Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен Ақсай өзенімен қиылысына дейін.

 № 541 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй).

 Шекарасы: Таужолы шағынауданы, Жандосов көшесінің Тастыбұлақ өзенімен қиылысынан, Тастыбұлақ өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта ауданның оңүстік-батыс шекарасына дейін. Ауданның оңүстік-батыс шекарасынан Досмұхамедов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін.

 № 542 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№187 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй).

 Шекарасы: Айтматов көшесі мен Сағдиев көшесінің қйылысынан бастап оңтүстік бағытта Шолпан көшесіне дейін. Шолпан көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Арал, Сәулет, Щедрость, Жадыра және Жанат баубақша серіктестіктерінің шекарасына дейін, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Айболит көшесіне дейін. Айболит көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Айтматов көшесіне дейін. Айтматов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Сағдиев көшесіне дейін.

 № 543 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№187 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй).

 Шекарасы: Гроза көшесінен бастап, Найманбай батыр көшесінің оңтүстік жақ бетімен Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құралай көшесіне дейін. Құралай көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Руханият көшесіне өтіп, Саудакент көшесіне дейін. Саудакент көшесінің шығыс жақ бетімен Шолпан кошесіне өтіп, солтүстік бағытта Гроза көшесіне дейін.

 № 544 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «Алатау» емдік-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамы, Таусамалы шағынауданы, Әшімов көшесі, 50А үй).

Шекарасы: «Алатау» емдік-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамы, Таусамалы шағынауданы, Әшімов көшесі, 50А үй.

 № 560 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№36 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Шұғыла шағынауданы, 340А үй).

 Шекарасы: Райымбек даңғылынан бастап, Айбергенов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Айтбаев көшесіне дейін. Айтбаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Ақсай өзенінің қиылысына дейін, әрі қарай Қыдырбеков көшесінің батыс жақ бетімен Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Айбергенов көшесіне дейін.

 № 561 Сайлау учаскесі

(050006, Орталығы: «№35 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, 20/1 үй).

 Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Проектируемая көшесінің оңтүстік жақ бетімен Сағатов көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Проектируемая көшесіне дейін.

 Избирательный участок № 562

(050006, Орталығы: «№200 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 345/3 үй).

 Шекарасы:Карьерная көшесінен бастап, Бекешев көшесінің оңтүстік жақ бетімен Белжайлау көшесіне өтіп, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Айманов көшесіне дейін. Айманов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Ақкент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің солтүстік жақ бетімен Төлебеков көшесіне өтіп, батыс бағытта ауданның батыс шекарасына дейін, әрі қарай солтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

 № 563 Сайлау учаскесі

(050067, Орталығы: «№26 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Таусамалы шағынауданы, Гроза көшесі, 102 үй).

 Шекарасы:Сағдиев көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта 7 көшеге дейін. 7 көшенің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Нұршайықов көшесіне дейін. Нұршайықов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Найманбай батыр көшесіне дейін. Найманбай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Шолпан көшесіне өтіп, Сағдиев көшесіне дейін. Сағдиев көшесінен солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

 № 564 Сайлау учаскесі

(050070, Орталығы: «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Рахат шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1).

 Шекарасы: «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен бастап, №54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоса алып, Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Рауан және Мұстафин көшелеріне өтіп, Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта, Тәжиев көшесі мен Манғытаев көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай, оңтүстік-шығыс бағытта «Хан Тенгри» тұрғын үй кешеніне дейін.


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений