Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Әлеуметтік сала
Барлық жаңалықтар
I тоқсанда атқарған жұмысы бойынша ЕСЕБІ

2018 жылғы I тоқсанда атқарған жұмыс ЕСЕБІ

Наурызбай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімі ережесіне сәйкес келесідей міндеттерді атқарды:

 Комиссиялар бойынша:

 Кәмелеттік жасына толған азаматтарға қамқоршылық және қорғаншылық тағайындау жөніндегі комиссиясымен 3 құжат қарастырылып, қамқоршылық тағайындалды;

üСемей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссияның 14 отырысы өткізіліп, 56 азаматтың құжаттары бірыңғай жәрдем ақыға және 55 азаматтың құжаттары куәлік алуға қарастырылды;

üАудан бойынша тұрғындарға әлеуметік көмек көрсету учаскелік комиссиясының 33 отырысы өткізіліп, 268 құжат қарастырылды және жәрдемақы тағайындалды;

üАудандық ведомствоаралық әлеуметтік маңызы бар ауруға қарсы және алдын алу жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді;

üАудандық мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен 16 нысан бейімделді.

Атқарылып жатқан жұмыстар 2018 жылғы жоспарға сәйкес жүргізілуде, комиссия отырысы өтініш түсуіне байланысты өткізіледі.

 Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар

 Жыл басынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 244 адамға қызмет көрсетіліп, жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды.

         Әлеуметтік жұмыс орындарына (мемлекеттік бюджет) 59 – адамды жіберу жоспарланып, I тоқсанда 16 адам жіберілді.

         Жастар тәжірибесіне 50 адам жіберу жоспарланып, I тоқсанда 18 жас түлектер тәжірибе жинақтауға жіберілді.

         Тұрақты жұмыс орындарына 872 адам жіберу жоспарланып, 229 адам жіберіліп отыр.

         Қоғамдық жұмыс орындарына (жергілікті бюджет) 140 – адамды жіберу жоспарланып, I тоқсанда 36 – адам жіберіліп отыр.

 Денсаулық сақтау

 Ауданда 3 аурухана №1, 7 қалалық клиникалық аурухана, УК «Ақсай», 4 қалалық емхана №26, 27, 35, 36 және 3 дәрігерлік амбулатория Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс орналасқан.

         Қазақстан Республикасы «Денсаулық» 2016-2020 жылғы денсаулық сақтауды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 тоқсанында Наурызбай аудандық медицина бірлестігімен ауданда және Алматы қаласында тұрғындарына медициналық көмек беруді жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылды.

Тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттарға 1 926 рецепт жазылып, 5 млн 516 мың 772 теңге көлемінде қамтамасыз етілді.

Оның ішінде:

№26 ҚЕ жазылған рецепт саны 360, соммасы 1 млн 202 мың 499 теңге.

№27 ҚЕ жазылған рецепт саны 593, соммасы 1 млн 919 мың 630 теңге.

№35 ҚЕ жазылған рецепт саны 188, соммасы 1 млн 376 мың 749 теңге.

№36 ҚЕ жазылған рецепт саны 785, соммасы 1 млн 17 мың 507 теңге.

 Жәрдемақы төлеу бойынша көрсетілетін көмек

 Атаулы әлеуметтік көмек 19 жанұя, 111 балаға – 1 млн. 722 мың 076 теңге тағайындалды.

2 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 1 өтініш иесіне, 140 мың 430 теңге төленді.

5,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 9 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларынан құжаты қабылданып 238 мың 104 теңге төленді.

7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға 102 өтініш иесіне тағайындалып, 1 млн. 262 мың 625 теңге төленді.

         7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 22 өтініш иесіне, 538 мың 720 теңге төленді.

         7,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 81 өтініш иесіне, 1 млн. 46 мың 198 теңге төленді.

         Тұрғын үй көмегіне 53 жанұя, 138 балаға – 724 мың 260 теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

  Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жеке көмекшілермен, және санитарлық гигиеналық, көмекші тағы басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жыл басына 538 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар өтініш білдіріп, оның ішінде 172 өтініш иесі қамтамасыз етілді.

-жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедетерді жеке көмекшілердің көмегімен қамтамасыз ету бойынша 120 мүгедектерден құжаттар қабылданып, 108 адамға жеке көмекші тағайындалды.

-Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 19 адамнан құжат қабылданды, 0 адам қамтамасыз етілді.

-Санаторий-курортық емдеуге - 143 адамнан құжат қабылданып, 16 адам қамтамасыз етілді.

-Тифлотехникалақ құралдармен 12 адамнан құжаттар қабылданып, 0 адам қамтамасыз етілді.

-Сурдотехникалақ құралдармен 15 адамнан құжаттар қабылданып, 0 адам қамтамасыз етілді.

-Протезді-ортопедиялық орталыққа 82 адамнан құжат қабылданып, 22 адам қамтамасыз етілді.

-Санитарлық гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 73 адамнан құжат қабылданып, 0 адам қамтамасыз етілді.

- Мүгедектерге арналған тіл маманы - 1 адамнан құжат қабылданып, 0 адам қамтамасыз етілді.

- Балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 18 адамнан құжат қабылданып, 14 адам қамтамасыз етілді.

- Жалғызбасты мүгедектер мен зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша - 6 адамнан құжат қабылданып, 4 адам қамтамасыз етілді.

- Медициналық әлеуметтік мекемеге жолдама 18 адамнан құжат қабылданып, 14 адам қамтамасыз етілді.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений