Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Экономика
Барлық жаңалықтар
2018 жылғы I тоқсандағы атқарылған жұмыс есебі

2018 жылғы I тоқсандағы атқарылған жұмыс есебі

 Салық түсімдері

Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша 2018 жылғы 30 наурыздағы жағдайға сәйкес аудандағы салық түсімдерінің сомасы 1 млрд. 715 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 110%-ға өсті (1 млрд. 497 млн. теңге). 2018 жылдың жоспары 6 млрд. 919 млн. теңге, жоспардың орындалуы 25 % құрады.

Оның ішінде: республикалық бюждетке 601 млн. теңге, жергілікті бюджетке 1 млрд. 114 млн. теңге.          

Жыл басынан бері жаңадан 3 950 субъект тіркелді, оның ішінде:

- 3 425 жеке тұлға,

- 138 заңды тұлға,

- 387жеке кәсіпкер тіркелді .

Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны- 1 888 , жеке кәсіпкерлер- 5 221, жеке тұлғалар- 78 510.

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

  Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларына қазіргі бағасында 981 млн. теңге соммасын құрады, физикалық көлем индексі 100,2 %.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 214 млн. теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 156,7 %, көтерме сауда көлемі 405 млн.теңге.

Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 1 331, жұмыс істейтіндер- 1 037.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі                             6 млрд. 60 млн. теңге соммасын құрады (478 млн.- мемлекеттік бюджет,              4 млрд. 672 млн.- меншікті қаражат) өткен жылғы сәйкес кезеңге 72,9%, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 7,4 %.

Соның ішінде:

-        Ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары- 5 млрд. 744 млн. теңге;

-        Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары жәнеоларды күрделі жөндеу- 283 млн. теңге;

-        Өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар- 32 млн. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ішкі инвестициялардың үлесі- 98,9% (5 млрд. 994 млн. теңге), негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі- 1,1 % (65 млн. теңге).

 Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемелекеттік бағдарламалары

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» кеңінен насихаттау мақсатында аудан аумағындағы кәсіпкерлермен 3 жиналыс өткізілді. Аталған жиналыстарда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жолдарын түсіндіру жұмыстары жұргізілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

1 тоқсан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында аудан бойынша                         3 кәсіпкердің жобасы 2-ші деңгейлі банктерде мақұлданды:

Сонымен бірге «Жібек жолы» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында: «Тагаева Асия Нуртазаевна» ЖК (инвестиция) – 14 млн. 900 мың теңге;

 Қоғамдық көлік:

Қазіргі таңда Алматы қаласы Наурызбай ауданында 18 қоғамдық көлік маршруты жолаушылар тасымалымен айналысуда, оның 8 муниципалды,                  7 жеке меншік, 3 облыстық.

Муниципалды:

- «АлматыЭлектроТранс» ЖШС: 14, 15, 26, 44, 137;

- «GreenBusCompany» ЖШС: 50, 118, 126.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында № 137 маршрут (Жетісу базары- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты) және №104 А маршрут(Қарғалы шағынауданы- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты) қайта қалпына келтірілді.

 

 

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений