Бастапқы   
 
 
     Жұма 18 қазан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Көріктендіру
Барлық жаңалықтар
Атқарылған жұмыстары туралы 2018 жылдың I тоқсаны есебі

Көріктендіру бөлімінің атқарған жұмыстары туралы 2018 жылдың I тоқсанындағы есебі

Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдардың басшыларымен елді мекендердің тазалығы бойынша комиссиялық шығау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Алматы қаласының санитарлық тазалығы және көріктендіру бойынша штабының хаттамасы негізінде, Алматы қаласы табиғи-ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының аудандық аумағындағы санитарлық тазалау және көріктендіру жөнінде ескертпелері бойынша апта сайын жұмыстар атқарылуда.

2016 жылғы жасалған келісім шарттың сәйкес «Асмар строй» ЖШС, «Магнолия Дистард»ЖШС медігер ұйымдары,шаруашылық жүргізу құқығындағыМКК-ы «Алматы тазалық» ЖШС-гі күшімен қалалық, аудандық және жергілікті мәні бар көшелерде тазалық жұмыстары атқарылып, келесі жұмыс түрлері орындалды:

-қарды күреу және сыпыру жұмыстары;

-жол шетін және жаяужолды көк тайғаққа қарсы материалдармен себу;

-аумақты тазарту;

-механикалық сыпыру жұмыстары;

-қоқыс сауыттарын дизенфекциялау және тазалау;

-қар, қатты тұрмыстық қалдықтарды және басқада қалдық түрлерін тиеу және шығару;

         Алматы қаласының әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында тұрғындары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 15 желілік сенбілік өткізіліп, 187 м3 қоқыс полигонға шығарылды. Сонымен қатар, Қарғалы өзенін тазарту және тереңдету жұмыстары барысында 365 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

         Алматы қаласы Ветеринариялық орталығымен бірлесе күнделікті қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізуледе. Ағымдағы жылдың басынан бастап 844 қаңғыбас ит ауланды.

         Аудан аумағында сыртқы жарық жүйесінің қажет ететін көшелердің түгендеу жұмыстры жүргізілді. «АлматыҚалаЖарық» МККбірлесіп кемшіліктерді түзету, жанбайтын шамдарды мен ақауы бар желілерді ауыстыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

         Жолдың жаңа құрылысы мен орташа жөндеуді талап ететін, арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолының жаңа құрылысын талап ететін көшелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Анықтау жұмыстарының нәтижесі бойынша көшелердің тізімі 2018 жылдың жұмыс жоспарына қосу үшін тиісті басқармаларға жолданды. Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Есік жолдары» ЖШС күшімен 6 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, ағаш отырғызуға және ауданды гүлмен әсемдеп безендіруге орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың наурыз айында аудан аумағында 37 түп қарағай көшеттері отырғызылды.

         Жалпы аумағы 2000м2 қамтитын Жандосов, Сабденов және Әшімов көшелеріне көгалды шөп егілді.

        

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений