Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Көріктендіру
Барлық жаңалықтар
Көріктендіру бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары

Көріктендіру бөлімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары

 Ауданымыздығы әкімшілік орталықтың өркендеуі

Ағымдағы жылы ауданның жаңа әкімшілік орталығының құрылысы аяқталды. Аталған орталықта жергілікті әкімшілік, сот, прокуратура, ХҚО, АХАТ, Қазпошта, банк, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, әділет басқармасы орналасқан. АІІБ, 1200 оқушыға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана құрылысы аяқталды. Әкімшілік орталықтың дамуы тұтынушының уақытын үнемдеуге және барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік жасайды.

 Жол инфрақұрылымының өркендеуі

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 153 га аумағында орналасқан арақашықтығы 1,2 км, сомасы 2,4 млрд. теңгені құрайтын Абай даңғылының құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Әшімов көшесінен 153 га аумағына дейінгі аралығындағы Абай даңғылының құрылысы аясында Қалқаман шағынауданында көлік жол айырығының құрылысы басталды. Абай даңғылындағы аталған жердің құрылыс-монтаждау жұмыстарына,салынып жатқан айырық құрылысын есепке алатын болсақ, бюджеттен 7 млрд. 160 млн. теңге бөлінді.2018 жылы аталған жобаны жүзеге асыру барысында жер телімдерін және жылжымайтын мүлік нысандарын мемлекет мүддесіне алу процедурасын бастау жоспарлануда. Аталған жобаның аяқталу мерзімі 2019 жылдың желтоқсан айына бекітілген. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» АҚ тапсырмасымен «Даулет Дорстрой» ЖШС мердігер ұйымының күшімен Райымбек даңғылы, «Алтын орда» аумағындажол кеңейту жұмыстары және көлік жол айырығының құрылысы басталды. Аталған жол бөліктерінің құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстары қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға, қаланың және ауданымыздың экономикалық тұрғыда дамуына және Алматы қаласының жол мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Жергілікті атқарушы орган болғандықтан бізге аудан тұрғындарынан автомобиль жолдарының нашарлығы жөнінде және көшелердегі жол төсемдерінің жоқтығы туралы өтініштер мен арыздар келіп түсуде. Осы сәтті пайдаланып, біздің ауданымыздың тұрғындарымен және Алматы қаласының тұрғындарымен осы бағытта атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы ақпаратпен бөліскім келеді. Наурызбай ауданында жалпы ұзындығы 285,5 км құрайтын 346 көше бар және аудан құрылған уақыттан бастап аудан тұрғындарын сапалы жолдармен қамтамасыз ету барысында жалпы сомасы 3 млрд 705 млн теңгені, ұзындығы 118 км құрайтын 175 көшеде асфальтты- бетонды жабынды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қалқаман шағынауданындағы су және кәріз желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін жалпы ұзындығы 17,7 км құрайтын 33 көшедегі жол желілерінің жаңа құрылысын аяқтау жоспарлануда. Осыған дейін аталған көшелерде асфальт жабындысы болмаған. Аталған жоба жалпы сомасы 1 млрд 445 млн. теңгені құрайды және автомобиль жолдарының, жаяу жүргіншілер жолдарының, арық жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын қамтиды.

Өткен жылдары атқарылған жұмыстарды есепке алатын болсақ, және ағымдағы жылы аяқталатын жөндеу жұмыстарынан кейін, 285 көше асфальт жабындысымен қамтылады. Асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы 191,2 км, пайыздық қатынасы 66,6 % құрайды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырмасымен Алматы облысы Қарасай ауданы аумағынан біріктірілген 33 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып жатқандығын атап өту қажет. Жолдардың жалпы ұзындығы 29,5 км, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 492 млн. теңгені құрады.

Аудан аумағындағы бау-бақша бірлестіктерінде тұрақты түрде 30 мың адам тұратындықтан, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырмасымен бау-бақша бірлестіктерінің аумағына кіретін негізгі көшелерінде жол жөндеу жұмыстары аяқталуда. Көшелердің жалпы ұзындығы 11 км құрайды.

Бүгінгі таңда ауданымыздағы Қарғалы өзеңі арқылы өтетін Қонаев көшесінде орналасқан автомобиль өткелін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Ақсай және Қарғалы өзенінде орналасқан екі өткелді қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда. Аталған өткелдер қаражат бөлінуіне қарай қайта қалпына келтіріледі.

 Арық жүйелерінің өркендеуі

Аудан құрылған кезде арық жүйелері 21 км құрайтын 24 көшеде ғана болса, 2014-2017 жылдар аралығында 26 км құрайтын 37 көшеде жаңа арық жүйелерінің құрылысы жүргізілді.Арық жүйелерінің жаңа құрылысын және жөндеу жұмыстарын есепке алатын болсақ, 45 км құрайтын 61 көше ғана арық жүйелерімен қамтылған, пайыздық қатынасы 15,8 % құрайды. Жалпы алғанда, өткен жылдардағы жауын-шашын мониторингі қосымша арық жүйелері құрылысының қажеттігін көрсетті. Ағымдағы жылы «Мұсахан Сервис» ЖШС мердігер ұйымының күшімен 4 көшедегі арақашықтығы 4, 1 км құрайтын арық жүйелерінің құрылысы толықтай аяқталды. Аталған жобаны жүзеге асыру аудан тұрғындарының мүліктерін су басу қауіпін азайтуға септігін тигізді.

 Сыртқы жарықтандыру желілерінің өркендеуі

Жалпы алғанда сыртқы жарықтандыру желілерімен 346 көшенің 47 көшесі ғана қамтамасыз етілген (1816 жарық нүктесі). Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,2 км құрайтын 8 көшеде сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Қалқаман және Шұғыла шағынаудандарындағы (Абай даңғылы, АММК көшесі) жол желілерінің жаңа құрылысы барысында жобаға сәйкес, 34 км (1147 жарық нүктесі) сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізіліп, аула аумағын көріктендіру, саябақ құрылысы, жасыл аймақтарды көріктендіру жұмыстарының барысында 375 жарық нүктелері орнатылды.

Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды есепке алатын болсақ, пайыздық қатынасы 25,7 % құрайтын 89 көше ғана сыртқы жарықтандырумен қамтылған (3914 жарық нүктесі).

 Жаяу жүргіншілер жолының өркендеуі

Жаяу жүргіншілер жолына келетін болсам, аудан құрылған кезде 25 км құрайтын жаяу жүргіншілер жолы ғана болған. 2014-2016 жылдар аралығында 9,5 км жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілсе, 2017 жылы көріктендіру жұмыстарының және жол желілерінің жаңа құрылысы барысында 23,3 км жаяу жүргіншілер жолы салынды. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 57,8 км, пайыздық қатынасы 20,2 % құрайтын 49 көшеде жаяу жүргіншілер жолы бар.

 Дат архитекторы Ян Гейлдың жобасы аясындағы көріктендіру жұмыстары

Ауданымыз құрылған кезде аудан тұрғындарына сауықтандыруға арналған ешқандай жер болмаған, осыған орай 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен дат архиткторы Ян Гейлдың жобасы аясында велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жүргізілді. Аталған жоба жаяу жүргіншілер жолдарын, велосипед жолдарын, сыртқы жарықтандыру және балаларға арналған алаңдармен Шаляпин көшесін және Әшімов көшесінің жартысын қамтып отыр. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.Көріктендіру жұмыстары сонымен қатар, Мұстафин көшесінде (Абай көшесінен Рысқұлбеков көшесіне дейін) және Әшімов көшесінде (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін) жүргізілді. Аталған бағдарлама барысында велосипед жолдары және жаяу жүргіншілер жолдарының, арық жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, жаттығу қондырғылары, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Саябақтар мен Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен Тастыбұлақ шағынауданында орналасқан, жалпы ауданы 0,6 га құрайтын екі саябақтың құрылысы аяқталды.Саябақта балаларға алаңы және спорт алаңдарының құрылысы жүргізіліп, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылған. Ауданның әкімшілік орталығының алдында 153 га аумағында жасыл көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында салынған Шаймерденов көшесіндегі жаңа саябақтың құрылысы аяқталды. Саябақта футбол алаңы, баскетбол алаңы және кіші архитектуралық ескерткіштер және т.б. орнатылған. Сондай-ақ, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде 2 кіші саябақтар орналасқан.

Көріктендіру ережесіне сәйкестендіру мақсатында 2014-2017 жылдар аралығында 10,5 мың дана ағашқа санитарлық қырқу және апатты жағдайдағы 1200 дана ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Жапырақты және қылқанжапырақты 10000 дана көшетті отырғызу жұмыстары,оның ішінде 2017 жылы 4575 дана көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда Жандосов, Гроза, Рысқұлов, Әшімов және кіші Райымбек көшелерінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар көшеттер отырғызу, әсемдік талдар отырғызу, көк шөп егу және декоративтік безендіруді қамтиды.

Жалпы алғанда 2017 жылға дейін декоративті безендірілген жерлердің жалпы ауданы 1250 м2 құраса, бүгінгі таңда аталған көрсеткіш 3500 м2 ұлғайған. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Алматы қаласы ТЖ қаражаты есебінен 2015 жылдың шілде айындағы сел тасқынынан кейінгі Қарғалы өзеңіндегі жалпы ұзындығы 7,7 км құрайтын апатты-қайта қалпына келтіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда жаңа құрылымдар су өткізу қабілетін 23м3 дейін қамтиды. Көріктендіру жұмыстары барысында, әлеуметтік жауапкершілік аясында «Толағай» ЖШС күшімен 2500 м3 көк шөп отырғызылып, 3 балаларға арналған алаң салынып, 200 м3 гүлзар егіліп, кіші архитектуралық ескерткіштер орнатылуда, және де сыртқы жарықтандыру желілерінің бағандары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Аталған жұмыстар Қарағайлы шағынауданының тұрғындарының қауіпсіздігіне үлесін қосты.Сондай-ақ «ЛМ Транспроект» мердігер ұйымының күшімен қазіргі уақытта көріктендіру жұмыстары бойынша жоба дайындалуда.

Аудан шекарасында тұрақты түрде санитарлы тазалау жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстарға қатты – тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізетін 5 мердігер ұйым , көше тазалығын жүргізетін 3 мердігер ұйым және арық жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізетін 1 мердігер ұйым жұмылдырылған. Жыл сайын аталған жұмыстарға 500 млн. теңге қаражат бөлінеді, және де ауданның экологиялық инспекция қызметі мен ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы әкімшілік құқық бұзушылық бабымен 12 309 955 теңге көлемінде 850 хаттама толтырылған.

Ауданның санитарлы ахуалын ескере отырып, өткен жылға қорытынды жасауды жөн көріп отырмын. Жалпы алғанда қыс мезгілінде аталған мердігер ұйымдардың күшімен 50 мың м3 қар шығарылып, жаз мезгілінде өткізілген жалпықалалық,апта сайын өткізілетін желілік сенбіліктерді есепке алатын болсақ, 180 мың м3 қоқыс шығарылған.

Қаңғыбас иттерді аулау мәселесіне келетін болсақ, үш жылдың ішінде ауданымызда 887 иттің қабуы тіркелген.Күнделікті ауданда ит аулау жұмыстары жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 7000 қаңғыбас ит ауланған.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений