Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ТҚШ
Барлық жаңалықтар
2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі

1. «ТКШ жаңғырту 2020 бағдарламасының іске асырылуы»

«ТКШ жаңғырту 2020 бағдарламасы» іске асыруда Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының жұмыстың шығыны бойынша есебіне сәйкес бағдарламаға қатысуға 5 көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары келісім берді:

-         Қалқаман ш/а, №13 үй – жеделсатының жөндеу жұмыстары, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі 2 тоқсанға жоспарланған;

-         Қалқаман ш/а, №8 үй – шатырдың жөндеу жұмыстары;

-         Таусамалы ш/а, Молдағұлов көшесі, №28 үй – шатырдың жөндеу жұмыстары;

-         Таусамалы ш/а, Молдағұлова көшесі, №28 «Г» – шатырдың жөндеу жұмыстары;

-         Қалқаман ш/а, №10 және №10А үйлер – үйдің ішкі бөліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 2.2017-2018 жж. жылыту маусымының өтуі

Наурызбай ауданы аумағында көп қабатты тұрғын үйлер саны 172, оның ішінде 64 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған, 65 тұрғын үй автономды қазандықтармен, қалған 43 тұрғын үй газ және электр пештері арқылы жылытылады.

2017-2018 жж. жылыту маусымына орталық жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлер дайындық актілерін уақытылы алды.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес, 2017-2018 жж. жылыту маусымы ағымдағы жылдың 13 қазанында басталып, аудандағы барлық нысандар уақытылы жылу жүйесіне қосылды. Білім беру, денсаулық сақтау нысандарын және көп қабатты тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету тұрақты бақылауға алынған.

 3.Аула аумақтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

 Ағымдағы жылы «Көріктендіру және көгалдандыру» бағдарламасының аясында 6 аула аралық аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі: Қалқаман ш/а, №8 үйдің ауласы; Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, №4,11,11а үйлердің ауласы; Рахат ш/а, Абай көшесі, №1,2 үйлердің ауласы. Аула аумақтарына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылдың 8 қаңтарында конкурс жарияланып, конкурс шешімі 24 қаңтарда белгілі болды. Құрылыс жұмыстарын «Tolagai-2050» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастау үшін кедергі келтіріп тұрған шатырларды, көлікжайларды және қоршауларды бұзу жұмыстары аяқталды. Барлығы 380 м қоршау, 22 көлікжай және 17 шатыр алынып тасталды. Жерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 4.Электрмен қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Алатау жарық компаниясы» АҚ №3-ЭТА бөлімімен 10/0,4 кВ әуе электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: Ф.8-127, Ф-9-127 электрмен жабдықталған № 3412, 3413, 3600, 3504, 3309, 3417 трансформатор қондырғыларына, 4,48 км электр сымдарына кедергі келтіріп тұрған ағаш бұтақтарын қырқу, тазалау жұмыстары жүргізілді, 12 дана электр бағандары түзетілді, ВЛ-0,4 кВ электр сымдары тартылды және 7,9 км аралап тексерілді, жазулар жаңартылды.

 5.Қалқаман-1,2,3 шағынауданындағы су және кәріз құбырының құрылыс жұмыстары

Қазіргі уақытта «Қалқаман-1,2,3» су және кәріз құбырына қосылу 90% дайын, тек Қосынов, Лапина, Ақтамберды жырау, Ашимов көшелерінде (Байзақ Батыр көшесінен бастап, Құлыбеков көшесіне дейін) су құбыр жүйелерінің кысымын тексеру және сүзу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар есептеу құралдары толығымен орнатылмаған себебі құрылыс жұмыстарын орындаған «Комстроймонтаж» ЖШС мердігер мекемесі «Акваметр» ЖШС-мен жасалған келісім шарт талаптары орындалмауынан болып отыр. .

   Сондай-ақ кәріз жүйесін іске қосу және пайдалануға беру Қалқаман және Алты-Алаш шағынаудандарында 85% дайын. Сағатов, Симашко, Жақаев Құлыбеков көшесі (Аспандияров және Смаилов көшесінің арасындағы), Қыдырбеков көшесі кіші Райымбек көшесімен қиылысындағы құдықтар топырақпен жабылғандықтан іске қосу мүмкін болмай отыр.

   Қазіргі уақытта «Бастау» КММ су және кәріз қызметтеріне тұтынушылармен жеке келісім шартқа отыру бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, аудандық су пайдалану апаттық бөлімінің күшімен 1 тоқсан бойынша су құбырында орын алған 149 апаттық жағдай қалыпқа келтірілді, 73 дана су құбырының қақпағы ауыстырылды, 114 ш.м су құбыры жөндеуден өтті.

3689 км кәріз құдықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді, 4 дана кәріз құдығы жөндеуден өтті.

Қалқаман және Алты-Алаш шағынаудандарында орнатылған есептеуіш құралдары:

Тіркелген өтінім саны

Рәсімделген өтінімдер саны

«Бастау» КММ орнатылған жеке есептеу құралдарының саны

Мердігер мекеме күшімен орнатылған есептеу құралдары

3755

3719

3506

322

 Коммуналдық қызмет қарыздары бойынша жұмыстар

2018 жылдың 1 тоқсанына аудан бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі - 9 769,769,4 (26,4%) млн.тг.

«АлТС» ЖШС (жеке тұлға) көрсеткіші бойынша қарыздың өсуі 421 891 (5,9%) млн. тг;

«Алматы Энерго Сбыт» ЖШС көрсеткіші бойынша қарыздың өсуі (жеке және заңды тұлға) 10 538 491,8 (126,5%) млн.тг;

«Алматы Су» КММ көрсеткіші бойынша қарыздың төмендеуі (жеке және заңды тұлғалар) 23 790 871,9 (78,9%) млн.тг;

«КазТрансГаз Аймак» АҚ көрсеткіші бойынша қарыздың төмендеуі (жеке және заңды тұлғалар) 14 853 822,7 (63,8%) млн.тг.

Қарыз көлемінің төмендеуі 1 тоқсанға - 27 684 311,8 (10,3%) млн.тг құрап отыр.

Жылдың басынан коммуналдық қарызды төмендету бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

- «АлТС» ЖШС – қызмет көзінен ажыратылған тұтынушылар саны 23, оның ішінде 22 жеке тұлға, 1 – заңды тұлға; сотқа берілген істің саны 222 жеке тұлға.

- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өшірілген тұтынушылар саны 113, оның ішінде 101 жеке тұлға, 12 заңды тұлға; сотқа жіберлген істер саны 12 жеке тұлға;

- «Алматы Су» КММ өшірілген тұтынушылар саны 1628, оның ішінде 1031 жеке тұлға, 597 заңды тұлға; сотқа жіберліген істер саны 160, оның 142 жеке тұлға, 18 заңды тұлға;

- «КазТрансГаз Аймак» АҚ өшірілген тұтынуыш саны 78 жеке тұлға, сотқа жіберіген істер саны 126, оның 115 жеке тұлға, 11 заңды тұлға.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений