Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ТҚШ
Барлық жаңалықтар
Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі

 

Тұрғын үй қорын ПИК есебінен жөндеу

Ағымдағы жылы ПИК есебінен тұрғын үйлерге келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

-   Кіре беріс бөліктерді жөндеу жұмыстары 14 үйге жүргізілді – Шұғыла ш/а, Жуалы көшесі, №8,11,15,17,20 үйлер; Мұстафин көшесі, №54/18, 54/7, 54/1 үйлер; Молдағұлова көшесі, №28в; Қалқаман ш/а, №1а, 7, 6 үйлер;Қалқаман-2 ш/а, №24; Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, №2;

-         Күн қағардың жөндеу жұмыстары 12 үйге жүргізілді – Шұғыла ш/а, Жуалы көшесі, №8,15,17,20 үйлер; Қалқаман ш/а, №1, 1А, 3, 7, 11 үйлер; Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, №2, 8, 13 үйлер.

-         Баспалдақ пен сырғыманың жөндеу жұмыстары 6 үйде жүргізілді – Шұғыла ш/а, Жуалы көшесі, №4,8,15,17,20,56 үйлер;

-         Инженерлік жүелердің жөндеу жұмыстары (жылу, су және кәріз құбырлары) 7 үйде жүргізілді – Қалқаман ш/а, №2, 8, 10 үйлер, Жансүгіров көшесі, №33, 33 А үйлер, Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, №3, 6.

-         3 үйдің қабырғасына жөндеу жұмыстары жүргізілді - Қалқаман-2 ш/а, №22, 24, 25;

-         6 үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді – Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, №1, 2, 3, 5, Таусамалы ш/а, Молдағұлова көшесі, №28 А, 28 В.

 2017-2018 жж. жылыту маусымы

Наурызбай ауданы аумағында көп қабатты тұрғын үйлер саны 172, оның ішінде 64 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған, 65 тұрғын үй автономды қазандықтармен, қалған 43 тұрғын үй газ және электр пештері арқылы жылытылады.

2017-2018 жж. жылыту маусымына орталық жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлер дайындық актілерін уақытылы алды.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес, 2017-2018 жж. жылыту маусымы ағымдағы жылдың 13 қазанында басталып, аудандағы барлық нысандар уақытылы жылу жүйесіне қосылды. Білім беру, денсаулық сақтау нысандарын және көп қабатты тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету тұрақты бақылауға алынған.

 17 аула аумағындағы күрделі жөндеу жұмыстары

2017 жылы 17 аула аралық аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары асфальт төсенішінің тозығы жеткен, кіші сәулет пішіндері мен жарық бағандары жоқ аулаларға қарастырылды.

Барлық балалар алаңыда жалпы көлемі 3357,0 м2 резинобитумды жабынды, 10129,0 м2 көлемде асфальтты бетон жабындысы төселді, сонымен қатар жобаға сәйкес 46 қоқыс жәшігі, 76 орындық, 12 құм салғыш, 11 балалар ойын кешені, 22 әткеншек, 10 гимнастикалық ойын кешені, 102 дана жарық бағаны орнатылды.

Балалар мен жасөспірімдердің белсенді демалысы үшін 17 аулаға 3 баскетбол және волейбол алаңдары орнатылды.

Конкурстық шешім бойынша құрылыс жұмыстары 2 лотқа бөлінді, бірінші лот бойынша 10 аула, екінші лот бойынша 7 аула салынып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Алдағы 2018 жылы бұл жұмыстар жалғасады, жоспарға сәйкес 6 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 Электрмен қамтамасыз ету

Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету барысында жаңадан салынған Ақжар подстанциясының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталып, екінші кезеңді іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Электр желілерінің ұзындығы 12,022 км, қаражат көлемі 5 миллиард 791 млн теңге. Бұл жоба Алматы қаласының батыс бөлігін түгелімен электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.

«Милора» ЖШС мердігерлік мекемесінің күшімен Ақжар және Таусамалы шағынаудандарын қамтамасыз ететін ВЛ-0,4 кВ №3102 және №3412 трансформатор қондырғыларына қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Мердігердлік жолмен 79 баған СВ-95 маркалы темір-бетонды бағандармен ауыстырылды. Сонымен қтар, ұзындығы 15,2 км электр сымдары, ажыратқыш және қорғағыш бөліктер ауыстырылды. СИП 2×16 бір фазалық 91 үйді қамтитын 4,09 км, СИП 4×16 үш фазалық 44 үйді қамтитын 1,98 км электр сымдары ауыстырылды. Жалпы ағымдағы жылы 10 трнасформатор қондырғысы күрделі жөндеуден, 32 трансформатор қондырғысы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

 Қалқаман-1,2,3 шағынауданындағы су және кәріз құбырының құрылыс жұмыстары

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен Қалқаман-1,2,3 және Алты-Алаш шағынаудандарында инженерлік жүйелерді дамыту бойынша су және кәріз құбырының құрылыс жұмыстары барлығы 72 көшені қамти отырып, жүргізілді. Қазіргі уақытта 123 км су құбыры және 80 км кәріз құбырының құрылыс жұмыстары аяқталып, инженерлік жүйелерге қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде 90% дайын, тек Қосынов, Лапина, Ақтамберды жырау, Ашимов көшелерінде (Байзақ Батыр көшесінен бастап, Құлыбеков көшесіне дейін) су құбыр жүйелерінің кысымын тексеру және сүзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ кәріз жүйесін іске қосу және пайдалануға беру Қалқаман және Алты-Алаш шағынаудандарында 85% дайын. Сағатов, Симашко, Жақаев Құлыбеков көшесі (Аспандияров және Смаилов көшесінің арасындағы), Қыдырбеков көшесі кіші Райымбек көшесімен қиылысындағы құдықтар топырақпен жабылғандықтан іске қосу мүмкін болмай отыр.

Қазіргі уақытта «Бастау» КММ су және кәріз қызметтеріне тұтынушылармен жеке келісім шартқа отыру бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіп жатыр.

 Қалқаман и Алты-Алаш шағынаудандарында орнатылған есептеуіш құралдары:

Тіркелген өтінім саны

Рәсімделген өтінімдер саны

«Бастау» КММ орнатылған жеке есептеу құралдарының саны

Мердігер мекеме күшімен орнатылған есептеу құралдары

3705

3547

3179

322

Сонымен қатар, аудандық «Алматы су» қызмет көрсетуші бөліммен ағымдағы жылда 274 апаттық жағдай қалыпқа келтірілді.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений