Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Білім
Барлық жаңалықтар
Ата-аналардың назарына ақпарат!

Ата-аналардың назарына ақпарат!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы №1335 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әкімшілік-мекеме бағдарламалардың мәселелері» атты Қаулысына және Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтарындағы №59 шешіміне сәйкес, коррекциялық және шипажайлық балалар мекемелерінен басқалары мемлекеттік тапсырысты орындау үшін коммуналдық қазыналық кәсіпорын мәртебесіне ие болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысына сәйкес білім беру тапсырысы мектепке дейінгі дайындық ретінде 5 жастан бастап қарастырылған. Бюджеттен 5 жасар балалар тобы ғана қаржыландырылады.

2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған топтар ата-аналардың төлемақысы бойынша қаржыландырылады. Алматы қаласы білім Басқармасының 2007 жылғы 16 қарашасындағы № 475 бұйрығына сәйкес, бала бақшалардағы балаларға төлейтін ақы 15-еселі айлық есеп көрсеткіштен аспай, орташа 27 780 теңгені құрайды. Бұл төлем тамаққа, коммуналдық қызмет көрсетуге, осы топтарға қызмет көрсететін педагогтар мен басқа да жұмысшылардың жалақысына, әлеуметтік аударылымдарға, демалыс  төлемдері мен материалдық базаны нығайтуға жұмсалады.

Балалар бала бақшаға бармаған күндері, тек тамаққа төлем алынбайды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 Қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншік білім беру ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс орын алған және ата-аналардың бала бақшалардағы балаларына төлейтін ақы 15-еселі айлық есеп көрсеткіштен аспайды. Ауданда мемлекеттік тапсырыс бойынша балаларды қабылдайтын жеке меншік бала бақшалар да бар.

Бала бақша кезегіне қалай тұрады

Сізге, Алматы қаласы Наурызбай ауданы Акжар ықшамауданы Егінсу көшесі, 33 үйде («Арзан» сауда орталығы) орналасқан ХҚКО барып кезекке тұруыңыз керек.

Бала-бақшаға кезекке тұру үшін келесі құжаттар қажет:

1. Баланың туу туралы куәлігі.

2. Азаматтарды тіркеу кітапшасы (тұрғылықты жерде тіркеу кітапшасы немесе мекен-жай анықтамасы)

3. Ата-аналардың біреуінің жеке куәлігі.

Өтініште тек бір бала-бақша атауын көрсету қажет.

Құжаттарды қабылдау күндері:

Күнделікті сағ.9.00-18.00 дейін, сенбі күні сағ. 9.00-13.00. Жексенбі - демалыс

Егер Сіздің балаңыз білім бөлімінде тіркелген болса, Қалқаман ы/а, Мақатаев көш. 47, № 176 мектеп-гимназия ғимаратында (телефоны: 385-32-36, 338-62-34) орналасқан аудандық білім бөліміне барып, бала бақшаға жолдама аласыз. Қабылдау күндері: сәрсенбі - сағат 09.00-ден сағат 12.00-ге дейін, жұма - сағат 09.00-ден сағат 12.00-ге дейін. Қажетті құжаттар: баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі, кезекте тұрған хабарлама қағазы.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений