Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Құқық / Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін
ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):

1) ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі - КТІ УПИ) қызметін ұйымдастыру тәртібін;

2) білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтар   профилактикасын ұйымдастыруды;

3) аумақтық ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) бөлінісін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерінің жұмысын ұйымдастыруды;

4) кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыруды;

5) КТІ УПИ-дің ІІО қызметтерімен кәмелетке толмағандар арсындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

2. КТІ УПИ және білім беру ұйымдарына бекітілген КТІ УПИ аумақтық ІІО-ның кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі өкілдері болып табылады, олар өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайды.

3. Әкімшілік учаске – ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) бастығының бұйрығымен КТІ УПИ бекітілетін қалалық немесе ауылдық жердің аумағы. Әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін ЖПҚ бастығы айқындайды.

Көліктегі ІІО-да әкімшілік учаскенің шекаралары көлік объектілеріне тікелей жақын жерде орналасқан станциялардың, аялдама пункттерінің, елді-мекендердің және тұрғын алаптарының санына, жолаушылар және жүк тасымалдарының қарқындылығына байланысты белгіленеді және көліктегі ІІО бастығының бұйрығымен бекітіледі.

4. Әкімшілік учаскеге ЖПҚ (көліктегі ІІО) бастығының бұйрығымен реттік нөмір тағайындалады. Жаңадан тағайындалған КТІ УПИ әкімшілік учаскені қабылдауы ЖПҚ (көліктегі ІІО) бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау мен тапсыру фактісі туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортында тиісті жазба жүргізіледі.

5. КТІ УПИ білім беру ұйымына ЖПҚ бастығының бұйрығымен бекітіледі.

Білім беру ұйымында оқытудың бірауысымдық режимінде немесе оқушылар саны бір мыңнан астам болған кезде, білім беру ұйымының аумағына жақын орналасқан әкімшілік учаскеге білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ-ді бекітуге жол беріледі. Бұл ретте әкімшілік учаскеде тұратын кәмелетке толмағандардың саны бір мыңнан аспайды.

6. КТІ УПИ қызметте ұзақ уақыт болмаған кезеңде (30 жұмыс күнінен астам) әкімшілік учаскеге (білім беру ұйымына) ЖПҚ бастығының бұйрығы негізінде әкімшілік учаскеге іргелес орналасқан КТІ УПИ қызмет көрсетеді.

7. КТІ УПИ ІІО учаскелік полиция пункттерінің кабинеттеріне орналасады, ал білім беру ұйымдарына бекітілген КТІ УПИ білім беру ұйымы ұсынатын білім беру ұйымдарының кабинеттеріне орналастырылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністер бір ғимаратта не ІІО әкімшілік ғимаратына тікелей жақын орналасқан, телефон және радио байланыспен қамтамасыз етілген, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларда орналасады.

2. КТІБ УПИ жұмысын ұйымдастыру тәртібі

8. Білім беру ұйымдарына бекітілген КТІ УПИ-ға және КТІ УПИ-ға жалпы басшылықты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністің (бұдан әрі – КТІБ) бастығы жүзеге асырады, ол әкімшілік учаскеге бекітілмейді. Көрсетілген лауазым жоқ және КТІБ УПИ саны 7 бірліктен аспайтын ІІО-да КТІБ аға учаскелік инспекторы да әкімшілік учаскеге бекітілмейді.

9. КТІ УПИ өзінің жұмысын КТІБ жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралар, ЖПҚ басшылығынан алынған тапсырмалар туралы жұмыс дәптеріне күн сайын жазба жүргізеді.

КТІ УПИ және білім беру ұйымдарына бекітілген УПИ әр айдың қорытындысы бойынша 1 күніне атқарылған жұмыс туралы анықтаманы толтырады, ол жинақтау үшін КТІБ бастығына (аға инспекторына) ұсынылады.

10. КТІ УПИ:

1) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

2) құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды немесе заңды өкілдерін анықтайды және оларды профилактикалық есепке және бақылауға қояды;

3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

4) учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтар профилактикасына, жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздық пен панасыз қалуға байланысты мәселелер бойынша тұрғындармен кездесуге қатысады;

5) арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын  білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне қатысты ата-аналық құқығынан айыруға не шектеу қоюға арналған материалдарды дайындауға қатысады;

6) жазаларға және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмір сүру салтын және мінез-құлқын бақылауды  қамтамасыз етуде пробация қызметіне көмек көрсетеді;

7) ЖПҚ бастығы бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. Азаматтарды қабылдауды есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды қабылдауды есепке алу журналында жүргізіледі;

8) ІІО үшін қызығушылық тудыратын адамдар және фактілер туралы маңызды ақпараттар жинақтауды жүзеге асырады, бұл туралы баянатпен ІІО басшылығын немесе ІІО тиісті бөліністерін дереу ақпараттандырады. Басшылықтың бұрыштамасы бар баянаттың көшірмесі және олар бойынша тексеру нәтижелері жинақтау ісінде тігіледі.

9) азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғайды;

10) құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан, оқиғалардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ көмекке мұқтаж не олардың өміріне және денсаулығына қауіпті өзге де жай-күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетеді;

11) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтайды және жолын кеседі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;

12) адамның қадір-қасиетін және қоғамдық өнегені қорлайтын мас күйде қоғамдық орындарда жүрген ата-ананы немесе заңды өкілдерді немесе кәмелетке толмағанды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткізеді;

13) үш жастан он сегіз жасқа дейін қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-ананың немесе заңды өкілдердің қамқорлығынсыз қалған балаларды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) жеткізеді;

14) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстайды;

15) қылмыстық теріс қылықтар бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асырады;

16) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, осы талаптар орындалмаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолданады;

17) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді;

18) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін ІІО-ға шақыруға, олардан түсініктемелер және айғақтар, құжаттар, олардың көшірмелерін алады, ол келмеген жағдайда, белгіленген тәртіпте еріксіз келтіртеді;

19) жеке және заңды тұлғаларға орындау үшін міндетті ұйғарымдар, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар шығарады;

20) материалдық шығын келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте өтей отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адамдардың ізіне түсу, төтенше немесе әскери жағдайдың әрекет етуі кезінде, әскери қақтығыс жағдайларында, төтенше жағдайларды жою кезінде оқиға орнына бару, егер уақытты созу адамдардың өмірі мен денсаулығына шынайы қатер тудыратын болса, медициналық ұйымдарға шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) пайдаланады;

21) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілерін және ІІО қызметкерлерінің іс-қимылын тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;

22) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды ІІО-ға жеткізеді;

23) қару-жарақты, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекусорларды, сондай-ақ тыйым салынған өзге де заттарды алады;

24) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауда күдіктілерді, жеке тұлғаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін не онда әкімшілік және құқық бұзушылық жасалғандығы немесе жасалып жатқандығы, жазатайым жағдай орын алғандығы, дүлей зілзалалар, апаттар, эпидемия, эпизоотия және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке тұлғалардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті деректер болған кезде тұрғын үй мен өзге де үй-жайларға, аумаққа және жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) кедергісіз кіреді;

25) егер олардың болуы баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, жеке тұлғалардың баспаналарға кіруге немесе онда болуға шектеу қояды, уақытша тыйым салады;

26) профилактикалық есепте тұратын адамдарды криминалистикалық есепке қою үшін ІІО-ға жеткізеді, суретке түсіреді, дактилоскопиядан өткізеді, дыбыс, кино-бейне түсірілім жүргізеді;

27) КТІБ қызметін жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартады;

28) жекелеген деректерді жинақтауды және өңдеуді жүзеге асырады;

29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

11. Көліктегі КТІ УПИ осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарымен қатар:

1) өз бетімен отбасынан, білім беру ұйымдарынан кетіп қалған балаларды анықтайды және оларды ата-аналарына тапсырады не бұл туралы үш жұмыс күні ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша КТІБ-ні ақпараттандыра отырып, КТБО-ға жібереді;

2) көлік объектілерінде балалардың жарақаттануын, поездардың қауіпсіз қозғалысына қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді;

3) көлік объектілеріне іргелес елді мекендерде тұратын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыруда ІІО-ға көмек көрсетеді.

Көлік объектілерінде кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оларды тұрғылықты жерлері бойынша ІІО есебіне қою үшін үш жұмыс күні ішінде аумақтық КТІБ-ге хабарлайды.

12. КТІ УПИ және білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығына және қараусыздығына байланысты емес міндеттерді орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.

13. КТІБ жұмысының қортындыларын ай сайын КТІБ бастығы (аға инспекторы), тоқсан сайын ЖПҚ, көліктегі ІІО бастығы немесе оның орынбасарлары қарайды.

14. ЖПҚ, көліктегі ІІО бастығы немесе оның орынбасарлары тоқсанына бір реттен кем емес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністердің жұмысын тексеру нәтижелерін есепке алу журналына жазуды жүзеге асыра отырып, КТІБ жұмысының ұйымдастырылуын тексереді.

3. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық
бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру

15. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ жұмысы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасасуда және білім беру ұйымының басшысы мен ЖПҚ бастығының орынбасары бекіткен әр оқу тоқсанына құрылған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылады.

Бірлескен жұмыс жоспарында білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру, рейдттік іс-шаралар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған, оның ішінде каникул кезеңінде өзге де іс-шаралар өткізу қамтылады.

16. Әр оқу тоқсанының қорытындысы бойынша білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі, сондай-ақ білім беру ұйымында білім алушылар арасындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша білім беру ұйымының басшылығы үшін ұсыныстары бар білім беру ұйымында құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған нақты іс-шаралар туралы анықтама еркін түрде жазылады.

17. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ЖПҚ мен білім беру ұйымы басшылығының қатысуымен, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыра отырып, білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ мен білім беру ұйымының бірлескен жұмысының нәтижелері қаралады.

18. Білім алушылар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезде білім беру ұйымының Профилактика жөніндегі кеңесінің отырысын өткізуге дереу бастамашылық етеді. Отырыстың нәтижелері бойынша заңнамада көзделген ден қоюдың тиісті шаралары әзірленеді.

19. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мақсатында КТІ УПИ:

1) білім алушылармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, олардың тұрғылықты жеріне барады;

2) білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп, білім алушылардың заңға бағынушылығын қалыптастыруға бағытталған құқықтық насихат, ақпараттық-ағарту жұмысы бойынша іс-шаралар өткізеді;

3) оқу орнының педагогикалық ұжымын тарта отырып, білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады;

4) каникул кезеңінде білім беру мекемелері білім алушыларының демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға қатысады;

5) білім алушылар арасындағы қадағалаусыздықтың, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу мәселелерінде білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымына ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсетеді;

6) білім беру мекемесінің аумағында бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ білім алушылардың қатысуымен білім беру ұйымынан тыс жерлерде іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

7) құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасайтын, алкогольдік ішімдіктерді, психотроптық және есеңгірететін заттарды пайдаланатын білім алушыларды анықтайды, бұл туралы білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлайды.

8) балаларға қарау, оларды тәрбиелеу, оқыту бойынша міндеттерін орындамайтын, балаларға қатігездікпен қарайтын немесе оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын ата-аналарды немесе заңды өкілдерді анықтайды;

9) білім беру ұйымдары білім алушыларының қадағалаусыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;

10) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе қарау бойынша міндеттерді орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің, сондай-ақ ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеуге қатысады;

11) арнайы білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше режимде ұстайтын оқу орындарына жіберу үшін оқудан қасақана жалтырған, қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа жетпей, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандарға материалдарды сотқа немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға дайындайды;

12) өздерінің балаларын тәрбиелеу, қарау және оқыту бойынша міндеттерін орындамайтын немесе тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты материалдарды жинақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдау бойынша ата-ана құқығынан айыруға не шектеуге сотқа өтініш дайындау үшін көмек көрсетеді;

13) білім беру ұйымдарында соттың және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырыстарын өткізуге көмек көрсетеді;

14) құқық қорғау бағытындағы балалар қозғалысының жұмысына көмек көрсетеді.

20. Білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ, ол болмаған жағдайда КТІ УПИ білім беру ұйымына бақылау істерін жүргізеді. Бақылау ісі білім беру ұйымында не КТІ УПИ-дің қызметтік кабинетінде сақталады.

Бақылау ісі екі бөлімнен тұрады.

Бақылау ісінің бірінші бөлімі мынандай мәліметерді қамтиды:

білім алушылардың тізімі (тегін, аты-жөнін, сыныбын, үйінің мекенжайын, байланыс телефонын, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің деректерін көрсете отырып);

білім беру ұйымы қызметкерлерінің тізімі (тегін, аты-жөнін, лауазымын, мекенжайын, байланыс телефондарын көрсете отырып);

кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің тізімі;

мектепішілік есепте және ІІО есебінде тұрған білім алушылардың тізімі;

профилактикалық әңгімелесу жүргізудің нәтижелері, мінездемелер, кәмелетке толмағандардың сабаққа қатысуын, бос уақытын, есепке алу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актілері және білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыстың материалдары.

Бақылау ісінің екінші бөлімінде:

бірлескен іс-шаралар жоспарлары;

білім беру ұйымдарының Профилактика жөніндегі кеңесі отырыстарының материалдарының көшірмелері;

бірлескен жұмыстың нәтижелері бойынша анықтамалар;

құқықтық тақырыптарға дәріс материалдары.

21. Білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ қажеттілік болған кезде, білім беру ұйымында есепке алынған адамның мінез-құлқындағы өзгерістері туралы КТІ УПИ-ға хабарлайды, ақпараттың көшірмесі білім беру ұйымының бақылау ісіне тігіледі.

4. Аумақтық ІІО КТІБ жұмысын ұйымдастыру

22. Аумақтық ІІО КТІБ КТІ УПИ және білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.

23. Аумақтық ІІО КТІБ-ға:

1) кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар бойынша жиынтық ақпараттарды күн сайын талдау жүргізу, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;

2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының жай-күйіне, құрылымы мен динамикасына ай сайын талдау жүргізу;

3) кәмелетке толмағандар арасындағы жедел ахуалды талдауды ескере отырып, КТІБ жұмыс жоспарын тоқсан сайын жасау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын, КТІБ қызметінің нәтижелері туралы есептің дайындалуын бақылау жүктеледі.

КТІБ жұмыс жоспарында орындалу мерзімін және аяқталу нысанын көрсете отырып:

кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларда, ІІД, КІІД жоспарларында, нұсқауларында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алқасы шешімдерінде (бұдан әрі – ІІМ) жоспарланған;

кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыздықты және панасыз қалушылықты анықтау және жолын кесу бойынша;

девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерді орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;

кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;

білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;

КТІ УПИ кәсіби даярлығын арттыру бойынша;

кәмелетке толмағандардар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған өзге де іс-шаралар көрсетіледі.

4) балаларды тәрбиелеу, оқыту, құқықтарын, мүдделерін қорғаумен, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

5) жарты жылдың қорытындысы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, білім беру басқармасына (бөліміне) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалар қадағалаусыздығының және панасыз қалушылығының жай-күйі, қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша проблемалық мәселелер туралы ақпараттандыру;

6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалған оқиғаларды есепке алу журналын жүргізу;

7) ай сайын білім басқармасына (бөліміне) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған білім беру ұйымдары білім алушыларының тізімін жолдау;

8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық және өзге де іс-шаралар жүргізу;

9) ай сайын білім басқармасымен (бөлімімен) бірге білім беру ұйымдарына себепсіз бармайтын кәмелетке толмағандар бойынша салыстыра тексеру жүргізу;

10) ІІО-да ай сайын, ІІД-де тоқсан сайын криминалдық полиция, тергеу және анықтау, сондай-ақ тоқсан сайын ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты пробация, ақпараттық-аналитикалық қызметтермен салыстыра тексеру жүргізу;

11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО, ІІД, КІІД және басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен кеңестерде қарау үшін қажетті материалдар дайындау;

кәмелетке толмағандар жасаған не оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынымдар енгізу;

12) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыздығының және панасыздығының алдын алу бойынша жұмыстың оң тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және практикаға енгізу;

13) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

14) инспекторлық тексерістер жүргізуге, КТІ УПИ жұмысын зерделеу үшін ІІО бөліністеріне бақылау, кешенді тексерістер және өзге де шығулар жүргізуге, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын нақты орындауын қамтамасыз етуге қатысу;

15) кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.

Қызметтік тексерулерді ІІД ЖПҚ қызметкерлері және ІІД, КІІД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі – ӘПБ) кәмелетке толмағандар бандитизм, кісі өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау жасағанда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандар жасаған кезде жүргізеді.

Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, сондай-ақ суицид, жазатайым жағдай және олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар кезінде еркін түрде анықтама жасалады.

Қызметтік тексеру қорытындыларының көшірмелерін ЖПҚ, желілік ІІО, ІІД ЖПҚ-ға, КІІД ӘПБ-ға қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бір ай ішінде ұсынылады.

16) проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қадағалаусыздық профилактикасы бойынша жұмыс туралы баяндау жазбаларды жарты жылдықтың қорытындылары бойынша ІІД, КІІД ЖПҚ-ға
5 күніне, ал ІІД ЖПҚ және КІІД Әкімшілік полиция басқармасы Комитетке 10 күніне жолдайды.

5. Кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыру

24. Кәмелетке толмағандар ІІО жеткізілген кезде КТІ УПИ:

1) кәмелетке толмағанның жеке басын, оны сипаттайтын деректерді оның ата-анасын немесе заңды өкілдері туралы мәліметтерді, жасөспірімді тәрбиелеу жағдайларын, құқық бұзушылықты, оқиғаны жасаудың себептері мен жағдайларды анықтау және ІІО-ға жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу;

кәмелетке толмағанға теріс әсер ететін, оны құқық бұзушылық (алкогольдік ішімдіктер, есірткі заттарын және психтропты заттарды пайдалануға тыйым) жасауға тартатын адамдарды анықтау, кәмелетке толмағанға сатуға тыйым салынған заттарды сататын орындарды анықтау мақсатында кәмелетке толмағаннан жауап алады.

Жауап алу кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

2) ІІО ведомстволық есептері бойынша, қажет болған жағдайда психоневрологиялық не психиатриялық мекемелердің есептері бойынша тексереді;

3) кәмелетке толмағанның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас жағдайда екеніне жеткілікті негіздер болғанда оны медициналық куәландыруға жібереді;

4) сипатты дене жарақаттары не болмаса сырқат белгілері бар кәмелетке толмағандарды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

5) кәмелетке толмағанды ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру мүмкін болмаған жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды КТБО-ға орналастыру туралы қаулы шығарады.

25. Тастанды немесе адасып кеткен балаларға қатысты адасып кеткен (тастанды) балаларды жеткізу туралы акті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасалады.

Актінің бірінші данасы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ІІО ақпараттарды есепке алу кітабында тіркеледі, екіншісі КТБО-ға не өзге білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі және үшіншісі номенклатуралық іске тігіледі.

26. ІІО-ның қызмет көрсету аумағынан тыс тұратын кәмелетке толмағанды құқық бұзушылық жасағаны, қадағалаусыздығы және панасыздығы үшін жеткізген кезде КТІ УПИ кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға үш жұмыс күні ішінде осы туралы ақпарат жолдайды. Жолданған ақпарат туралы, шығыс нөмірлерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ІІО-ға жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналына жазба жүргізіледі. Жолданған ақпараттың көшірмесі жинақтау ісіне тігіледі.

27. Профилактикалық есеп және бақылау:

1) жазасын өтеуден шартты түрде мезгілінен бұрын босатылған;

2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын теріс қылықтар жасаған;

3) оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыпталушы немесе күдікті;

4) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талапттар белгілеу туралы шешім қабылданған;

5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған;

6) арнайы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне;

7) қорғау нұсқамасы шығарылған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады.

Сондай-ақ профилактикалық есепке алу және бақылау кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қолданылады.

Профилактикалық есепке қою кезінде профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандарды тіркеу журналына тіркеледі, ата-аналары және заңды өкілдері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері журналына тіркеледі.

28. Профилактикалық бақылау «Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9695 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Профилактикалық есепті жүргізу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикаланатын адамдар санатымен айқындалады.

29. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты жеке профилактика жүргізу тәртібі «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

30. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар санаты осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдарды есепке алу журналына тіркеледі, оларды ІІО-ға есепке қою үшін негіз болып табылатын материалдар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мына санаттар бойынша:

1) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталған, түзету жұмыстарына сотталған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың өзге түрлеріне сотталған, сондай-ақ жазасын өтеуі немесе сот үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кәмелетке толмағандар;

2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сот жазадан босатқан кәмелетке толмағандар;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақшалары немесе 36-бабы, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандар;

4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және адамның психикалық және дене функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер беретін өзге де күшті әсер ететін заттарды теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандар;

5) қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар;

6) дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандар;

7) бір жыл ішінде екі және одан көп рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар;

8) психикалық бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы артта қалуы салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық белгілерді қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;

9) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар тіркеледі.

31. Осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген әрбір адамға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдарға жинақтау ісі басталады.

32. Кәмелетке толмаған ІІО-ға бірнеше санат бойынша қойылуға жатқызылған жағдайларда, КТІ УПИ оларды есепке алуды анағұрлым маңызды санат бойынша жүзеге асырады. Санаттың маңыздылығы осы Қағидалардың 27 және 30-тармақтарының иерархияларына сәйкес айқындалады.

33. КТІ УПИ кәмелетке толмағанды ІІО есебіне қою және шығару туралы:

кәмелетке толмағанның ата-анасын немесе заңды өкілдерін;
кәмелетке толмағанның оқу және (немесе) жұмыс орны бойынша әкімшілікке үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Егер ІІО-да есепте тұрған адам қаланың (облыстың) басқа ауданына немесе басқа өңірге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, онда ол көшкеннен кейін үш жұмыс күні ішінде таңдаған тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға оның келгені туралы растауды алу үшін сұрау салу жолданады.

Сұрау салу жолданғаны туралы белгі осы Қағидалардың 27 және 30-тармақтарына сәйкес ІІО есебінде тұрған адамдарды тіркеу журналында және ІІМ Біріктірілген деректер банкінің (бұдан әрі - ІІМ БДБ) «Есептегі элемент» деректер базасына қойылады.

Адамның көрсетілген тұрғылықты жеріне келгені туралы растауды алғаннан кейін, тиісті ІІО-ға жүргізілген профилактикалық жұмыстың материалдары жолданады.

34. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында және 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 7) және  9)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды ІІО есебіне қойғаннан кейін үш тәулік ішінде, ІІО кеңсесі арқылы криминалдық полиция бөліністеріне жедел бақылауды қамтамасыз ету үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы баянаттың көшірмесі, шолу анықтама жолданады.

ІІО есебінен адамды шығару туралы ақпарат криминалдық полиция бөліністеріне тәулік ішінде жолданады.

35. ІІО-ға есепке қойылған және одан шығарылған адамдар туралы мәліметтер ІІМ БДБ-ға енгізіледі.

36. Растайтын материиалдар ұсынылғаннан кейін ІІО-ға есепке қою немесе есептен шығару туралы КТІ УПИ баянатына ЖПҚ бастығы немесе оның орынбасары бұрыштама қояды. Көрсетілген басшылар тоқсанына кемінде бір рет ІІО есептерін жүргізу тәртібін тексеруге, тексерушілер парағына жазба жазуға міндетті.

7. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар
профилактикасы мәселелері бойынша ІІО қызметтерімен
КТІ УПИ-дің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

37. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мақсатында КТІ УПИ криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есірткі бизнесіне қарсы күрес, тергеу (анықтау) және қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша КТІ УПИ көмек көрсету үшін:

1) криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес бөліністерімен бірлесіп:

кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға немесе қылмыстық қауымдастықтарға, радикалды діни ағымдарға, экстремистік және террористік топтарға кіретін кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға және (немесе) қылмыстық топқа, радикалды діни ағымдарға, экстремистік және террористік топтарға тартатын адамдарды анықтайды және оларға заңнамада көзделген ықпал ету шараларын қабылдайды;

қызмет көрсететін аймағында кәмелетке толмағандар, ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандар жиналатын орындарды жедел қамтуды қамтамасыз етеді;

кәмелетке толмағандарды қайта бағдарлау және бөлектеп жіберу бойынша шаралар қабылдайды, жасөспірімдерге бейресми көшбасшылар, оның ішінде қылмыстық тәжірибесі бар ересек адамдар тарапынан теріс әсер ету фактілерін анықтайды және жолын кеседі;

хабарсыз кеткен, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, жазасын өтеуден немесе тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен қашып кеткен немесе отбасынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалған кәмелетке толмағандарды іздестіруді жүзеге асырады;

кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізуге қатысады;

кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады.

2) тергеу (анықтау) бөліністері:

тергеушінің өндірісіндегі материалдар бойынша ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда үш тәулік ішінде КТІБ және пробация қызметіне хабарлайды, қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанның жинақтау (профилактикалық, бақылау) ісіндегі материалдардың көшірмесін сұратады;

ІІО есепке қою үшін КТІБ және криминалдық полиция бөлінісіне үш тәулік ішінде оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті кәмелетке толмағандар, ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған кәмелетке толмағандар туралы жазбаша түрде хабарлайды;

процестік шешім қабылданған сәттен бастап үш тәулік ішінде кәмелетке толмаған жасаған мына мәліметтерді қамтитын қылмыстық құқық бұзушылық туралы, ондағы:

1) істің фабуласы;

2) қылмыстық құқық бұзушылықты саралау;

3) бұлтартпау шарасы;

4) істі прокуратураға жіберген күні туралы мәліметті;

5) қылмыстық істі тергеу барысында кәмелетке толмағанға және оның мінез-құлқына қысқаша мінездемені қамтитын анықтаманы жолдайды.

кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтайды, осындай адамдарға қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды;

кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашуға маңызы бар қылмыстық істі тергеу барысында алынған мәліметтерді ІІО тиісті бөліністеріне уақтылы жолдайды;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істің толық, жан-жақты және обьективті тергелуін, оның барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтайды, меншік нысанына қарамастан тиісті ұйымдарға немесе лауазымды адамға оны жою туралы ұсынымның енгізілуін қамтамасыз етеді;

3) қылмыстық-атқару жүйесі бөліністері:

ай сайын КТІБ-ға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған, пробация қызметіне есепке қойылған және оның есебінен шығарылған кәмелетке толмағандар тізімін жолдайды;

кәмелетке толмаған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылғанға дейін күнтізбелік 20 күнтізбелік күн бұрын тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ға хабарлама жібереді.

4) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерімен бірлесіп:

кәмелетке толмағандардың есірткі заттарының, психтроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысуына қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүзеге асырады;

кәмелетке толмағандардың, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуге қатысады;

кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады.


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений