Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Мәдениет және спорт
Барлық жаңалықтар
2018 жылдың 1 тоқсанына арналған ЕСЕБІ

  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған ЕСЕБІ

 Мәдениет саласы бойынша:

22 ақпан күні «Нұр Отан» партиясымен бірлесе Н. Сац атындағы Орыс Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Наурызбай ауданының «Арай ардагерлер хорының» есептік концерті өткізілді.

Концертке Алматы қаласы алқасының төрағасы және аудандардың төрағалары мен ардагерлері құтты қонақ болды.

Концерттік бағдарлама бойынша 25-ке жуық халық, патриотық және эстрадалық әндер орындалды.

1 наурыз күні «1 наурыз – Алғыс айту күні» аясында №174 мектеп-гимназиясының акт залында салатанатты шара өтті.

         Шараның қонақтары үшін мән-маңызын бейнелейтін қойылымдар ұсыныла отырып, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

1 наурыз күні «1 наурыз – Алғыс айту күні» аясында мектеп оқушылары арасында «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты флешмоб өткізілді.

         Флешмобтың басты мақсаты –Қазақстандағы Алғыс айту күні аясында жастарды мәдени құндылығы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

6 наурыз күні 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай№176 мектеп-гимназиясының акт залында мерекелік шара өтті.

         Салтанатты жиын барысында аудан әкімі С.Т. Сайфеденов ауданның нәзік жандыларын төл мерекелерімен құттықтап барлық ер азаматтар атынан ыстық ықыласын жеткізді.

Құттықтау сөзден кейін ҚР Президентінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №623 Жарлығы бойынша 3 әйелді «Күміс алқа» төс белгісімен марапаттады.

         Сонымен қатар ауданымыздың батыр аналары мен еңбекқор аруларын, яғни білім, құқық қорғау, денсаулық, кәсіпкерлік және т.б. саласында белсенді қызмет атқарып келе жатқан нәзік жандыларды қажырлы еңбегі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына қосқан зор үлестері үшін «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

         Салтанатты шараның 2-ші кезеңінде ән-жыр мен би думанға ұласты. Аталмыш кеште «Дәстүр-шоу» би ансамблі, «Арай» ардагерлер хорының солисті Күнсұлу Ермаханова, Райым Уайыс, Ермек Мукашов, Құрманғазы атындағы №7 балалар музыка мектебінің «Шабыт» скрипкашылар ансамблі, Гүлзада Дүйсен, Бейсембаев Жанат, Әсет Есжан және «Заман» тобы өнер көрсетті.

21 наурыз күні Шұғыла шағынауданы Абай даңғылында «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мейрамы өтті.

         «Астананың 20 жылдық мерейтойына» орай 20 киіз үй тігіліп, 7000-ға жуық аудан тұрғындары мен қонақтары арнайы ақ дастарханнан дәм татып, қасиеті мол «Наурыз көже» ішіп, мәре-сәре болысты. Ұлыстың Ұлы күнінде ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасап бұқа тартыс, арқан тарсты, тымақ ұру және т.б ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйыдастырылды.

         Шара барысында аудан тұрғындары үшін 1 тонна Наурыз көже мен1 тонна бауырсақ тегін таратылды. 2 сахна құрылып, 100-ге жуық қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жас өрендер 8 сағаттық мерекелік көңіл-күй сыйлады.

         Тігілген киіз үйлер «Ең үздік киіз үй», «Ең үздік дастархан», «Ең үздік салт-дәстүр» номинациялар үшін жарысқа түсті. Ауданның зиялы қауым өкілдерінен арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша, тігілген киіз үйлер төмендегідей номинациялармен марапатталды.

1-орын – «Руханият ауылы» (аудан мектептері);

2-орын – «Ертегілер ауылы» (ауданның мектепке дейінгі білім мекемелері);

3-орын – «Кең дала ауылы» («Алматы» және «Алатау» қайырымдылық мекемелері);

1–орын – «Мұрагер ауылы» (ауданның мектепке дейінгі білім мекемелері);2–орын – «Әншілер ауылы» («Бәйтерек» мейрамханасы);

3–орын–«Атамекен ауылы» Сұлтан сарайы» мейрамханасы);

 1 – орын – «Күйшілер ауылы» (№7 қалалық клиникалық аурухана);

2– орын – «Нұрлы таң ауылы» (ауданның қалалық емханалары);

3–орын– «Жібек жолы ауылы» (ХҚКО, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы).

Барлық жеңімпаздарға аудан әкімінің бағалы сый-сияпаты, қонақкәделері құрметпен тарту етіліп, сыйланды.

Ұлыстың ұлы күніндегі Ұлылыққа толы іс-шарасы «Алматы» телеарнасында көрсетіліп, «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде және интернет сайттарында көлемді мақалалар жарияланды.

 Спорт саласы бойынша:

30 қаңтар күні "Астана қаласының 20 жылдық» мерейтойына орай №157 жалпы білім беретін мектебінде мектеп оқушылары арасында шаxмат және дойбы спорт түрінен жарыс өткізді.

Жарысқа 7 мектептен 60 оқушы қатысты.

Дойбы жарысы бойынша: 1 орынға №186 жалпы біліп беретін мектеп, 2 орынға №188 мектеп-гимназиясы, 3 орынға №157 жалпы білім беретін мектеп командасы ие болды.«Үздік ойыншы» номинациясын №187 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Эркинов Бунёд жеңіп алды.

Шахмат ойынының нәтижесі бойынша: 1 орынға №188 мектеп-гимназиясы, 2 орынға №187 жалпы білім беретін мектеп, 3 орынға №186 жалпы білім беретін мектеп командасы ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясы №188 мектеп-гимназиясының оқушысы Әсел Диханбаевға, ал «Үздік шабуылшы» номинациясы №188 мектеп-гимназиясының оқушысы Жәңгірхан Әлімжанұлына бұйырды.

31 қаңтар күні "Астана қаласының 20 жылдық» мерейтойына орай орай, №174 мектеп гиназиясының спорттық залында мектеп оқушылары арасында баскетболдан жарыс өткізді.

Аталмыш жарысқа 7 мектептен 60-қа жуық оқушылар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орынға №176 мектеп-гимназиясы,2 орынға №187 жалпы білім беретін мектеп, 3 орынға №174 мектеп-гимназия командасы ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясы №176 мектеп-гимназиясының оқушысы Габдулхаева Карина, «Үздік қорғаушы» номинациясын №187 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Хасанова Ясмин, «Үздік байланыстырушы» номинациясы №186 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Садыкова Адия және «Үздік шабуылшы» номинациясы №174 мектеп-гимназиясының оқушысы Байжұма Жанарға бұйырды.

10 ақпан күні №174 мектеп гиназиясының спорттық залында мектеп ұстаздары арасында волейболдан жарыс өткізді.

Аталмыш жарысқа ауданымыздын №157, 174, 176, 186, 187, 188, 192 білім мекемелері, №15 мектеп-интернаты және «Абылай-Т» жеке мектебінен80-ге жуық ұстаздар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында: 1 орынға №188 мектеп-гимназиясы, 2 орынға «Абылай-Т» жеке мектебі, 3 орынға №157 ЖББМ командасы ие болды.

«Үздік ойыншы» номинациясы №157 ЖББМ командасының ойыншысы Әділ Мұрат, «Үздік қорғаушы» номинациясын №174 мектеп-гимназиясының ойыншысы Оразымбек Жеңіс, «Үздік байланыстырушы» номинациясы «Абылай-Т» жеке мектебінің ойыншысы Абезов Темірлан және «Үздік шабуылшы» номинациясы №188 мектеп-гимназиясының ойыншысы Төреқұлов Бақытжанға бұйырды.

Қыздар арасында: 1 орынға №176 мектеп-гимназиясы, 2 орынға№187 ЖББМ, 3 орынға №157 ЖББМ командасы ие болды.

«Үздік ойыншы» номинациясы №186 ЖББМ командасының ойыншысы Сисенова Жанар, «Үздік қорғаушы» номинациясын №174 мектеп-гимназиясының ойыншысы Мұратжанқызы Гүлмина,«Үздік байланыстырушы» номинациясы №157 ЖБММ командасының ойыншысы Байтелиева Гүлнар және «Үздік шабуылшы» номинациясы №192 ЖББМ-нің ойыншысы Жолдыбай Жанарға бұйырды.

15 ақпан күні №186 жалпы білім беру мектебінің спорттық залында аудан ардагерлері арасында спартакиада өткізді.

Аталмыш жарысқа ауданымыздын 35 ардагерлері қатысты. Жарыс дойбы, тымақ ұру, дартс, үстел теннисі, себетке доп лақтыру және арқан тартыс спорт түрлерінен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша дойбыдан ерлер арасында: 1 орынға Байсейіт Еркінбек, 2 орынға Тұрысбек Амирхан, 3 орынға Абиласылов Ауезхан ие болды. Әйедер арасында: 1 орынға Раисова Гүлбаршын, 2 орынға Минеева Людмила, 3 орынға Амирбекова Алтыншаш ие болды.

Тымақ ұрудан ерлер арасында: 1 орынға Алимходжанов Серик,2 орынға Кауызбаев Сергей, 3 орынға Жумадилов Адильбек ие болды.Әйелдер арасында: 1 орынға Еламанова Райхан, 2 орынғаМинеева Людмила, 3 орынға Қосжанова Жұмабике ие болды.

Дартстан ерлер арасында: 1 орынға Кауызбаев Сергей, 2 орынға Кириенко Валентин, 3 орынға Абиласанов Ауезхан ие болды. Әйелдер арасында: 1 орынға Амирбекова Алтыншаш, 2 орынға Шаймухамедова Сания, 3 орынға Қосжанова Жұмабике ие болды.

Үстел теннисінен ерлер арасында: 1 орынға Байсейіт Еркінбек,2 орынға Жуасбек Тлеубол, 3 орынға Алимходжаев Серик ие болды. Әйелдер арасында: 1 орынға Қосжанова Жұмабике, 2 орынға Еламанова Райхан, 3 орынға Амирбекова Алтыншаш ие болды.

Себетке доп лақтырудан ерлер арасында: 1 орынға Қарай Әбіш,2 орынға Құдайбергенов Алмас, 3 орынға Кауызбаев Сергей ие болды. Әйелдер арасында: 1 орынға Еламанова Райхан,2 орынға Минеева Людмила, 3 орынға Шаймухамедова Сания ие болды.

Арқан тартыстан ерлер арасында: 1 орынға Еркінбек Байсейіт, 2 орынға Турысбеков Амирхан, 3 орынға Жумадилов Адильбек ие болды. Әйелдер арасында: 1 орынға Шаймухамедова Сания, 2 орынға Чимирова Рисван, 3 орынға Еламанова Райхан ие болды.

23 ақпан күні Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағының мұз айдынында мектеп оқушылары арасында конькиден жарыс өткізді.

Аталмыш жарысқа 6 мектептен 50 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша «Конькимен жүгіру» номинациясының ұлдар арасында: 1 орынға №188 мектеп-гимназиясының 8 «ә» сынып оқушысы Абдумәулен Нұрмұхамед, 2 орынға №192 ЖББМ-нің 8 «ә» сынып оқушысы Мамышов Дидар, 3 орынға №186 ЖББМ-нің 9 «в» сынып оқушысы Боровков Алишер ие болды. Қыздар арасында: 1 орынға №186 ЖББМ-нің8 «г» сынып оқушысы Ахметова Камила, 2 орынға№192 ЖББМ-нің 7 «б» сынып оқушысы Махмутова Назгум, 3 орынға№188 мектеп-гимназиясының 9 «ә» сынып оқушысы Ерланқызы Аружан ие болды.

«Мәнерлеп сырғанау» номинациясының ұлдар арасында: 1 орынға №188 мектеп-гимназиясының 5 «б» сынып оқушысы Сагин Манас, 2 орынға №188 мектеп-гимназиясының 8 «в» сынып оқушысы Қайратұлы Ұлан,3 орынға №188 мектеп-гимназиясының 9 «а» сынып оқушысыМаймаков Қуаныш ие болды. Қыздар арасында: 1 орынға №186 ЖББМ-нің8 «г» сынып оқушысы Ахметова Камила, 2 орынға №192 ЖББМ-нің7 «б» сынып оқушысы Махмутова Назгум, 3 орынға№188 мектеп-гимназиясының 10 «б» сынып оқушысы Муратова Ақнұрие болды.

3 наурыз күні 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай№187 жалпы білім беретін мектебінің спорттық залында медицина мен білім мекемелерінің әйел қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізді.

Аталмыш жарысқа ауданымыздын №157, №174, №176, №186, №187, №188, №192 білім мекемелері мен №7 қалалық клиникалық аурухана мен №26 қалалық емхананың қызметкерлері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орынға№192 ЖББМ, 2 орынға №176 мектеп-гимназиясы, 3 орынға №157 ЖББМ командасы ие болды.

«Үздік ойыншы» номинациясы №157 ЖББМ командасының ойыншысы Қожаниязова Гүлданаға, «Үздік қорғаушы» номинациясын№187 ЖББМ командасының ойыншысы Жайлыбаева Раушанға,«Үздік байланыстырушы» номинациясы №174 мектеп-гимназиясының ойыншысы Баяхмет Мөлдірге және «Үздік шабуылшы» номинациясы№188 мектеп-гимназиясының ойыншысы Рахметова Лаураға бұйырды

27 наурыз күні жыл сайын өткізілетін қысқы спорт түрлері бойынша қала тұрғындары арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру аясында Орталық стадионында жүгіруден жарыс өтті.

Аудан тұрғындарынан 11 жас ерекшелігі бойынша 20 адам қатысты. Оның ішінде:

- 70 және жоғары жастағы әйелдер арасында Асылова Кульсун – 1 орын;

- 60-69 жас аралығында ерлер арасында Абиласанов Ауезхан - 3 орын;

- 60-69 жас аралығында әйелдер арасында Амирбекова Алтыншаш - 2 орын;

- 50-59 жас аралығында ерлер арасында Кузембаев Қанат - 2 орын;

- 50-59 жас аралығында әйелдер арасында Бактыбаева Бахыткуль - 2 орын;

- 40-49 жас аралығында ерлер арасында Алпысбаева Талғат - 2 орын;

- 24-31 жастағы ерлер арасында Базаров Данияр – 2 орын;

- 24-31 жас аралығында әйелдер арасында Базарова Назигуль - 2 орын;

- 18-23 жас аралығында әйелдер арасында Нагашибаева Гульназ - 2 орын;

- 12-13 жас аралығында ерлер арасында Жидеш Айдос - 1 орын.

Аталмыш жарыста Президенттік тестілерді орындау бойынша Наурызбай ауданы жалпы командалық байқауда 3 орынға ие болды.

 Тілдерді дамыту саласы бойынша:

1 наурыз күні «Алғыс айту» күні аясында мектеп оқушылары арасында«Алғыс – сөздің асылы» атты шығарма байқауы өткізілді.

Байқауға №157, №174, №176, №186, №187, №188, №192 білім мекемелерінің үздіктерден танылған мектепшілік іріктеу кезеңінің 20 оқушысы қатысты.

Аталмыш байқауда: 1 орынға №186 жалпы біліп беретін мектебінің8 сынып оқушысы Әлтай Гүлнұр, 2 орынға №174 мектеп-гимназиясының8 сынып оқушысы Мақсат Айман, 3 орынға №176 мектеп-гимназиясының9 сынып оқушысы Құттыбай Нұрсая ие болды.

 Қайырымдылық шаралар мен экскурсиялар:

1 ақпан күні «Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайы» мен «Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайының» қолдауымен аудан бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың көңілдерін сейілту аясында экскурсия өткізілді. Қатысқан бала сан-60.

3 ақпан күні Мемлекеттік қуыршақ театрының қолдауымен, ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі балалары аталмыш театрда «Арыстанның үрейін қалай емдеу керек» атты сахналық қойылымын тамашалап қайтты.Қатысқан бала саны-20.

 Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия аясында:

29 қаңтар күні әкім аппаратының мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысының басты мақсаты – «Ерте жүктіліктің» алдын алу жолдары және «Аналар үйіндегі» қыз-келіншектердің мәселесін қарастыру, оның шешу жолдарын психологиялық тұрғыдан және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс әрекет ету.

Отырыс Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Б. Пірәлиевтің төрағалығымен өтті.

Комиссия мүшелері тақырып аясында баяндама жасап, 2018 жылда атқаратын нақты жұмыс-жоспарын ұсынды. Отырыс соңында комиссия төрағасы Б.Пірәлиев, комиссия мүшелеріне зорлық-зомбылық мәселесі аясында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарын жасау мен ауданға қарасты қоғамдық орындарында, білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап етіп, тапсырмалар берді.

27 ақпан күні әкім аппаратының қызметкерлері Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия аясында Қарағайлы шағынауданында орналасқан «Ана үйіне» жұмыс сапарымен барып қайтты.

Аналар мен балалардың жағдайы және олардың тыныс - тіршілігімен танысып, туындап отырған мәселелер соның ішінде әйелдерді жұмысқа орналастыру сұрағына да ерекше мән беріліп, шешу жолдарын қарастырды.

 Білім саласы бойынша:

9 ақпан күні ҚР ІІМ-нің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қолдауымен аудан мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 7 мектептен 70-ке жуық оқушылар қатысты.

17 ақпан күні Алматы Мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің қолдауымен аудан мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 7 мектептен 150 оқушы қатысты.

22 ақпан күні Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының қолдауымен аудан мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 6 мектептен 60 оқушы қатысты.

23 ақпан күні аудандық «Нұр Отан» партиясымен және №7 қалалық клиникалық аурухананың қолдауымен аудан мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 7 мектептен 105 оқушы қатысты.

26, 27, 28 ақпан күндері Қазақстан Республикасының «Қазақстан» қонақ үйінің қолдауымен аудан мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 7 мектептен 120 оқушы қатысты.

13 наурыз күні аудан әкімі С.Т. Сайфеденовтің төрағалығымен жекеменшік балабақшалардың меңгерушілерімен аудандағы жекеменшік балабақшалардың жалпы ахуалы бойынша жиналыс өтті.

         Сонымен қатар, балабақша меңгерушілеріне өрт сөндіру дабылы орнатылмаған жекеменшік балабақшаларда орнату жұмысын қадағалау мен балабақшаларда төтенше жағдайдың алдын алу үшін әдістемелік сабақтар жүргізу және жекеменшік балабақшалардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылау туралы түсіндірме берді.

13 наурыз күні «Сымбат» дизайн және технологиялар академиясының қолдауымен аудан мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлау шарасы өткізілді.

Аталмыш шараға 6 мектептен 65 оқушы қатысты.

15 наурыз күні аудан әкімінің төрағалығымен мемлекеттік және мемлекеттік емес мектеп директорларымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында аудан әкімі білім мекемелеріндегі ҰБТ дайындықтар бойынша сұрақтар талқылап, бірқатар тапсырмалар қойды.

28 наурыз күні әкім орынбасары Б.Ә. Пірәлиевтің төрағалық етуімен білім беру мекемелерінде спорт және алғашқы әскери дайындық мәселесі бойынша мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімі және әскери жетекшілерімен жиналыс өтті.

Жиын барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдері мектептерде өткізілген жаппай спорттық шаралар туралы және оқушылардың аудандық, қалалық және республикалық деңгейде жеткен нәтижелері бойынша түсіндірме берді. Ал білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің әскери жетекшілері мектеп оқушылардың бастапқы әскери дайындауды және патриоттық тәрбиелеуін үйлестіруді және уәкілетті органдармен бірлесіп бастапқы әскери дайындықтың жай-күйін зерделеуді ұйымдастыру жұмыстары туралы есеп берді.

Есептен кейін әкім орынбасары қатысушыларға балаларды спортқа баулу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын одан ары күшейтуді тапсырды.

 Байқаулар:

23 ақпан күні «Балдаурен» балабақшасында мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі тәрбиенушілері арасында бастырма (аппликация), ермексаздар мүсін жасау және сурет салу бойынша өткізілді.

         Байқауға ауданның 23 балабақшасынан 26 бала қатысты.

І.   Бастырма нәтижесі бойынша: 1-ші орынға «Адият-Аружан» балабақшасының тәрбиеленуші Әлдибек Сезім; 2-ші орынға «Талшын» балабақшасынан қатысқан бүлдіршін Балғазы Талшын; ал 3-ші орынға «Балдәурен» балабақшасынан Тлеш Бекжан ие болды.

         ІІ. Ермексаз нәтижесі бойынша: 1-ші орынды «Ерсінтай» балабақшасының тәрбиеленуші Арын Нурали; 2-ші орынды «Нұрбөпе» балабақшасынан қатысқан бүлдіршін Болат Айдана; ал 3-ші сыйлы орынға «Балдәурен» балабақшасынан Ақмолда Алихан қанжығасына байлады.

        ІІІ. Сурет салу нәтижесі бойынша: 1-ші орынға «Балапан» балабақшасының тәрбиеленуші Бейсембек Асия; 2-ші орынға «Радуга» балабақшасынан қатысқан бүлдіршін Турсынгалиева Аружан атанды; ал 3-ші орынға «Ақ қайың» балабақшасынан Ерилова Ангелина ие болды.

24 ақпан күні аудан білім мекемелері арасында «Бір ел – бір кітап» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Ереже бойынша кітап көрмесінің орналасқан орны, эстетикалық безендірілуі және кітап мазмұндарының талапқа сай болуы қарастырылған.

Аудан мектептерінде көрмені бағалауға 3 адамнан құрылған комиссия құрамы қатысты. Олар: №176 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ә.Досқалиев, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Р.Мырзабеков пен К.Құсайнова болды.

Байқау қорытындысы бойынша 7 мектеп арасында өткен кітап көрмесі сайысында 1 орынды №187 ЖББМ, 2 орынды №174 мектеп-гимназия,3 орынды №192 ЖББМ иеленді.

1 наурыз күні «1 наурыз – Алғыс айту күні» аясында аудан мектептері арасында «Ең үздік бейнеролик» байқауы өткізілді.

         Байқауға ауданымыздың №157, №174, №176, №186, №187, №188, №192 білім мекемелері қатысты.

         Аталмыш байқауда: 1 орынға №174 мектеп-гимназиясы, 2 орынға №176 мектеп-гимназиясы,3 орынға №188 мектеп-гимназиясы ие болды.

2 наурыз күні ауданның мүмкіндігі шектеулі балалары арасында«Ақ бүршік жарған, қош келдің көктем» сурет салу жарысы өткізілді.

         Жарысқа ауданымыздың 9 мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

         Аталмыш байқауда: 1 орынға 11 жастағы Серіков Қасым, 2 орынға 6 жастағы Шер Балжан, 3 орынға 4 жастағы Қайролда Нұрали ие болды.

 

 

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений