Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Мәдениет және спорт
Барлық жаңалықтар
Тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі

Тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі

Атауы

Ескерткіш түрі

Орналасқан жері

1

«ҰОС құрбандарына арналған ескерткіш»

Монументалды

Қарағайлы ы/а, Қ. Надыров көшесі, 50 үй

2

«ҰОС құрбандарына арналған ескерткіш»

Монументалды

Таусамалы ы/а, Рысқұлов көшесі -129 үй

3

«Алатау» шипажайы

Архитекторлық

Таусамалы ы/а

Наурызбай ауданының аумағында архитекторлық және монументалды ескерткіштер орналасқан. Алматы қаласында тіркелген 146 архитекторлық және өнер ескерткіштерінің 3-і Наурызбай ауданында. Оның бәрі мәдени құндылықтар болып есептеледі және сақтауды, қорғауды қажет етеді.

Монументалды ескерткіштер - ҰОС құрбандарының ескерткіші

«ҰОС құрбандарының ескерткіші» Наурызбай ауданы, Қарағайлы ы/а, Қ. Надыров көшесі 50 үйде, №192 жалпы білім беретін мектептің аумағында орналасқан.

Ескерткіш 2005 жылдың маусым айында тұрғызылған. Монументалды ескерткішке күтім жасау және қоршаған аумағын тазалау мектеп қызметкерлерімен жүзеге асырылады және қорғалады.

ҰОС құрбандарының ескерткіші

«ҰОС құрбандарының ескерткіші», Таусамалы ы/а, 129, Наурызбай ауданы әкім аппаратының алдында орналасқан. 1975 жылы құрылған.

Архитекторлық ескерткіштер

«Алатау» емдік-сауықтыру кешені - Шипайжайдың құрылысына қаламыздың батыс жағында Қаскелең ауданында «Каменский» племзаутының орнында ауданы 36,9 гектар жер бөлінген. Шығыстан Үстіңгі және Төменгі Каменканы қосатын автожолға тиіп тұр. Автожол солтүстіктен Алматы - Ташкент автомагистраліне, оңтүстіктен - қала орталығына апаратын Қарғалы тас жолына шығады. Жаңа объектінің бас жоспарын құрастыру «Казгорстройпроект» ке сеніп тапрсырылды. Бас сәулетшілер болып Ю. Ратушный және Т. Ералиев болып тағайындалды. Құрылыстың маңыздылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, жұмысқа көптеген сәулетшілер шақырылды - О. Н. Балыкбаева, Г. Джубангалиева, В. И. Сидорова, Б. Ф. Досмагамбетова, В. Г. Шепелева, А. Валиханова, Т. И. Журавлева, Т. В. Семина, О. Б. Кузьменкова; конструкторлар - М. Е. Еркенова, В. Я. Маркуса, Ж. Сыздыкова, М. В. Ким, П. И. Грязнова, М. А. Петлякова және т.б.

Ең алғашқы «Алатау» шипажайының директоры болып 1984 жылдың 10 қарашасында О.Б.Түктібаев тағайындалды. 1986 жылдың 26 қарашасында шипажай өзінің алғашқы демалушыларын қабылдады.

«Алатау» шипажайы - әлі де өзінің тарихи көріктілігін жоғалтпаған Қазақстан және Алматының алдыңғы қатарлы шипажайларының бірі болып есептеледі.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений