Бастапқы   
 
 
     Жұма 18 қазан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Жемқорлықпен күрес
Барлық жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекітіу туралы өкіміне өзгертулер мен өзгертулер енгізу туралы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №70 н/қ «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекiту туралы» өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Наурызбай ауданының әкімі ӨКІМ ЕТТІ:

  1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №70 н/қ «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекiту туралы» өкіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартында:

8 тармақ келесі мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

6) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға.

  1. Наурызбайауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияласын.
  2. Наурызбайауданы әкімінің орынбасары Б. Пірәлиевке жүктелсiн.

 С. Тоғай

   Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің

   2018 жылғы «___» ________ №___өкімніне қосымша

 Алматы қаласы Наурызбайауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзiрленген.
  2. Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

1) аппарат қызметкерлерінде нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын алдын алу болып табылады.

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру;

2) өз құзыретi шегiнде шешiмдердi дайындау және қабылдау;

3) Наурызбай ауданы әкімінің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын дайындау;

  1. Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері өзінің қызметтік нұсқауларын орындау кезінде, қажет:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де Алматы қаласы әкімдігі және Наурызбай ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;

2) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкiлдерiмен және әрiптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әдiл, қарапайым болу, көпшiлiк мақұлдаған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

4) өз әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, өз әрекетiнiң кемшiлiктерiн жою және жақсарту үшiн конструктивтi сынды қолдану;

5) заң бойынша тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiк көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

6) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға.

1) тұрақты негiзде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) қолжетiмдi түрде қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

3) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезiнде басшылыққа жеткiзу.

11.Наурызбай ауданы әкімі нормативтiк құқықтық актiлерiнің жобаларын дайындау және олардың мониторингін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.

12.Персоналды басқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений