Бастапқы   
 
 
     Жексембі 25 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Жемқорлықпен күрес
Барлық жаңалықтар
Наурызбай ауданы әкім аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
  1. Алматы қаласы Наурызбайауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрленген.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушi Алматы қаласы Наурызбайауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесiн орнатуға бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу мақсаттары:

1) аппарат қызметкерлерінде нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру;

2) өз құзыретi шегiнде шешiмдердi дайындау және қабылдау;

3) Наурызбайауданы әкімінің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын дайындау;

  1. ауданы әкімі аппаратының қызметкері өзінің қызметтік нұсқауларын орындау кезінде қажет:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де Алматы қаласы әкімі және Наурызбайауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;

2) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкiлдерiмен және әрiптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әдiл, қарапайым болу, көпшiлiк мақұлдаған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

4) өз әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетiнiң кемшiлiктерiн жою және жақсарту үшiн конструктивтi сынды қолдану;

5) заң бойынша тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiк көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу.

1) тұрақты негiзде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) қолжетiмдi түрде қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

3) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезiнде басшылыққа жеткiзу.

10. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуға байланысты мемлекеттiк сатып алуды iске асыру кезiнде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алу қажет.

11. Наурызбайауданы әкімі нормативтiк құқықтық актiлерiнің жобаларын дайындау және олардың мониторингін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.

12. Персоналды басқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет

 

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений