Бастапқы   
 
 
     Жұма 27 сәуір 2018 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
Барлық жаңалықтар

«ПРЕЗИДЕНТ ТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ

 

20 Елбасының әлеуметтік бастамалары бойынша маңызды сұрақтарға жауап

 

МАЗМҰНЫ

1. Қазақстандық әлеуметтік даму моделінің ерекшеліктері қандай ?

2. Қандай әлемдік экономикалық жағдайлар аясында 5 әлеуметтік бастама туралы шешім қабылданды?

3. Қазақстан азаматтары үшін жаңа әлеуметтік пакет нені қамтиды?

4. «7-20-25» бағдарламасы қандай мүмкіндіктер ашады?

5. «7-20-25» баспана алу бағдарламасы кімдерге арналған ?

6. «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы болу үшін қайда жүгіну керек?

7. Салық жүктемесін азайту жұмыс істейтін қазақстандықтардың қандай топтарын қамтиды?

8. Салық жүктемесін азайту бойынша бастама қашан өз күшіне енеді?

9. Салық жүктемесін азайту бойынша бастаманы іске асыруға тартылған азаматтар қандай тиімділікке ие болады?

10. Президенттің жоғары білім алудың қолжетімділігі туралы бастамасы аясында қанша грант саны қарастырылған?

11. Білім алу гранттары қандай мамандықтарға басымдықпен беріледі?

12. Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалады?

14. Мемлекет басшысының шағын несие беруді көбейту туралы бастамасы қайда бағытталған?

15. Түпкі тұтынушыға шағын несиенің қолжетімділігі қалай қамтамасыз етіледі?

16. Шағын несие беруді көбейту бастамасын іске асырудан күтілетін нәтиже қандай?

17. Ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлерге қандай әсері болады?

18. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты газбен қамту деңгейі қандай?

19. «Қызылорда облысы — Жезқазған — Қарағанды — Теміртау — Астана» магистральдық газ құбыры қашан салынады? Қазір қандай жұмыстар атқарылуда?

20. Жаңа газ құбырын салу елімізге не береді?

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МОДЕЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ҚАНДАЙ ?

Тәуелсіз Қазақстан қалыптаса бастаған сәтінен әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде құрылды. Бұл постулат алғаш рет 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда жарияланып, 1991 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда пысықталған және ел Конституциясында 1995 жылы біржола бекітілген. Конституцияға сәйкес, Қазақстан азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарына кепілдік беріп, өз саясатын барлық әлеуметтік таптар мен топтардың мүдделерін ескерумен құрады.

Әлеуметтік өркендеудің қазақстандық моделінің ерекшеліктері бастапқыда қаланып, кейінгі жылдары жетілдіріліп, толықтырылды. Елдің әлеуметтік саясатының негізгі құрауыштары:

  • Адами капиталға үміт арту. Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ адами капиталды арттыру үшін жағдайлар жасау мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде жарияланды;
  • Әлеуметтік кепілдіктердің беріктігі. 1991-1995 жылдары алғашқы, ең ауыр «күнкөріс кезеңін» еңсерген соң, мемлекет ешқашан бұл қағидасынан айныған жоқ. Еліміз екі жаһандық дағдарысты бастан өткерді, бірақ бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары, зейнетақылар, шәкіртақылар, әлеуметтік жәрдемақылар жүйелі төленіп қана қоймай, үнемі өсіп отырды;
  • Әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік әріптестік.

Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік мемлекеттің өзінің барлық азаматтары үшін әл-ауқатын дамыту мен өсірудің тең мүмкіндіктерін ұсынуынан көрініс береді.

 

ҚАНДАЙ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР АЯСЫНДА 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ?

Шикізаттар құнының жаһандық суперциклінің аяқталу кезеңінде Қазақстан сыртқы қатерлерді жеңу үшін қиын кезеңдерді бастан өткерді. Уақытылы әрі ауқымды қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар экономиканы сауықтырды, еліміз ЖІӨ өсімі 4% траекториясына сенімді түрде шықты.

Соған қарамастан, әлем экономикасы инклюзивті өсуге әлі қол жеткізбеді. Дүние жүзінде экономикалық белсенділіктің қайта жандануына қарамастан, аталған беталыстың тұрақтылығына қатысты қауіп сақталып отыр. Экономикалық процестерді саясиландырудың тереңдеуі және геосаяси шиеленіс қосымша сын-тегеруіндер тудырып, жаһандық экономикада тұрлаусыздықты күшейтеді.

Әлемдік экономикадағы күрделі жағдай мен сақталып отырған тұрлаусыздыққа қарамастан, Мемлекет басшысы 5 әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы шешім қабылдады, бұл қадамдар халықтың өмір сүру деңгейінің артуына септігін тигізетін болады.

 

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ НЕНІ ҚАМТИДЫ?

Қазақстанның азаматтар үшін жаңа әлеуметтік пакетті іске қосуға әзірлігі - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік жаңғыру саясатының жалғасы. Бұл әлеуметтік мемлекетті нығайту және ел халқының сенімді болашағы үшін үлкен қадам.

Президенттің әлеуметтік бастамалары әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызды болып табылатын іргелі құндылықтар кешенін қамтиды:

• өз табысына лайық баспана алудың қолжетімділігін;

• салық жүктемесін азайту есебінен жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысын көтеруді;

• жастар үшін жақсы және қажетті білім алу мүмкіндігін кеңейтуді, студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсартуды;

• кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді;

• тұрғын үйлерді газдандыру есебінен өмір сүру сапасын арттыруды.

 

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ?

Бағдарламаны іске асыру арқылы миллиондаған қазақстандықтар тиімді шарттармен баспана алу мүмкіндіктеріне ие болады:

- несие бойынша мөлшерлеме белгілеу – жылына 7 % аспайтын;

- несиелендіру кезінде бастапқы жарна деңгейін белгілеу – 20% аспайтын;

- ай сайынғы төлемдер көлемін төмендету үшін несие беру мерзімін 25 жылға дейін арттыру.

Аталған бастаманы іске асыру тұрғын үй құрылысы индустриясын дамытуға үлкен серпін береді, себебі шағын және орта бизнес даму үшін қарқынды стимул мен зор мүмкіндіктерге ие болады, осылайша, мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұлар тұрғын үй құрылысы үшін қажетті материалдар жасайтын компаниялар, жиһаз компаниялары, құрылыс саласында түрлі қызметтер ұсынатын ұйымдар және т.с.с.

Тұрғын үй құрылысы өз кезегінде жаңа инфрақұрылым: мектептер, балабақшалар, сауда орталықтары және т.с.с. құрылысын ынталандырады. Осылайша, бастама жалпы бүкіл ел экономикасының одан әрі өсуі үшін зор мультипликативті әсер береді.

 

«7-20-25» БАСПАНА АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ?

Жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы ресми кірісі бар жұмыс істейтін барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді. Оның критерийлері қазір банктермен пысықталу үстінде.

Бағдарламаны іске асыру механизмдері пәтерді несиеге алуға және бұл займды отбасылық бюджет мүмкіндіктерін ескерумен өтеуге мүмкіндіктер ашады. Мысалы, тұрғын үй құнының көлемі 7 млн. теңгені құраған жағдайда, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайтын болады, бұл жұмыс істейтін қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін қолжетімді. Ірі қалалар мен өңірлер бойынша тұрғын үй құны саралануы мүмкін, себебі әр жерде тұрғын үй бағасы әртүрлі.

 

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛУ ҮШІН ҚАЙДА ЖҮГІНУ КЕРЕК?

Жаңа ипотекалық бағдарламаның қатысушысы болу үшін Қазақстандағы кез келген екінші деңгейлі банкке жүгіну қажет. Бұл орайда, алғашқы тұрғын үй заемын 2018 жылдың екінші жартысынан бере бастау жоспарланып отыр.

 

САЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТОПТАРЫН ҚАМТИДЫ?

Мемлекеттік қолдау жұмыс істейтін, жалақы көлемі біршама төмен қазақстандықтарды қамтитын болады. Жеке табыс салығы арқылы салық жүктемесін азайту айына 25 еселік ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын еңбекақы алатындар үшін іске асырылады.

 

САЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ БОЙЫНША БАСТАМА ҚАШАН ӨЗ КҮШІНЕ ЕНЕДІ?

Бүгінгі таңда салық заңнамасының нормаларын өзгерту үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жеке табыс салығын салу тәртібі мен оны әкімшілендіру механизмін қарастыру көзделіп отыр. Бұдан өзге, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндіктері зерделенетін болады. Аталған бастаманы іске асыру бойынша барлық іс-шаралар 2018 жылдың мамыр айында аяқталады. Алайда жаңа механизмді енгізу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты салық жүктемесі 10 есеге - 1%-ға дейін төмендегенде өз күшіне енеді.

 

САЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ БОЙЫНША БАСТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ТАРТЫЛҒАН АЗАМАТТАР ҚАНДАЙ ТИІМДІЛІККЕ ИЕ БОЛАДЫ?

Нәтижесінде, еліміздегі жалдамалы жұмысшылардың ең кемі үштен бірінің - 2 миллионнан астам адамның жалақысы жұмыс берушілерге жүктемені арттырмай-ақ өседі. Төмен еңбекақы алатын жұмыскерлер үшін салықтарды төмендету - әлеуметтік әділеттілік жолындағы маңызды қадам.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАНША ГРАНТ САНЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?

2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54 мыңға қосымша, 20 мың грант бөлінетін болады.

Жалпы, аталған шаралар мемлекеттік гранттарда білім алатын студенттер санын 30%-дан 38%-ға дейін арттыруға, ал техникалық мамандықтарда мемлекеттік гранттар бойынша білім алатындар санын екі есеге, 4 жыл ішінде 50 мың адамға, 2017-2018 оқу жылдары 48 мыңнан, 2021-2022 оқу жылдарында 92 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

БІЛІМ АЛУ ГРАНТТАРЫ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚПЕН БЕРІЛЕДІ?

Мемлекет басшысы белгілеген қосымша 20 мың гранттан 2018-2019 оқу жылында 11 мың грант техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, 5 мыңы - басқа мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға, 3 мыңы - магистратура бағдарламасына және 1 мыңы - докторантураға бөлінеді. Олар - ең алдымен, ақпараттық технологиялар, робототехника, нано-технологиялар салаларындағы мамандар.

Осылайша, аталған шара Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономикада сұранысқа ие болатын мыңдаған маманды даярлауға мүмкіндік береді. Дәл осы жас мамандарға ел экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, оның үдемелі инновациялық дамуының драйверіне айналу міндеті жүктеледі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ?

Әлемдік стандарттарға сай келетін білім беру жүйесін құру мемлекеттен студенттерді оқыту мен олардың өмір сүру деңгейіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету ЖОО-лар мен колледждер үшін де, білім алушылар үшін де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда республика бойынша өзге қалалардан келген студенттердің жалпы саны 204 869 адамды құрайды. Студенттердің жатақхана орындарымен қамтылуы 66% құрайды.

Осыған байланысты 2022 жылдың соңына дейін ең кемі 75 мың орынға жаңа студенттер жатақханаларын салу қамтамасыз етіледі. Мұндай жұмыстар таяу жылдары оған қажеттіліктің өсетінін ескерумен мәселені толық шешуге мүмкіндік береді.

13. ЖОО-ЛАР МЕН КОЛЛЕДЖДЕР ЖАТАҚХАНАЛАР САЛУ ЖҰМЫСЫН ҚАНДАЙ ҚАҒИДАҒА СӘЙКЕС ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ?

Жатақханаларды жаппай салу мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік-жекешелік серіктестік қағидаларын қолдана отырып жүзеге асырылады.

Үкімет мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігі алгоритмін әзірлеу, типтік құжаттамаларды, инвестициялардың бір бөлігінің орнын толтыру әдістерін дайындау (инвестициялық және пайдалану шығындарын өтеу) және инвесторлар үшін заемдық қаржыландыруды арзандату шаралары бойынша жұмыстар жүргізеді.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Үкімет заңнамалық актілерге, ҚР 2016-2019 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қысқа мерзім ішінде толықтырулар енгізеді.

Сонымен қатар, салынатын жатақханаларға тиісті коммуникацияларды жүргізу мәселелері бойынша әкімдіктермен пысықтау процестері бүгінде басталған.

14. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫ ҚАЙДА БАҒЫТТАЛҒАН?

Еліміздің әлеуметтік жаңғыруының негізгі катализаторының бірі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл аударылады. Шағын бизнес құбылмалы үрдістер жағдайларында жылдам өзін-өзі қайта ұйымдастыруға, бейімделуге және икемделуге қабілеттілігін көрсете отырып, үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсудің іргетасы және кепілі болып табылады.

Сондықтан мемлекет 2018 ж. шағын несиелендіруді қаржыландыруды 41,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты (30,8 млрд. – ауылдық жерлерде, 11 млрд. – қалаларда), ал биыл тиісті оқу бағдарламасымен 30 мың адам қамтылатын болады.

Сонымен қатар, қосымша 20 млрд. теңгені бөлу есебінен шағын несиелендіру бағдарламасын қаржыландыру көлемі биылғы жылы 50%, яғни 62 млрд. теңгеге дейін арттырылады.

2018 жылдың наурыз айының соңына дейін ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің арасында үшжақты несие келісімшарттарына қол қойылады, бұл түпкі қарыз алушыларға шағын несие беруді жылдам бастауға мүмкіндіктер тудырады.

15. ТҮПКІ ТҰТЫНУШЫҒА ШАҒЫН НЕСИЕНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ?

Түпкі тұтынушыға шағын несиені жеткізу механизмдері әзірленді.

Қалалар мен моноқалаларда шағын несиелер екінші деңгейлі банктер (анықтама: 7 ЕДБ (Нұрбанк, ЦКБ, АТФ, Сбербанк, Форте, Халық банкі, Еуразиялық банк), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қорландырылатын 2 шағын қаржылық ұйым арқылы беріледі.

Ауылдық елді мекендерде несиелер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, сонымен қатар 13 шағын қаржы ұйымы мен 100-ден астам несиелік серіктестіктер арқылы іске асады, олар «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қорландырылады.

Жеңілдікпен берілетін шағын несиелер мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, жылдық тиімді өсім мөлшерлемесі жылына 6 % аспайды.

Кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарлама қатысушылары несие бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілдік алуға құқылы.

Жалпы, ұсынылған тетіктерді іске асыру үшін Бағдарламаға, сонымен қатар қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несие беру мәселелері бойынша Ережеге өзгерістер енгізіледі.

16. ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ БАСТАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Шағын несие беруді көбейту бастамасын іске асыру нәтижесінде шағын несиелендірумен жалпы қамту 14 мың адамнан асады, бұл 2017 жылғы деңгейден екі есе артық.

Аталған шаралардың арқасында, шағын несиелендірумен қамту біршама кеңейіп, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың аз қамтылған санаттарының кірісінің өсуі, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау бойынша кешенді міндеттердің шешімі табылатын болады.

Сондай-ақ, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарындағы шағын несие алушылар «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша алдын-ала оқытылады.

17. АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕР МЕН ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ӘСЕРІ БОЛАДЫ?

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бастама ауылда кәсіпкерлікті дамытуда аса маңызды.

Осы орайда, қосымша бөлінетін 20 млрд. теңгенің ауылдар мен шағын қалаларда несиелендіруге 14 млрд. теңгеге жуығын бөлу ұсынылды. О ның ішінде 10 млрд. теңгені агроөнеркәсіп кешенінің ірі субъектілері айналасындағы «зәкірлі» кооперациялар жобаларын іске асыруға бағыттау ұсынылады.

Бұл шағын несие алушылар үшін өнімнің өткізілуіне кепілдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

18. БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

Қазіргі таңда елімізде халықты газбен қамту деңгейі шамамен 50% құрайды. Осы тәуелсіздік жылдары елімізде газ өндіру жылына 8 миллиард текше метрден 52 миллиард текше метрге дейін артты және одан әрі арта бермек.

Табиғи газбен тұрақты түрде еліміздің 8 миллионнан астам тұрғыны, Қазақстанның 10-нан астам өңірінде 35 мыңға жуық кәсіпорын (Алматы қ., Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда орталықтандырылған газбен қамтуда халықтың және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың қолжетімділігін қамтамасыз етудің ең жоғарғы деңгейі еліміздің батыс өңірлерінде байқалады.

19. «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ — ЖЕЗҚАЗҒАН — ҚАРАҒАНДЫ — ТЕМІРТАУ — АСТАНА» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ҚАШАН САЛЫНАДЫ? ҚАЗІР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА?

Қазіргі таңда барлық дайындық жұмыстары жүргізілген. Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор
(«ҚазТрансГаз» АҚ) «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, «Мемсараптама» РМК сараптамасының оң қорытындысын алды.

Жобаны іске асыру бойынша Жол картасы әзірленіп, мақұлданды, жұмыс тобы құрылды.

Магистральді газ құбырын салуға кірісу биылғы жылдың шілде айының басында жоспарланып отыр. Жалпы, есептеулер көрсеткендей, «Сарыарқа» жобасының құрылысы бір жарым жылға дейін уақыт алады.

20. ЖАҢА ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЕЛІМІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

Біріншіден, жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл құрылыс барысында кемінде шамамен 800 адамды және қызмет көрсету процесінде 200-ден астам маманды қамтитын көлемді құрылыс алаңы болады.

Екіншіден, магистральдық газ құбыры трассасының бойында инфрақұрылымды дамыту, шағын, орта және ірі бизнес саласында табиғи газды пайдалану арқылы жаңа өндіріс орындарын құру мүмкіндігі пайда болады. Мәселен, бұған дейін инвесторлардан жекелеген ауылдар үшін шағын газ турбиналық электр стансаларын салу бойынша ұсыныстар келіп түскен.

Үшіншіден, бұл Астанада ең алдымен ауаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Елорда тұрғындары жылу беру маусымы кезінде желсіз ауа райында қала үстінде қара түтіннің шоғырланатынын байқайды. Мәселен, тек Астанада газға көшу жеке сектор шығарындыларын ескермегенде, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтарды жылына 6 есеге немесе 35 мың тоннаға дейін азайтуға жол ашады.

Жобаны іске асыру 192 жеке және 48 шағын коммуналдық қазандықтарды, 22 мың жекеменшік тұрғын үйді және ЖЭО-1,2 су жылыту қазандықтарын және перспективада салынатын ЖЭО-3 газға көшіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде аталған шаралардың барлығы елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жол ашады.

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений