Бастапқы   
 
 
     Сәрсенбі 18 қазан 2017 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
11.10.2017. «Шахин-Шахта» қарттарға қамқорлық көрсетілді

 

2017 жылдың 10 қазан күні аудан әкімі бекіткен жоспар-тапсырмасына сәйкес, «Халықаралық қарттар айлығы» аясында ардагерлер мен зейнеткерлермен кездесу өтіп, «Қалқаман» шағынауданында орналасқан «Шахин-Шах» атты мейрамханада қарттарымызға арналып мерекелік дастархан жайылды.

Іс-шара барысында аудан әкімінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж.Кужамбердиева, әкім кеңесшісі, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Қ.Көшербаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орынбасары С.Тұяқбаев, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы М.Каркенов және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Тұрысбеков зейнеткерлерді аудан әкімінің атынан құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – зейнеткерлерге көңіл бөліп, ауданымыздың қарттарына құрмет көрсету.

Шақырылған қонақтар өз сөздерінде Наурызбай ауданы әкім аппаратына, ардагерлер алқасына, жеке кәсіпкерлерге осындай іс-шаралармен қарттарға көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді.

Ауданда 1 ай көлемінде көптеген мәнді де сәнді іс-шаралар жоспарланып отыр, сонымен қатар, 1500 зейнеткерге көңіл бөлініп, әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетіледі деп күтілуде.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

11.10.2017
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений