Бастапқы   
 
 
     Сәрсенбі 18 қазан 2017 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
11.10.2017. Қарттарға қамқорлық жалғасын табуда

Наурызбай ауданында «Қарттар айлығына» орай ұйымдастырылып жатқан іс - шаралар күнделікті жалғасын табуда.

2017 жылдың 11 қазаны күні аудан аумағында орналасқан «Премьера» мейрамханасында 50 ардагер мен зейнеткерлерге арналған мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Наурызбай аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, аудан әкімі кеңесшісі, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қатысып, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерімізді құттықтады.

Аудан әкімі атынан, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж.Кужамбердиева құттықтай отырып, өз сөзінде, біз қарттарымыз бен зейнеткерлерімізді қамқорлыққа алып, аз-қамтылған ауданымыздың тұрғындарының жағдайларын әрдайым ескеріп жүреміз. Қарттар айлығы аясында ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтау, құрметтеу, сол кісілерге деген қамқорлық көрсету біздің мақсатымыз деп білеміз!- деген тілегін жеткізді.

Мерекелік дастарханда ауданның құрметті ақсақалдары өз баталарын беріп, Наурызбай ауданы әкім аппаратына алғыстарын айтты.

Бұл күндері қарттарымызға деген ізгі тлектер, ыстық лебіздер білдіріліп, олардың көп жылғы адал еңбектері, республикамыздың, ауданымыздың дамуына және жас ұрпақтарды тәрбиелеуде қосқан баға жетпес үлестеріне барынша құрмет көрсетілуде.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

11.10.2017
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений