Бастапқы   
 
 
     Жексембі 17 желтоқсан 2017 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
11.10.2017. Мүгедектер онкүндігі аясында қайрымдылық

2017 жылдың 11 қазаны күні мүгедектер онкүндігі аясында (декадник) аудан әкімі аппаратының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен, «Огни Алатау» мейрамханасының демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі 40 балаға мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараға шақырылған мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары ақ дастарханда бас қосты.

Шара барысында жиналған ата-аналармен балаларға аудан әкімінің атынан әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж.Кужамбердиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Тұрысбеков жылы лебіздерін білдіріп, ата аналарға төзімділік пен сабырлық, балаларға денсаулық тіледі жәнеде осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, мейрамхана басшысына үнемі көрсетіп жүрген қайырымдылық шараларына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Шақырылған қонақтар №157 мектеп оқушыларының концерттік бағдарламаларын қызықтап, ұйымдастырылған қызықты түрлі ойындарға белсенді қатысты.

Демеушілердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі балаларға тәттілер, жұмсақ ойыншықтар салынған қоржындар табысталды.

Іс-шара соңында, мүгедек балалардың ата-аналары өздерінің ізгі тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға деген ризашылықтарын жеткізді.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

11.10.2017
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений