Бастапқы   
 
 
     Сәрсенбі 18 қазан 2017 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
11.10.2017. «Құқық жоқ жерде - бостандық та, демократия да жоқ»

2017 жылдың 11 қазанында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімінің арнайы бекіткен медиа-жоспарына сәйкес, «Құқық жоқ жерде - бостандық та, демократия да жоқ» атты №157 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ұстаздарына құқықтық кеңес беру акциясы бастау алды.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Мүслім Қуанышұлы Тазабеков, Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің басшысы Мақсат Айтуғанұлы Ескендіров, Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Самал Аманжолқызы Ахметова, аудан әкімінің баспасөз-қызметі басшысы, ресми сайт редакторы Салима Якупбаева, Дін істері жөніндегі басқармасының аудандық бөлімі бас маманы Берденов Сағидолла Саяуышұлы  сынды Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен қатар, аудандық Әділет басқармасының басшысы Талғат Әлімқұлұлы Тойбаев, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Венера Ысмағұлқызы Конеева, аудандық ішкі істер басқармасының, аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімшесінің, аудандық Пробация бөлімінің өкілдері де қатысып, аталмыш акцияға атсалысты.

2017 жылдың 4 тоқсанындағы игі бастамалық іс-шараны ұйымдастырып, өткізу барысында мемлекеттік орган қызметкерлеріне құқықтық сипаттағы әртүрлі сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптары берілді.

Сонымен қатар, АНТ-ақпараттық насихаттау тобының мүшелері мемлекеттік қызметтерінің өз  саласы бойынша құқықтық түсіндірмелерін беріп, мектеп ұжымымен кездесу  жаңа форматтағы сұрақ-жауап түрінде жүргізіліп, өткізілді.

Жаңа аудандағы жаңашыл бастама «Құқық жоқ жерде, бостандық та, демократия да жоқ» атты құқықтық кеңес беру акциясы әртүрлі мекеме-ұжымдарда жалғасын тауып, тоқсан бойы түбегейлі жүргізіліп өткізіледі деп күтілуде.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

11.10.2017
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений