Бастапқы   
 
 
     Жұма 14 желтоқсан 2018 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
13.03.2018. «Халықаралық әйелдер күні» салтанаты

Ағымдағы жылдың 6 наурызы күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай №176 мектеп-гимназиясының төрінде мерекелік шара өткізді.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі С.Т.Сайфеденов ауданның нәзік жанды қыз-келіншектері мен аруларын төл мерекелерімен қызу құттықтап, барлық еразаматтар атынан ыстық ықыласын жеткізді.

Аудан әкімі Сайран Тәпенұлы өзінің алғысөзінде: Әйел азаматшалар мемлекеттiк қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткiзiп келеді. Қоғамның даму барысын, өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес. Расында да, ауданымыздың қазіргі жетістіктері, әсерлі әсемдігі мен сұңғыла сұлулығы өдеріңіз сияқты арулардың арқасында мүмкін болды.

«Алып анадан туады»-дейді дана халқымыз. Ендеше, елін қорғар алыпты да, тұтас халықты да қалыптастыратын ананың алтын құрсағы. Олай болса, осынау өмірді – өмірге жалғар мейірім мен пәктіктің, әсемдік пен әдеміліктің мерекесі жүректеріңізді жырға, көңілдеріңізді нұрға толтырсын!» - деген жарасымды да жылы тілегін жиналған жұртшылығына жеткізді.

Құттықтау сөзінен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №623 Жарлығы бойынша ауданның үш бірдей әйел-анасын «Күміс алқа» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар ауданымыздың батыр аналары мен еңбекқор аруларын, яғни білім, құқық қорғау, денсаулық, кәсіпкерлік және т.б. салаларда белсенді қызмет атқарып келе жатқан қызметкер азаматшаларды қажырлы еңбегі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына қосқан зор үлестері үшін «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

 Салтанатты шараның 2-ші кезеңі ән-жыр мен биге ұласты.

Аталмыш кеште «Дәстүр-шоу» би ансамблі, «Арай» ардагерлер хорының солисті Күнсұлу Ермаханова, Райым Уайыс, Ермек Мукашов, Құрманғазы атындағы №7 балалар музыка мектебінің «Шабыт» скрипкашылар ансамблі, Гүлзада Дүйсен, Бейсембаев Жанат, Әсет Есжан және «Заман» тобы өнер көрсетіп, ауданның аруларына мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады.

Төл мерекелеріңіз құтты болып, көрер көктемдеріңіз көп болсын,

Ардақты аруаналар мен қымбатты біздің ханымдар!!!

 Аудан әкімінің баспасөз -қызметі

13.03.2018
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений