Бастапқы   
 
 
     Сейсенбі 16 қазан 2018 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
04.04.2018. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» Қаулысын орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурстың 1 кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты–өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1.Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2.Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

3.Ата-ананың дипломдарының көшірмелері;

4.Ата-ананың жұмыс орнынан анықтама;

5.Балалардың, ата-аналардың жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

6.Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

7.Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына тапсыра алады.

Наурызбай ауданы әкім аппаратының мекенжайы: 

"Шұғыла" шағынауданы -222;  413-кабинет.

Байланыс телефоны: 307-45-53.

04.04.2018
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений