Бастапқы   
 
 
     Жексембі 22 шілде 2018 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
16.04.2018. "Алиби" саябағында жастармен кездесу өтті

2018 жылдың 13 наурызы күні  Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Алиби парк» саябағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынған саябақ басшылығымен аудан жастарының кездесуі өтті.

Шара басында аудан жастарының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының эмблемасы бейнеленген флешмоб өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан азаматтардың ел игілігі жолында атқарып жатқан жұмыстарын дәріптеу. Жас ұрпақтың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық сезімін арттыру және елін құрметтеуге шақыру.

Іс-шара барысында аталған саябаққа инвестиция тарту, болашақта аудан мен саябақ аумағын көгалдандыру, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы және т.б. салаларды қамти отырып «Алиби Парк» директоры Мейірхан Ерланұлы Оқасов., «Нұр Отан» партиясы Наурызбай аудандық филиалының бірінші орынбасары Ербол Серікбайұлы Күмісходжаев баяндама жасады.

Жалпы аталған іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, блогерлер және мемлекеттік орган өкілдері қатысып, жиналған жастарға қолдау білдіріп, олардың бүгіні мен болашағы туралы келелі кеңестері мен игілікті істері жайлы айтып жеткізді.

Аталмыш игілікті іс-шаралар жастар арасында оданәрі жалғасын табады деп күтілуде...

Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

16.04.2018
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений