Бастапқы   
 
 
     Жексембі 26 мамыр 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
01.03.2019. Нашақорлық, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл

2019 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың негізгі мақсаты Наурызбай ауданындағы нашақорлықпен күресудің жағдайын талқылау, 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру болып табылады.

Отырыс барысында Алматы қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының дәрігер – наркологы Т.С.Сұлтанбек Наурызбай ауданында нашақорлықпен күресу және оның алдын алу бойынша Алматы қалалық наркологиялық орталықтың 2018 жылы атқарылған жұмысы туралы баяндады.

Әрі қарай, аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторыЖ.Б. Эгамбаев Наурызбай ауданы бойынша нашақорлық және есірткі бизнесімен байланысты қылмыстылық деңгейі туралы баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Отырыс барысында анықталған нашақорларды есепке қою мәселесі, аудандық Полиция басқармасында және қалалық наркологиялық орталықта тіркелген нашақорларды түзету жұмыстарының жүргізілуі, сонымен қатар ата-анасының есірткіні және көп мөлшерде ішімдікті қолдануға байланысты сәтсіз отбасы ретінде тіркелген отбасылардағы кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды.

Тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері (Штаб мүшелері) нашақорлықпен күресуде өзара бірігіп шаралар қолдану, жедел түрде ақпарат алмасу туралы келісті.

Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

01.03.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений