Бастапқы   
 
 
     Жексембі 26 мамыр 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
07.03.2019. Әлеуметтік қолдау бойынша түсіндірме жұмысы

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бекіткен кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 04 наурыз күні Наурызбай ауданы әкімінің аппаратында мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында көп балалы отбасылармен кездесу өтті.

Кездесу барысында тұрмыстық жағдайды жақсарту және т.б. әлеуметтік сипаттағы сұрақтар бойынша және атаулы әлеуметтік көмек мәселесі толығырақ талқыланды.

Алматыда көпбалалы аналарға арналып «Бақытты отбасы» Жобасын іске асыру басталуда. Орталық көпбалалы отбасылар мүддесіне және бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істеп, тұрмысы төмен жанұяларға кешенді көмек көрсетуді көздейді. Оның ішінде, құқықтық және психологиялық кеңес те беріледі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды қайта сауықтыруға көмек көрсетіледі. Тіпті, аталған орталыққа көпбалалы аналардың жұмысқа тұруына да жағдай жасалмақ.

Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналарға алғашқы жарнаға жергілікті бюджеттен субсидия төленеді. Бұл төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары барларға қатысты. Коммуналдық қызмет, яғни ыстық және суық су есептейтін жеке есептеуіш құралдарын орнату бойынша өтемақы көлемі де ұлғайтылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту және бір реттік әлеуметтік көмек көлемі де артады. Алматы билігі көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға екінші баладан бастап балабақша шығынын да өтеуді жоспарлап отыр және т.б.

         Қосымша сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөліміне жүгінуге болады (Шұғыла ш/а, 347; 4-кабинет, байланыс телефоны: 305-38-84).

Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

07.03.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений