Бастапқы   
 
 
     Дүйсенбі 19 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
09.04.2019. "Парктер шеруі-2019" акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 8 сəуiрі күнi Алматы қаласы Наурызбай ауданы əкiмiнiң аппараты «Іле-Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесе «Табиғатты аялайық» тақырыбында «Парктер шеруі – 2019» Республикалық табиғатты қорғау акциясын өткізді.

Игі шара «Іле-Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ашылғаннан бері 22-ші рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шеруге табиғатты қорғау мекемелері мен облыстық экологиялық орталықтың басшылары мен білім мекемелерінің оқушылары арнайы қатысты. Акция 260-қа жуық оқушылардан құралған шеруден бастау алып, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Атап өтсек, «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Акция 2 айға созылады.

Аталмыш акцияның басты мақсаты — табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру. Табиғатты қорғау акциясы тұрғындар мен жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру мен мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосу болып табылады.

 Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

09.04.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений