Бастапқы   
 
 
     Дүйсенбі 19 тамыз 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
03.05.2019. «Зәкария Белібаев» көшесі салтанатты ашылды

Ағымдағы жылдың 2 мамыры күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске аясыру аясында Алматы қаласы Наурызбай ауданы, "Ақжар" шағынауданында орналасқан Зәкария Белібаев көшесінің (бұрынғы Самал көшесі) салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кеңес Одағының Батыры Зәкария Белібаев - 1917 жылы 9 мамырда Семей облысының, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген.

Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылып, Ұлы Отан соғысының түрлі майдандарында ұрыстарға қатысқан. Киев әскери округінің 30-атқыштар полкінде әскери борышын өтеген, халықаралық фестивальдар мен конгрестерде дирижерлік өнер көрсеткен, Азия және Тынық мұхит аймағы әскери музыка Қауымдастығының Үрмелі оркестр жетекшілері ассоциациясының мүшесі болған.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және "Соғыс балалары кеңесі» Қоғамдық қорының Президенті, орден, медальдардың иегері, профессор, Халықаралық академияның академигі Жапарханов Слямхан Жапарханұлы, Генерал майор, «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының мүшесі Абдрахманов Алмасбек Сеитұлы, Зәкария Белібаевтың ұл-қыздары, достары мен әріптестері, зиялы қауым өкілдері және аудандық Ардагерлер кеңесі қатысып, ірі тұлға, айтулы ардагердің азаматтығын баяндап, еске алды.

 Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

 
03.05.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений