Бастапқы   
 
 
     Жексембі 26 мамыр 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
04.05.2019. Аудан әкімінің кубогына шағын футбол

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Алматы қаласының әскери қызметкерлері арасында аудан әкімінің кубогына қалалық шағын футбол жарысы өтті.

Жарыста әскери міндетін мүлтіксіз атқарып жүрген әскери саланың мамандары сынға түсті. Бәсі биік бәсекеде бабы келіскен, сайдың тасындай іріктелген додада барлығы 40-қа жуық қызметкерлер белсенділік танытты.

Жүзден жүйрік шығып, шеберлігімен төрешілердің көзіне түскен, 1 орынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауыпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2468 әскери бөлімінің командасы, 2 және 3 орынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауыпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2027 әскери бөлімінің командалары ие болды.

 «Үздік ойыншы» номинациясына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауыпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2027 әскери бөлім командасының ойыншысы Мұратов Азамат, «Үздік қорғаушы» номинациясына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауыпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2468 әскери бөлім командасының ойыншысы Медеуов Ғабиден, «Үздік шабуылшы» номинациясына Құрлық әскерлерінің әскери институты командасының ойыншысы Абдигапаров Қанат, «Үздік қақпашы» номинациясына Алматы қаласы Әуезов қорғаныс істері басқарма командасының ойыншысы Айдарұлы Марат ие болды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

 Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

04.05.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений