Бастапқы   
 
 
     Жексембі 26 мамыр 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
06.05.2019. «Отан қорғаушылар күні» мерекесі

 

Еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мерекесi «7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2027 әскери бөлімінде аудан бiлiм мекемелерiнiң оқушыларынан құралған əскери саптық шеру жəне салтанатты шара өткізілді.

Жиында Наурызбай ауданы әкімінiң орынбасары Ғ.Майлыбаев: Сіздерді Отан  Қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл - батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Құрметті Отан қорғаушылар! Өшпес ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте Сіздерге сәттілік тілей отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!-деп өз ақ тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру жолында сіңірген зор еңбегі үшін аудан азаматтары аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс xатымен марапатталды.

Мерекелік шарада Әсет Есжан, «Салтанат» би ансамблі, Талғат Күзембаев, Сауле Агыбаева, Рашиля Алтынбаева және т.б. өнерін жиналған жұртшылық тамашалады.

 Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

06.05.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений