Бастапқы   
 
 
     Жексембі 26 мамыр 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
13.05.2019. «Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл»

«Ұлы Жеңістің 74 жылдық» мерекесін Наурызбай ауданының жұртшылығы өз дәрежесінде ұлықтап, мәңгілік алауға гүл шоғын қойып тағзым жасады, сонымен қатар салтанатты мерекелік шара өткізді.

Ал, мереке күні аудан әкімі С.Тоғай бастаған ауданымыздың ардагерлері, Құрметті азаматтары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері мен мекеме-ұйым басшылары және жастар өкілдері аудан орталығындағы ескерткішке тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл қою рәсімін жасады.

Сонау сұрапыл майдан даласында шейіт болған боздақтар мен бүгінде ортамызда жоқ ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тәу етілді.

Сахна төріне көтерілген аудан әкімі С.Тоғай барша аудан халқын Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттықтады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ауданымыздың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін атап, ардақты ардагерлерге ақ тілегін жеткізді.

Мереке бұдан әрі аудан көркемөнерпаздарының дайындаған соғыс жылдарын сомдаған көріністері мен концерттік бағдарламасына ұласты. Бұл күні соғыс жылдарындағы, сондай-ақ Ұлы Жеңісті дәріптеген әндер шырқалып, әртүрлі сахналық қойылымдар жиналған жұртшылыққа ұсынылды.

Мерекеден кейін қасиетті күнгі кеш қонақтарына түскі ас беріліп, дәстүрлі сарбаз ботқасы берілді.

Отан соғысы кезінде ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен, оқ пен оттың, өлім мен өмірдің ортасында, майдан шебінде жаумен арпалысып-алысқан, бүгінгі ұрпақтың бақытты да баянды болашағы мен ертеңі үшін жанқиярлықпен күрескен жаужүрек, баһадүр батырларымыз бен қасық қаны қалғанша Отан үшін откешкендер ешқашанда ұмытылмақ емес!

Арамызда аз, санаулы ғана қалған ардақты Ардагерлер мен Майдангерлерге мәңгілік тағзым ету бүгінгі ұрпақтың басты парызы болмақ!

 Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

13.05.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений