Бастапқы   
 
 
     Жұма 18 қазан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
15.09.2019. "Алматы күні мерекесі" салтанатты шарасы

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай, аудан әкімдігінің алдында салтанатты шара өтті.

Шара барысында кітап көрмесі, сурет салу байқауы, мольберттегі картиналар мен спорттық ойындар, тұрғындарға арналған мерекелік сауда-саттық пен балалар алаңдары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар мерекенің сән-салтанаты саналған «АлмаFest» байқауында білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері өзара бақ сынасты. Сондай-ақ, «Үздік құттықтау бейнеролик» байқауы аясында білім беру мекемелері арнайы құттықтауларын жолдады.

Әділ –қазылар алқасының әділ бағалау қорытындысы бойынша «Alma Fest» байқауының нәтижесінде мектеп арасында:

1 орын №200 мектеп-гимназиясы;

2 орын №176 мектеп-гимназиясы;

3 орын №186 жалпы білім беру мектебі.

Балабақшалар арасында:

1 орын №172 мемлекеттік балабақшасы;

2 орын 184 мемлекеттік балабақшасы;

3 орын «Айжан» жекеменшік балабақшасы.

«Үздік құттықтау бейнеролик» байқау қорытындысымен:

1 орынды №174 мектеп-гимназиясы

2 орынды №188 мектеп-гимназиясы

3 орынды №157 жалпы білім беру мектебі иеленді.

 

Шығармашылық жеңістеріңіз бен жемістеріңіз баршаңызға құтты болсын!

Салтанатты сахна тɵрiнде Қазақстан жас эстрада жұлдыздары ɵнер кɵрсетіп, "Алматым-ән жырым" мерекесі ән-жырға, күмбірлеген күй мен биге ұласты.

 

Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

15.09.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений