Бастапқы   
 
 
     Дүйсенбі 16 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
Барлық жаңалықтар

Наурызбай батыр (1706-1781)

   Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманы — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

   Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар туралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету туралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды.

   Наурызбай батырдың өмірі туралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар.

    Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

   Аңызға айналған батырларымыздың бірі де бірегей хас батыры бүгінгі ұрпақтың жадында жатталып, ерлік істері ел есінде мәңгі сақталады. Оның айғағы батыр атында қасиетті қазақ жерінде небір даңғылдар мен көшелер, аудан мен қалалар, қала берді өмірге келген балалардың аттары да Наурызбай батыр бабамыздың есімімен аталуы деп білеміз.


 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений