Бастапқы   
 
 
     Жұма 13 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Әлеуметтік сала
Барлық жаңалықтар
2017 жылғы атқарған жұмысы бойынша есебі

 

  Әлеуметтік сала бөлімінің 2017 жылғы атқарған жұмысы бойынша ЕСЕБІ

Наурызбай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімі ережесіне сәйкес келесідей міндеттерді атқарды:

Комиссиялар бойынша:

üКәмелеттік жасына толған азаматтарға қамқоршылық және қорғаншылық тағайындау жөніндегі комиссиясымен 17 құжат қарастырылды, оның ішінде 15 - қамқорлыққа алу туралы, 2 –қамқорлыққа алу туралы өкімнің күшін жоюы туралы;

üСемей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссияның 72 отырысы өткізіліп, 341 азаматтың құжаттары бірыңғайжәрдем ақыға және 215 азаматтың құжаттары куәлік алуға қарастырылды;

ҰОС жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссияның 6 отырысы өткізіліп, 7 құжат қарастырылды, оның ішінде: 4 - соғыс жылдары жұмыс өтілі белгіленді деп есептеу туралы, 3 - соғыс жылдары жұмыс өтілі белгілеуден бас тарту туралы;

üАудан бойынша тұрғындарға әлеуметік көмек көрсету учаскелік комиссиясының 67 отырысы өткізіліп, 394 құжат қарастырылды және жәрдемақы тағайындалды;

üОн сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасалардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссияның 60 отырысы өткізіліп, 75 құжат қарастырылды;

üАудандық ведомствоаралық әлеуметтік маңызы бар ауруға қарсы және алдын алу жөніндегі комиссияның 11 отырысы өткізілді;

Аудандық мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен 30 нысан паспортталды, 42 нысан бейімделді.

Атқарылып жатқан жұмыстар 2017 жылғы жоспарға сәйкес жүргізілуде, комиссия отырысы өтініш түсуіне байланысты өткізіледі.

Жылдың басынан бастап өткізілген іс шаралар:

2017 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызы күні Наурызбай аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері арасында аудан көлеміндегі азаматтардан қолданыстағы заңнамаға сәйкес «18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек» тағайындау бойынша құжаттар қабылдау кезінде қателіктерге бой алдырмау мақсатында семинар өткізіліп, жалпы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 20 қаңтар айында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық медицина бірлестігінің жауапты дәрігерінің және аудандық емханалардың бас дәрігерлерінің, Алматы қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің және ЖИТС-қа қарсы күрес орталығының өкілдерінің, «Забота» үкіметтік емес ұйымның директоры және координаторының, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының қатысуымен ведомствоаралық әлеуметтік маңызы бар ауруға қарсы және алдын алу жөніндегі комиссияның дөңгелек үстелі өткізілді.

2017 жылдың 06 - 22 қаңтар айы аралығында уақытша мекенжайға тіркеу кезінде, Наурызбай ауданы Халыққа қызмет көрсету оталығына келуші азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін №26 қалалық емхана медициналық қызметкерлерінің жедел түрдегі кезекшілігі ұйымдастырылды.

2017 жылдың 30 қаңтары күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асуын талқылау бойынша жиналыс өтті.

2017 жылдың 31 қаңтары күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі С.Сайфеденовтың төрағалық етуімен жұмыспен қамту бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиынға әкім аппаратының бөлім басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, №35 қалалық емхананың бас дәрігері, АМБ жауапты дәрігері, білім бөлімінің басшысы, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі қатысты.

2017 жылғы 6 ақпаны күні №1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: ауқымды бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, талқылау өткізді.

2017 жылдың 08, 09 - 10 ақпаны күндері Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық Ішкі істер басқармасы бастығы мен аудандық ақсақалдар алқасы төрағасының халықпен кездесуі өтті.

2017 жылдың 10 ақпанында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Пірәлиевтің төрағалық етуімен Наурызбай ауданы бойынша Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық арнайы комиссиясының отырысы өткізілді.

2017 жылдың 21 ақпаны күні аудан әкімі С.Сайфеденовтың төрағалық етуімен Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылау бойынша жиын өтті.

2017 жылдың 03 наурызы күні аудан әкімінің «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні» мерекесін өткізудің бекітілген жоспар-тапсырмасына сәйкес, ардагерлер алқасы төрағасының, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналардың, ауданнның бас имамы М.Ахметовтың және құрылымдық бөлімшелері мен медицина мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен 3 бөлімнен тұратын «Ана – өмір тірегі» атты акциясы өткізілді.

2017 жылғы 7 наурыз күні «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне» орай, 60-тан астам көпбалалы аналары мен «Алтын алқа, Күміс алқа» иелерімен ардақты аналарын «Тұлпар» мейрамханасының төріне шығарып, ақ дастархан жайылды.

2017 жылдың 07 наурызында «Халықаралық әйелдер күніне» орай аудан әкімінің орынбасары Б. Пірәлиев аудандағы 3 ұзақ өмір сүруші Ермекбаева Әсел, Нарымбетова Алтын, Султанходжаева Атыбай және Ұлы Отан соғысы ардагері Калюжная Мария Васильевнаның үйлеріне барып құттықтады. Құрметті ұзақ өмір сүрушілерге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын құрметпен ұсынды.

2017 жылдың 08 наурызы күні Наурызбай ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлы №1 қалалық аурухананың перзентханасындағы дүниеге сәби әкелген бір топ аналарды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.

2017 жылдың 10 наурыз күні Наурызбай ауданы әкімі аппараты «Забота» кризистік орталығымен бірлесіп әкімшілік, сот, прокуратура, мектеп және емхана ғимараттары салынып жатқан Шұғыла шағынауданы 153 ГА аумағында сыртқы және ішкі еңбек мигранттары арасында түберкулез ауруын ерте кезеңде анықтау және ауруды алдын алу мақсатында профилактикалық тексеріс өткізді.

2017 жылдың 15 наурызы күні Наурызбай ауданы әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Сайфеденовтың төрағалық етуімен жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, Ішкі Істер басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Жұмыспен қамту орталығының, медицина мекемелерінің, білім саласының өкілдері және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары қатысты.

2017 жылдың 15 наурызы күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Пірәлиевтің төрағалық етуімен медицина мекемелерінің рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуы және Алматы қаласы маслихат депутаты М.Абдуллаевтың «Алматы қаласы Наурызбай ауданы қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға медициналық көмек сапасын жақсарту жөніндегі Пилоттық жобасын» талқылау бойынша жұмыс жиналысы өтті.

2017 жылдың 15 наурызында Наурызбай ауданы әкімі аппаратымен «Наурыз» мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Наурызбай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагері Иванов Сергей Михайловичтің үйінің ауласында сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ардагерлер үйінде «Су желісі» МКК мамандарымен су құбыры жүргізілді.

2017 жылдың 27 наурызы күні «Премьера» тұрғын үй кешені тұрғындарының қатысуымен «Премьера » мейрамханасында кезекті «Наурыз мейрамы» аталып өтті. Қонақтар дәстүрлі түрде жайылған дастархан басында, ауданның шығармашылық тобының коцерттік бағдарламасын тамашалады.

2017 жылдың 28 наурызы күні Наурызбай ауданы «Қарағайлы» шағынауданында орналасқан «Ана үйі» Қоғамдық қорының құрылғанына 3 жыл толды.

2017 жылдың 31 наурызы күні №188 жалпы білім беретін мектептің холлында, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық халықты Жұмыспен қамту орталығының «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді.

2017 жылдың 06 сәуір күні №7 қалалық клиникалық аурухананың мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылға бекіткен кестесіне сәйкес, №7 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігері, маслихат депутаты М.Абдуллаев білім және медицина мекемелері қызметкерлерінің, зейнеткерлердің қатысуымен кезекті «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»жүйесінің енгізілуі және оның маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді

2017 жылдың 06 сәуір күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі С. Сайфеденовтың төрағалық етуімен халықты жұмыспен қамту және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру мәселесі бойынша тоқсандық қорытынды жұмыс жиналысы өтті.

2017 жылдың 07 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Прәлиевтің төрағалық етуімен Штаб отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық Штаб мүшелері мен мобильдік топтың жауапты тұлғалары қатысты.

Бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдың 13 наурызында аудан әкімі орынбасары азаматтарды жеке сұрақтарымен кезекті қабылдауын өткізді.

2017 жылдың 17 сәуірі күні №7 қалалық клиникалық аурухана мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж. Кужамбердиева Қазақстанда әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қамтамасыз етудегі жаңа қадамдар жайлы насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен кездесу өткізілді.

2017 жылдың 18 сәуір күні №192 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында аудан тұрғындарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»туралы және оның маңыздылығы бойынша маслихат депутаты, №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері М.Абдуллаевтың төрағалық етуімен ақпараттық - түсіндірме жұмысы жүргізілді.

2017 жылдың 20 сәуірі күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат басшысы М.Нысаналиевтің төрағалық етуімен Наурызбай аудандық медицина мекемелерінің 2017 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша жиналыс өтті.

2017 жылдың 26 сәуірінде 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Чернобыль апаттарын жоюға қатысқан жауынгерлерді еске алу салтанатты іс –шарасы өткізілді. Осы жылы Чернобыль АЭС апатына 31 жыл толды.

2017 жылғы 26 сәуір күні Наурызбай ауданы әкімінің аппаратының мәжіліс залында 30 мүмкіндігі шектеулі және көп балалы аналарға Алматы қаласының маслихат депутаты, №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері М.Ш.Абдуллаев міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыру бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

2017 жылғы 27 сәуір күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №157 жалпы білім беретін мектепте 9 – 11 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

2017 жылдың 28 сәуірі күні «2017 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Наурызбай ауданының жұмыс берушілерімен халық арасында ақпараттық – түсіндірме жүргізу» кестесіне сәйкес, «Рэм Кран» ЖШС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

2017 жылғы 4 мамыр күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Наурызбай аудандық «Көпбалалы аналар» қоғамын құру мақсатында 30 ананың қатысуымен жиналыс өткізілді.

2017 жылдың 4 мамыр күні №188 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

  1. аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы маслихат сессиясының кезектен тыс шешіміне сәйкес, 143 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және теңестірілгендерге, бір реттік жәрдемақы 5 млн. 250 мың теңге көлемінде төленді.

2017 жылғы 11 мамыр күні №176 мектептің мәжіліс залында «2017 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Наурызбай ауданының жұмыс берушілерімен халық арасында ақпараттық – түсіндірме жүргізу» кестесіне сәйкес, ауданда тұратын зейнеткерлер арасында кездесу ұйымдастырылды.

2017 жылдың 12 мамырында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының  кезекті отырысы өтті.

2017 жылғы 16 мамыр күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат басшысы М. Нысаналиевтың төрағалық етуімен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру және әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарға көмек көрсету бағытында жиналыс өткізілді.

2017 жылғы 17 мамыр күні аппараттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі №460 Жарлығы бойынша «Алтын алқамен» Б.А. Абдулбакиоглу, Г.К. Мусахожанова, «Күміс алқамен» Н.Г. Динасилова, А.А. Елубаева, З.С. Кашиева, Г.А. Мацаева, О.М. Москвина, Н.А.Мукамбаева, А.И. Нурымбетова, А.А. Солтыбаева наградталды.

2017 жылдың 17 мамыр күні әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді.

2017 жылдың 22 мамыр күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж.Кужамбердиеваның басшылығымен « Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру бойынша, жеке-меншік мектептердің, бала-бақшалардың және медициналық орталықтарының басшыларымен жұмыс жиналысы өтті.

2017 жылдың 22 мамыр күні Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

29 мамыр 2017 жыл Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері М.Ембергеновтің басшылығымен 2017 жылдың 4 айында аудандық емханаларда негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуы жөнінде және маслихат депутаты, қалалық №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері М.Абдуллаевтың «Қарт адамдарды сауықтыру» жобасын талқылау барысында кеңейтілген отырысы өткізілді.

2017 жылғы 30 мамыры күні «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, аудан әкімінің орынбасары Б.Ә.Пірәлиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған 10 мүмкіншілігі шектеулі балалардың аналарын құттықтады.

2017 жылғы 07 маусымда аудан әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының аясында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша отырыс өткізілді.

2017 жылдың шілде айындаауданда 2 қалалық емхананың ашылуы жоспарлануда.«Қалқаман» шағынауданында ауысымына 200 адамды қабылдайтын №35 қалалық емхананың құрылысы аяқталды. Ашылуы 2017 жылдың шілде айына жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Ақжар» шағынауданының батыс бөлігінде ауысымына 500 адамды қабылдайтын №36 қалалық емхананыңқұрылысы аяқталып, ашылуы 2017 жылдың шілде айында жоспарлануда.

2017 жылдың 28 маусымы күні «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016-2018 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысын орындау мақсатында», Наурызбай ауданы әкімі аппараты «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымымен бірлсесе отырып, жаңа әкімшілік ғимараттарына мүгедектердің қолжетімді ортасын сақтау мақсатында тексеріс ұйымдастырылды.

2017 жылдың 10 шілдесі күні Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек және аудан әкімі С.Сайфеденов Наурызбай ауданындағы ауысымына 500 адамды қабылдайтын №36 жаңа емхананың салтанатты ашылуына қатысты.

20-21.07.2017жылы Наурызбай ауданының медицина ұйымы қызметкерлері – «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен «Денсаулық жолы -2017» ауқымды акциясын «БАРЛЫҚ» базары нарықтық қызметкерлері үшін жоспарлы тексеру өткізді.

2017 жылдың 21 шілдесі күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі С.Сайфеденовтың төрағалық етуімен «Қоғамдық денсаулық сақтау комитетін құру» бойынша жиналыс өтті.

Наурызбай аудан әкімінің аппарты 2017 жылдың 26 шілдесінде, №1 қалалық клиникалык ауруханасы мәжіліс залында әкім орынбасары Б.Пірәлиевтің төрағалық етуімен аудандық медициналық мекемелерінің «2017 жылдың 1 ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарын және рейтингілік негізгі көрсеткіштерінің 6 айлық қорытындысын талдау» бойынша кеңейтілген жұмыс жиналысын өткізді.

2017 жылдың 28 шілдесінде Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, әкім орынбасары Б.Пірәлиевтің төрағалық етуімен аудандық мүгедектер қоғамының жартыжылдық жұмыс есебін беру бойынша жиналыс өткізілді.

2017 жылдың 19 тамызы күні аудан әкімі С.Сайфеденовтің тапсырмасымен, қалалық және республикалық медицина ұйымдарының, білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс комиссиясымен тексеріс ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 19 және 20 тамыз күндері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» (әрі қарай - Бағдарлама) іске асыру аясында «Қалқаман» шағынауданында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен аудандық "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп, жұмыспен қамту мәселесі бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  1. Әйелдерге арналған зейнеткерлік жас – 2018 жылға дейін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»ҚР Заңының 11-бабына сәйкес, 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат басшысы М.Нысаналиевтің төрағалық етуімен жұмыс жиналысы өткізілді.

2017 жылдың 27 қыркүйегі күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратымен Алматы қаласы мүгедектер қоғамының төрағасымен бірлесіп, Наурызбай ауданының әкімшілік кешенінде мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Қазан айында қарттар айлығының аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін, аз қамтылған, жалғыз тұратын зейнеткерлерді қолдау мақсатында көптеген ісшаралар өтізілді. Жалпы 3160 зейнеткер қамтылып, 5 млн. Теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

2017 жылдың 13 қазан күні Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б. Пірәлиевтің төрағалық етуімен «Мүгедектердің онкүндігі» аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні, «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмеркерлер күніне» орай Наурызбай ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлының бекіткен жоспар тапсырмасына сәйкес, «Сундучок» мейрамханасының қолдауымен аудандағы мекемелерде жұмыс атқарып жүрген 40 әлеуметтік қызметкердің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді.

2017 жылдың 24 қараша күні Наурызбай ауданының әкімі С. Сайфеденовтың төрағалық етуімен, аудандық медицина мекемелерінің басшыларының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің және мектептегі медициналық қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.

2017 жылғы 27 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 қарашадағы №575 Жарлығы бойынша «Алтын алқа» алқасымен А. Ш. Мырзанбекова наградталды.

 Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар

 Жыл басынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 3028 адамға қызмет көрсетіліп, жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды.

         Әлеуметтік жұмыс орындарына 93 адамды жіберу жоспарланып, 107 адам жіберілді.

         Жастар тәжірибесіне 150 адам жіберу жоспарланып, 128 жас түлектер тәжірибе жинақтауға жіберілді.

         Тұрақты жұмыс орындарына 1643 адам жіберу жоспарланып, 1699 адам жіберіліп отыр.

         Қоғамдық жұмыс орындарына 250 адамды жіберу жоспарланып, 259 адам жіберіліп отыр.

         Кәсіби оқытуға 375 адамды жіберу жоспарланып, 268 адам жіберілді.

 Денсаулық сақтау

 Ауданда 3 аурухана №1, 7 қалалық клиникалық аурухана, УК «Ақсай», 4 қалалық емхана №26, 27, 35, 36 және 2 дәрігерлік амбулатория Қарағайлы, Қарғалы, 1 фельдшерлік – акушерлік пункт Құрамыс орналасқан.

         Қазақстан Республикасы «Денсаулық» 2016-2020 жылғы денсаулық сақтауды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2017 жылдың 11 айында Наурызбай аудандық медицина бірлестігімен ауданда және Алматы қаласында тұрғындарына медициналық көмек беруді жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылды.

         ЖҚА қайтыс болғандар – 50,2%;

         ФГ жоспарының орындалуы – 64,1%;

         1-2 кезеңіндегі қатерлі ісік ауруын анықтау – 50,3%;

         4 кезеңіндегі қатерлі ісік ауруын анықтау – 15,5%;

         Нәресте өлімі – 2,2%

         Ана өлімі – жоқ

         Кәсіптік тексерістің орындалуы – 91,7%;

         Туберкулез аурумен ауратындар – 31,1%;

         Деструктивті туберкулез ауруының деңгейі – 21,2%;

         Туберкулез ауруынан қайтыс болғандар – 2,6%;

         100 мың тұрғынға шаққандағы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар – 95,7%;

         СӨҚ – 2017 жыл 11 айлық – 85 акция өткізілді.

         2017 жылғы 1 ай көлемінде 4 шағым түскен.

 Жәрдемақы төлеу бойынша көрсетілетін көмек

18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 75 жанұя/242 балаға – 1 млн. 819 мың 880 теңге тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек 1 жанұя/8 балаға - 47 мың 589 теңге тағайындалды.

2 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 8 өтініш иесіне, 94 мың 222 теңге төленді.

5,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 10 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларынан құжаты қабылданып, 1 млн 210 мың 560 теңге төленді.

7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға 184 өтініш иесіне тағайындалып, 4 млн. 764 мың 900 теңге төленді.

         7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 29 өтініш иесіне, 2 млн. 652 мың 461 теңге төленді.

         7,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 125 өтініш иесіне, 2 млн. 25 мың 142 теңге төленді.

         Тұрғын үй көмегіне 30 өтініш иесіне, 515 мың 60 теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

 

 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

 Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жеке көмекшілермен, және санитарлық гигиеналық, көмекші тағы басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жыл басына 878 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар өтініш білдіріп, оның ішінде 856 өтініш иесі қамтамасыз етілді.

-жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедетерді жеке көмекшілердің көмегімен қамтамасыз ету бойынша 111 мүгедектерден құжаттар қабылданып, 110 адамға жеке көмекші тағайындалды.

-Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 50 адамнан құжат қабылданды, 47 адам қамтамасыз етілді.

-Санаторий-курортық емдеуге - 286 адамнан құжат қабылданып, 282 адам қамтамасыз етілді.

-Тифлотехникалақ құралдармен 30 адамнан құжаттар қабылданып, 30 адам қамтамасыз етілді.

-Сурдотехникалақ құралдармен 33 адамнан құжаттар қабылданып, 26 адам қамтамасыз етілді.

-Протезді-ортопедиялық орталыққа 152 адамнан құжат қабылданып, 148 адам қамтамасыз етілді.

-Санитарлық гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 168 адамнан құжат қабылданып, 167 адам қамтамасыз етілді.

- Мүгедектерге арналған тіл маманы - 4 адамнан құжат қабылданып, 4 адам қамтамасыз етілді.

- Балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 9 адамнан құжат қабылданып, 7 адам қамтамасыз етілді.

- Үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 7 адамнан құжат қабылданып, 7 адам қамтамасыз етілді.

- Медициналық әлеуметтік мекемеге жолдама 28 адамнан құжат қабылданып, 28 адам қамтамасыз етілді.

         - «Инватакси» - мен 9 адам қамтамсыз етілді.

 

 

        

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений