Бастапқы   
 
 
     Жұма 13 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Білім
Барлық жаңалықтар
Наурызбай аудандық білім бөлімінің 2016- 2017 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі

             2017 жылы Наурызбай аудандық барлық білім беру бөлімдері Алматы қаласының білім беру Басқармасының, Наурызбай аудандық білім бөлімі, мектептер мен балабақшалар оқу -тәрбие жоспарларына сәйкес жұмыс атқарды. Есеп беру мезгіліне сәйкес білім жүйесінде 1 мектеп-гиназия №176, Жалпы білім беретін 5 мектеп (№157,186,187,188,192) және 4 жекеменшік мектеп (Самай, Марьям, Абылай, Бәйтерек)  .             Қазақ қоғамында барлық қызмет көрсету аясының динамикалық өзгеруіне байланысты баланың мектепке дейінгі оқуын дамытатын іргелі, өте жоғары талаптар қойылады.Өткен жылы біз « Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік,оның мақсаты мектепалды оқу және тәрбиемен мектеп жасына дейінгі балаларды тең дәрежеде толықтай қамту болды. 2016-2017 оқу жылында Наурызбай ауданында 42 мектепалды ұжым жұмыс атқарды, ол 2174 баланы қамтыды. Ауданымыздың мектепалды білім беру жүйесі:

- 2 мемлекеттік мекемемен,оның ішінде 2 балабақшада қазақ тілінде білім береді.    

              Наурызбай ауданында мемлекеттік мектепалды ұжымдарымен қатар, 40 жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді. Онда балалар саны -1647.

Сонымен қатар ауданымыздың 4 мектебінде мектепке дейінгі даярлық топтарында 432 бала білім алуда.

                Бүгінгі күнде кезекте тұрғандар саны -1419 балаға жетті, 0-6 жас аралығында-1419, 3 - 6 жас аралығында – 668 . Мектепалды тәрбие мен оқытуда жалпы бала санын қамту мақсатында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жекеменшік ұйымдарға да кіріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол үшін 40-жекеменшік балабақшаның ішіндегі 37-не 1636 орындық «Мемлекеттік тапсырыс» бағдарламасы бойынша мемлекеттік ұсыным көрсетілген, ол жекеменшік білім ұйымдарының 92 % қамтылуын көрсетеді.          Мектепалды ұйымдарында 207 ұстаз еңбек етеді Озық технологиялармен жаңа әдістерді тәжірибеге белсенді ендіру өз жемістерін беруде.

             №172б/б қалалық мектепке дейінгі ұйымдар арасында     «Практикалық міндеттерді шешу   үшін қолданылатын технологиялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өткізді. Тәрбиешілер: Д.Мунашева , А.Шеримкулова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тәуелсіздіктің 25- жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай   қалалық семинар   «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» атты   отбасылық сайысты ортаңғы топ тәрбиешісі   Н.Амирова өткізді.

 

               «Универсиада – 2017» аясында аудандық мектепке дейінгі ұйымдар арасында           ұйымдастырылған   балалар шығармашылық   конкурсында Гран-приді №172 балабақша тәрбиеленушісі Серік Саян   иеленді.

            «Универсиада – 2017ж» балабақша бойынша «Әкем, шешем және мен» отбасылық     сайысы өткізілді.

              Балабақшаның ашылуына 5-жыл толуына байланысты аудандық   кәсіподақ ұйымының   қатысуымен   «Көктем аруы - 2017» кәсіподақ мүшелерінің арасында сайыс өткізілді.

«Үздік кәсіподақ ұйымы-2017ж» және «Үздік кәсіподақ көсбасшысы-2017ж» тақырыбында ауданішілік және қалалық сайыс болып өтті. Байқауға Алматы қаласының барлық аудандарынан, ауданішілік сайыста орын алып жоғары нәтижеге жеткен мекемелер қатысты. Наурызбай ауданы мекемелер арасында өткен сайыста «КМҚК №172 бөбекжай балабақшасы» 1-орын алып қалаға жолдама алды. Алматы қалалық аудандар арасынан суырылып шыққан 13 мекеме яғни мектептер, гимназия, мектепке дейінгі ұйымдар қатысты. Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарын көрсетіп, үздік ұйым атану үшін бақ сынасты. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша әр ұйым кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экокономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары , кәсіподақ ұйымының ішкі жұмыстары , мәдени шаралар ұйымдастырылуы және қаржылық жұмысы жайлы мәліметтер жинақталған мағлұматтарын арнайы дайындалған портфолиолар мен бейнероликтер арқылы әділ қазылар алқасы назарына ұсынды. Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар кәсіподақ белсенділерін, кәсіподақ көшбасшысын презентация, бейнероликтер арқылы таныстырып ұжым бойынша өз өнерлерін көрсетіп, әділ қазылар көңілінен шыға білді. Дегенмен, басты назар кәсіподақ ұйымының кәсіподақтың еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуы бойынша жұмыстарына, іс жүргізу құжаттарына , жұмыс жоспары мен олардың орындалу барысына , жастармен жұмыс, ардагерлерге құрмет, жұмыскерлердің демалысын ұйымдастыру , кәсіподақ ұйымының қаржысының мақсатты жұмсалуы тиімділігі сияқты негізгі бағыттарда болды. Барлық ұйым байқауға асқан жауапкершілікпен, мықты дайындықпен келген. Сондықтан әділ қазыларға жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ. Нәтижесінде Наурызбай ауданы ең жас шағын аудан болғанымен Нәтижесінде «КМҚК №172 бөбекжай балабақшасы» ІІ-орын алды.

«Путешествие на воздушном шарике» тақырыбында Балашақ балабақшасы аудандық семинар өткізді, Нұрбөпе балабақшасы «Универсиада-2017» тарту ретінде «Спорт-өмір көркі» тақырыбында спорттық іс-шара өткізді.

              

 

             Балалар ұжымының тәлімгерлері балалардың дене тәрбие дамуына да аса назар аударады.          

          Білім беру жүйесінің қайта қарастыру мәселелерінің ең бастысы - білім беру сапасының бағалау жүйесін жандандыру. Жыл сайын өткізілетін біріңғай ұлттық тестілеудегі оқушылардың білім сапасы, оқытудағы білім сапасының нақты көрсеткіші болып саналады.               2017 жылы 11-сынып түлектерінің жалпы саны - 306 адамды құрады. (оның ішінде жекеменшік мектептерден – 28 ) түлек аяқтады. Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерді - 247 түлек, оқу орыс тілде жүргізілетін мектептерде - 59 түлек аяқтады.    Аудан мектептері түлектерінің жалпы санынан ҰБТ-ға 277 оқушы қатысты.

   Сонымен қатар ҰБТ-ны қазақ тілінде – 235 түлек , орыс тілінде -42 түлек тапсырды.

      2017 жылғы көрсеткіш мониторингі өткен жылмен салыстырмалы түрде келесі кестеде берілген.

 

 

Оқу жылы

 

 

 

 

 

ҰБТ тапсырғандар

5 пәннің орта балы

«Алтын белгі»   үміткерлері

Олардың иегерлері

Үздік   аттестат үміткерлері

Олардың иегерлері

2014-  2015

231

87,8

7

5

3

3

2015-

2016

265

87,7

15

13

4

4

2016-2017

277

85

16

16

31

31

     Аудандық білім беру ұйымдарында оқушылардың жетістігін бағалау мақсатты жоспарлы, жүйелі бағытталған сипат алуда, алынған мәліметтерді талдай отырып, кейбір сапасыз білім беру себептері анықталуда және оларға білім беру сапасын көтеруге педагогикалық және басқару шаралары қолданылуда.

 

Келесі кестеде өткен жылмен салыстырмалы түрде орта балдың өзгеру динамикасы көрсетілген:   2017 ҰБТ қорытындысы

Рет саны

Мектеп№

ҰБТ тапсырғандардың жалпы саны

2016-2017ж орта бал

2015-2016ж

Орта бал

өзгеруі

1

157

62

80,5

90

-9,5

2

176

77

96,1

95,6

+0,5

3

186

34

85,7

83

+2,7

4

187

13

85

78,4

+6,6

5

188

54

97,1

93,8

+3,3

6

192

38

60,8

78,4

-17,6

7

Абылай-Т

8

72

75,2

-3,2

8

Марьям

9

91,6

79,1

+12,5

9

Самай

6

66,7

83

-16,3

10

Бәйтерек

5

83

 

 

Барлығы

 

306

85

87,7

-2,7

  

Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша «Алтын белгіге» 16 үміткерден, 16 үміткер дәлелдеді.

№п/п

Оқушының аты- жөні (толық куәлікпен)

Мектептің атауы

1

Балтабек Дәулет Ботаұлы

№176   мектеп -гимназия

2

Айдарбек   Аружан Бауыржанқызы

№176 мектеп   -гимназия

3

Толымбек   Аружан Айбекқызы

№176 мектеп   -гимназия

4

Салибжан Жанна   Айбарқызы

№176 мектеп   -гимназия

5

Нұрлан Ақжол   Нұрланұлы

№176 мектеп   -гимназия

6

Досаева   Сабина Нурланқызы

№188 жалпы   білім беретін мектеп

7

Керимкулов   Достухамет Инатуллаевич

№188 жалпы   білім беретін мектеп

8

Джумабаева   Альфара Женискожаевна

№188 жалпы   білім беретін мектеп

9

Токина Аружан   Азаматқызы

№188 жалпы   білім беретін мектеп

10

Нұрғалиқызы   Динара

№157 жалпы   білім беретін мектеп

11

Семейханов   Асхат Сакенович

№157 жалпы   білім беретін мектеп

12

Агабекова Маржан Хамитовна

№157 жалпы   білім беретін мектеп

13

Секенова   Ботағөз Нурболқызы

№157 жалпы   білім беретін мектеп

14

Апенова Хадиша   Ермекқызы

С.Көпбаев   атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп

15

Ғазисов Мұхаметали Ермекұлы

Рахым   Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп

16

Кыдырғажи   Камила Серікқанқызы

«Самай» Алматы математикалық-лингвистикалық мектебі

  

              Халықаралық, Республикалық, қалалық ғылыми жобалар байқауының нәтижесі дарынды балаларымен жүргізілген жұмыстың негізгі көрсеткіші болып табылады:                Оқушылар арасындағы мектеп пәндерін дәріптеуге ықпал ететін, түрлі деңгейдегі интеллектуалды конкурстар, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар өткізу интеллектуалды дарындылығын дамыту және анықтау бойынша жұмыс жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.           Қалалық олимпиада нәтижесі бойынша біздің ауданның оқушылары 2016 жылы 16 жүлделі орын иеленсе, 2017 жылы орын саны - 11 . Мына мектеп оқушылары қалалық олимпиада жүлдегерлері болды:176 мектеп гимназиясынан-3 оқушы, 192 мектептен -1 оқушы, 157 мектептен-3 оқушы, 188 мектептен-1 оқушы, 186 мектептен-1 оқушы,187 мектептен-1 оқушы жүлделі 1,2,3-орындарды иеленді.           2017 жылы республикалық пәндік олимпиадаға №176 мектеп-гимназиясынан 1 оқушы- Даубасов Нұрдәулет республикалық пәндік олимпиадаға қатысып,жүлделі 1 орынды иеленді. Сонымен қатар Президенттік олимпиададан №188 мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Керимкулов Досмухамет биология пәнінен ІІІ орынды иеленді. Қалалық геологиялық олимпиадада №188 мектептің 10 -сынып оқушысы Қайысбекова Нұрайша ІІорын, 8-сынып оқушысы Джанболат Бекзат ІІ орын, 7-сынып оқушысы Тоқтағазинов Шыңғыс ІІ орынды иеленді.

Қалалық ғылыми жобалар конкурстарына ауданымыздан 4 оқушының еңбегі жүлделі орынды иеленді. 4 жүлдегер 6/67 пайызды құрады. Атап айтқанда №187 мектептің 11-сынып оқушысы Әбу Мөлдір, мұғалімі Г.Әмринова, 9-сынып оқушысы Константин Егор, №188 мектептің 11- сынып оқушысы Жолдасбай Ақерке, мұғалімі О.Жұмадилова, А.Жаутикбаева, №157 мектептің 11- сынып оқушысы Манапбай Ақерке, мұғалімі Н.Бүртебаева иеленді. Қалалық «Зерде» ғылыми жобасы бойынша №188 мектептің 2-сынып оқушылары Ақберген Сағдат – І орын, Амангелді Бекайдар – І орын, Қалқаман Зарина – ІІ орын, Жұбандық Нұрай – І орын. 3-сынып оқушысы Гизатуллина Жанерке ІІІ орын иеленді. Осы «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қалалық байқауы Рысқалиев Рамазан 1-дәрежелі диплом алып, XII республикалық конкурста  «Су-тіршілік көзі» тақырыбында 3 дәрежелі дипломға қол жеткізді.

№176 мектеп – гимназияның 2016 – 2017 оқу жылында «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде жүлдегер атанған оқушылар тізімі.

Оқушының аты-жөні

Сынып

Секция

Тақырыбы

Пән мұғалімі

1

Байғара

Дамир

2

экология

 

«Мен тұратын қаланың   ауыз суы»

 

Парменова М.С.

2

Барлыбай Қарақат

2

3

Джамбулбаева Адия

2

биология

«Қазақстанды мекен   еткен түйеқұстар»

Парменова М.С.

4

Сейтбек Санжар

2

5

Бақбергенова Қазына

2

 

биология

«Сарымсақтың   пайдасы»

 

Парменова М.С.

6

Байсын Мұхаммед

2

7

Қабдырай Камила

4

математика

«Сандар сыры»

Парменова М.С.

8

Доғдырбай Элеонора

4

 

                 Қалалық «Жол қозғалысының жас инспекторы» байқауына «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ-нің   командасы қатысып, қала бойынша жүлделі 2- орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен және Арнайы мадақтамалармен марапатталды.

                 Қалалық «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының жарысында №186 жалпы білім беретін мектептің командасы жүлделі бірінші орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.

              Оқыту мен тәрбие жағдайын сипаттайтын маңызды сапалық көрсеткіштердің бірі педагогтердің біліктілік деңгейі болып табылады.

Аудандық білім беру ұйымдарында 704педагог қызмет етеді.Олардың 652 жоғары білімді,бұл 92 пайызды құрайды.Жоғары санатты 159 (23,7 %) ,бірінші санатты -207 (25,7%) ,екінші санатты 198 (29,5% ),санатсыз-140 (29,5%) оқытушы бар. Мамандардың кәсіби дайындығының деңгейі көбінесе педагогтердің біліміне және олардың біліктілігіне байланысты. Аудан мектептерінің мәліметі бойынша педагогтердің 100% өзінің кәсіби қызметінде (сабақ барысында, сабаққа дайындық кезінде,өз білімін жетілдіру үшін) компьютерде жұмыс істейді. Педагогтердің Web – қорларды – 100 %, электрондық поштаны – 100% қолданады. Педагогтердің 100% өз әдістемесін құруды қолға алып,оны ИКТ оқыту барысында қолдана бастады.   Аудан мектептерінің мұғалімдер ұжымы барлық қалалық сайыстарға, жарыстарға, байқауларға белсенді түрде қатысады:Аудандық «Үздік ұжым-2017» байқауынан 1-орынды иеленген №176 мектеп-гимназиясының ұжымы қалалық байқауға жолдама алды.

«Үздік педагог-2017» байқауы ұйымдастырылып барлық мектептердің мұғалімдері қамтылды, мектептер арасынан қалалық байқауға Махамбетова Жеңіскүл Шахзадаевна ,№176 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі жүлделі бас жүлдені иеленіп,қалалық байқауға жолдама алды.

Сонымен қатар «Абай», «Махамбет», Мұқағали», «Байтұрсынов», «Ілияс» оқулары да өз дәреждесінде өткізіліп, жеңімпаздары қалалық байқауларға жіберіліп отырылды. А.Байтұрсынов оқуынан қалалық байқауда №176 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ш.Елшібекова 1-орынды иеленді. Ілияс оқуынан қалалық байқауда №188 мектептің 7-сынып оқушысы Есимбек Аман бас жүлде иеленіп Республикалық байқауға жолдама алып, «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды. «Абай» оқуларынан аудандық байқауда №157 мектептің 7-сынып оқушысы Маметова Айсауле-2-орын, №186 мектептің 9-сынып оқушысы Темірбаева Алтынай -3-орын, №157 мектептің 9-сынып оқушылары Тұрсынғали Ілияс-2-орын,Алиханова Фариза -3 орынды иеленді.«Мағжан оқуы» сайысына қатысқан №188 мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Ділдәбекова Ақмарал – ІІІ орын, 10 «Ә» сынып оқушысы Ғалымжанова Ботагөз – ІІІ орын, №157 мектептің 9- сынып оқушысы Шерен Ажар жүлделі орынды иеленді. 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық «Ақберен» ІҮ республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауында «Ақындар мүшәйрасы» бөлімі бойынша қалалық байқауда Шәкәрбек Аида-3-орын, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бөлімі бойынша Тұрсынғали Ілияс 3-орын, №188 мектептің 10- сынып оқушысы Қайсбекова Нұрайша І-орынды, «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» 9-сынып оқушысы Абдиманапов Бекзат ІІ-орынды иеленді.

Қалалық «Жарқын болашақ» ІХ «KATEY» қазақ тілі байқауында бас жүлдені иеленген №188 мектептің 10- сынып оқушысы Қайсбекова Нұрайша, 2-орынды Мадрахимова Динара иеленді.

Қалалық «Махамбет» оқуларынан «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ –нің 9-сынып оқушысы Сарсебеков Нұрболат 2-орынды иеленді.

«Балалар көзімен «ЭКСПО-2017» атты шығарма байқауында №186 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Кеңес Томирис,3-орынды №176 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әшім Олжас , 188 мектептің 10-сынып оқушысы Қайыспекова Нұрайша 3- орынды,7-сынып оқушысы Қаңтарбаева Шұғыла 3-орынды иеленді.

Халықаралық «Дара бала» байқауына №186 мектептің 10- сынып оқушысы Дүйсенғазы Бота қатысып, бас жүлдені иеленді.        Оқу жылының барысында білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында және педагогикалық ұжымдардың жұмысының сапасын анықтау үшін кезекті мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеруден №186,187,188 мектептері өтті. Тексеру комиссиясы мектептердің оқу-тәрбие барысын Мемелекеттік стандарты талаптарына сәйкес жүргізілетінін көрсетті.Тексеру нәтижесі бойынша жоғарыда аты аталған педагогикалық ұжымдарының жұмыстары жақсы, тұрақты екені анықталды. Әйтсе де мектеп әкімшіктеріне: дарынды балалармен жұмысқа тиісті көңіл бөлінбегені, өзін-өзі басқару және балалардың қажетті қоғамдық ұжымдарын ұйымдастыруына, оқу-тәрбие ісіне жаңа технологияларды жүйелі енгізу бойынша бірқатар ескертулер жасалды.

             Сонымен қатар мектептерімізде аудандық,қалалық,республикалық семинарлар өткізілді.Атап айтқанда «С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ» КММ-нде « Бөлім/ортақ» тақырыптар бойынша «Оқушыларды  жиынтық бағалауға дайындау» тақырыбында аудандық семинар, «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ-нде аудандық директорларға арналған «Жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау білім алушыны дамытады,оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағыттайды» , «2016-2017 оқу жылында 11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау» тақырыбында аудандық оқу ісі жөніндегі орынбасарларға арналған семинар, «Оқушылардың білім сапасын бағалау өзін-өзі,бірін-бірі бағалау арқылы іске асыруды қалыптастыру» тақырыбында семинар-парктикум,Республикалық директорларға арналған «Оқытудың жаңа мазмұны» тақырыбында семинар өткізілді. «Соқпақбаев атындағы №188 ЖББМ» КММ-нде «Жаңа білім жағдайында 1-сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту» қалалық семинар, №157 ЖББМ» КММ-нде «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында аудандық семинар өткізді.№176 мектеп-гимназиясы «Жаңаша оқытудың жолдарын дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізді.

  Жазғы сауықтыру - балалардың денсаулығын нығайту бойынша мектеп жұмысының бір бағыты. Жаз мезгілінде 4 мектептің жанында тамақпен 7978 оқушы жазғы лагерге қамтылды.

Көп балалы, жағдай төмен отбасыларынан қала сыртындағы

лагерлерінде 300 балаға демалыс ұйымдастырылуда.

1-    бағыт: Қазақстандық патриотизм, құқықтық тәрбие.

Наурызбай ауданы мектептерінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент

күніне байланысты іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.«Еңселі ел-Елбасымен көрікті»,«1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні»,«Менің тұңғыш Президентім»атты стенд,бильбордтар шығарылды.Сыныптарда «Менің тұңғыш Президентім»,«Қазақстанның тұңғыш Президенті», «Халық таңдаған Президент»,«1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні»,«Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»,«Еңселі ел-Елбасымен көрікті» атты тақырыптарда сынып сағаттары,дөңгелек үстелдер,әңгімелер,пікір алысулар ұйымдастырылды. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы фильм көрсетілді.

   Желтоқсан айында аудан мектептерінде «Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына» орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. №192 ЖББ мектепте «Тәуелсіздік-тәңірден келген сый» атты аудандық семинар өтті.

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-25 жыл толуына байланыстыаудан мектептері арасында «Тәуелсіздік-елімнің жүрегі»интелектуалды ойыны өтті.Жарыс қорытындысы бойынша №188 ЖББ мектеп оқушылары бірінші орынды иеленді.

   Ауданда «25 жыл-25 Жұлдыз» атты айлық өтті.№188 ЖББ мектепте кездесу ұйымдастырылды.Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,халықаралық қатынастар факультетінің деканы,философия ғылымдарының докторы, профессор-Раев Дәулетбек Садуақасұлымен кездесу болды.

№176 МГ да Мәңгілік ел:Бір ел-Бір тағдыр» атты тақырыпта Республикалық семинар өтті.

   «Р.Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ 11 сынып оқушысы Сүйінбай Бекжан Республикалық әскери патриоттық «Сардар» пән олимпиадасына қатысып,сертификат алды.

   Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша бас маманы С.С Берденов және Қарағайлы ықшамауданының бас имамы Көкрекбаев Ермек «Діни экстремизмнің алдын алу» туралы оқушылармен кездесу өткізді. «Қатерлі Жиhадизм» қысқа метражды бейнеролик көрсетті.

   2016 жылдың 15-30 қарашасы аралығында аудан мектептерінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты Республикалық ақпарттық науқан өтті.

2-бағыт:Рухани-адамгершілік тәрбие.

   Аудан мектептерінде «Қарттарым –асыл қазынам» атты айлық өтті.Айлық барысында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедек тұрғындардың үйлеріне сенбілік ұйымдастырды.

   2016ж. 4 қазан күні С.Көпбаев атындағы №186 ЖББ мектепте «Қарттарым –қазынам» тақырыбында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Т.Каркеновтың ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті.

№157 ЖББ мектепте «Қыз Жібек» бағдарламасы аясында «Қыз өссе-елдің көркі» атты аудандық семинар өтті.

«Қайырымдылық жасауға асық» атты девизбен №187 ЖББ мектепте өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен аудандық дөңгелек үстел өткізілді.

3-бағыт:Ұлттық тәрбие.

   Қыркүйек айында Наурызбай ауданы мектептерінде тіл апталығы өтті.Апталық барысында №192 мектепте «Достық фестивалі» өтті.Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосу мақсатында достық фестиваліне мектеп оқушылары қазақ,орыс,ұйғыр,өзбек халықтарының салт-дәстүрлерін көрсетті.

 

 

4-бағыт:Отбасы тәрбиесі.

   Жыл басында Наурызбай ауданының барлық мектептерінде мектепте ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар комитеті сайланды.

   Жалпы ата-аналар жиналысы шақырылып, ата-аналар арасынан комитет төрағасы және ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланды.Жыл бойы ата-аналар жиналысы 6 рет шақырылды,хаттамалар жазылды.Қиын балалармен жұмысқа ата-аналарды қатыстырып жиындар өткізілді.Ұлдар мен қыздар мектебіне ата-аналар комитетінің мүшелері қатыстырылды.Баяндамалар оқылды,сұхбат,дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

   Қыркүйек айында № 192 мектепте «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында өткізілген іс-шара негізінде «Әкем,анам және мен» атты отбасылар арасында аудандық эстафеталық спорт ойындары өтті.

5-бағыт:Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие.

   Аудан мектептерінде 2016 жылдың 1-30 қазаны аралығында экология айлығы өтті.Айлық барысында мектеп оқушыларының, ата-аналардың қатысуымен табиғатты қорғау тақырыбында тәрбиелік шаралар,көркейту жұмыстары жүргізілді.Адам тіршілік етіп,өмір сүргені үшін табиғатқа қарыздар екенін түсіндіру мақсатында мектепте «Экологиялық айлығы»,«Жас эколог» қозғалысы ұйымдастырылып,мектеп айналысында және көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.«Жасыл ел» бағдарламасын қолдап және аудан әкімінін бұйрығы негізінде «Таза қала,таза көше» атты сенбілік ұйымдастырылды.

   Желтоқсан айында С.Көпбаев атындағы №186 ЖББ мектепте «Тірі табиғат» тақырыбында қалалық конференция өтті.

6-бағыт:Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

   Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Алматыға 1000 жыл» көрмесіне қатысып,№176 мектеп-гимназия алмадан киім тігіп, бірінші орынды иеленді.

   Алматы қаласы білім басқармасының бекіткен «ЭКСПО-2017»жоспарларына сәйкес,ай сайын аудан мектептерінде ашық сабақтар өткізіліп тұрды.Ауданда сәуір айында «Экспо-2017» тақырыбындағы жас оқырмандар сайысы ұйымдастырылды. 20.04.17ж «Экспо-2017» қалалық байқауына №186 ЖББ мектеп оқушылары Хусаинова Карина,Дүйсенғазы Бота қатысып жүлделі орындарға ие болды.

   Ауданымызда «Балалардың көзімен-ЭКСПО-17» тақырыбында 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ-орыс,ағылшын тілдерінде қалалық шығармалар байқауы ұйымдастырылды.Аудандық конкурс жеңімпазы №157 мектептің 10 сынып оқушысы Жұмажан Назерке қалалық шығармалар байқауына қатысып, 2-орын иеленді.

   Аудандық «ЭКСПО-17» арнау өлеңдер конкурсының жеңімпаздары ,157 ЖББ мектеп оқушысы Алиханова Фариза,№ 186 ЖББ мектеп ұжымынан Мелдеханова Жарқынай,Толдыбаева Дания,Төлеубекова Әйгерім,Бекембаева Гүлназ,Аскербай Гүлназ қалалық «ЭКСПО-17» арнау өлеңдер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

   «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына байланысты «Болашақтың энергиясы» тақырыбында аудан мектептері арасында Экспо сурет байқауы өтті.Қалалық байқауға №157 ЖББ мектеп оқушысы Ильясова Лейла қатысып, бірінші орынды иеленді.

7-бағыт:Көп мәдениетті және көркем–эстетикалық тәрбие.

Қазан айында аудан мектептерінде 2-10 сынып оқушылары арасында «Күзгі балл» мерекесі өтті. №192 мектеп оқушысы Ертай Аружан «Жібек Жолы» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестивліне қатысып,дипломант атанды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл толуына байланысты Республикалық «Күз мереке» байқауында №192 мектептің 9 сынып оқушысы Ержанқызы Аружан 1 орын алды. Республикалық балалар мен жасөпірімдер арасында өткен байқауда 1- сынып оқушысы Бегайыл Айым 3 орынды иеленді.

8 бағыт:Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты.

   Аудан мектептері арасында 1-ші сынып оқушылары арасында «Денің сау болсын,балақай!» тақырыбында акция өтті.Онда АҚСӨСҚО-ның дәрігерлік-дене шынықтыру бөлімінің маманы Искакова Рахия Кеңесбекқызы балаларды жарақат түрлерімен,алғашқы көмек көрсету жайлы мағлұмат беру, жолда жүру ережелерін ұмытпауды айтып өтті.

   15 қыркүйек күні аудан мектептері арасында «Денсаулық фестивальі» өтті.Фестивалда 5-9 сыныптар арасында аудандық футболдан жарыс ұйымдастырылды.

   №192 мектеп оқушылары 15 қазан күні Алматы қаласында орналасқан оқушылар сарайында Алматы қаласының аудан мектептері бойынша футболдан өткен жарыста қатысып,3 орын иеленді.Желтоқсан айында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аудан әкімінің ұйымдастырған ұлттық ойындарда №192 мектеп оқушылары 2 орын иеленді,     желтоқсан айында Наурызбай ауданы мектептері арасында өткен баскетбол жарысынан 1 орынды иеленді.

   1.04.2017ж   Алматы қаласының 10-60 жастағы тұрғындарының арасында Қысқы спорт түрлерінен Президенттік сынақ тапсырудан өткен марафонға №192 мектеп ұжымы қатысып, Сайранбекова Қ. -2-орын денешынықтыру пәні мұғалімі, Рашидов С. - 1орын 8 «б» сынып оқушысы, Жидеш А-2орын 5 «а»сынып оқушысы, 9«б»сынып оқушысы Юнусова В. - 3орын иеленді. 2016-2017 оқу жылында Дүниежүзілік 28 –ші қысқы студенттердің Универсиадасының өтуіне байланысты аудан мектептерінде бекітілген жоспар бойынша 1-11 сыныптары арасында «Универсиада 2017 ж» атты үлгілі сынып сағаттары,сурет көрмесі,спорттық жарыстар өтті.Аудан мектептерінде 2016 жылдың 1 желтоқсан халықаралық ЖҚТБ–ға қарсы күрес күніне біз АҚТБ-ЖҚТБ-ға қарсымыз атты акция өтілді.Айлық кезінде оқушылардың арасында нашақорлықты, ішкілікті,темекі шегуді болдырмау мақсатында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер,өнеге сағаттары өтті. Аудан мектептері арасында гепатит А жұқпасының алдын алу мақсатында 1-8 оқушылар арасында диктант жұмысы алынды. Алматы қаласында өткен «Жол ережесінің жас инспекторлар»байқауына №192 мектеп оқушылары қатысып,жүлделі екінші орынды иеленді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған аудандық шахмат жарысын ұйымдастырды.Бұл жарыста №188 оқушылар ұжымы 1-орынды жеңіп алды. Мамыр айында Оқушылар сарайында қала мектептері арасында өткен «Полицияның жас көмекшісі» жасақтарының жарысына С.Көпбаев атындағы №186 ЖББ мектеп командасы қатысып,бірінші орынды иеленді. Наурызбай ауданындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы Банкте тіркелген мәлімет бойынша барлығы 38 қорғаншы және қамқоршы, оның ішінде 47 бала тәрбиеленуде, оның 32 тұл жетім, 13 бала әлеуметтік жетімдік санатына жатады, яғни ата-аналары бар тірі жетімдер, қалған екі бала тастанды балалар. Патронаттық тәрбиелеуге барлығы бар 1 отбасы, оның ішінде 5 бала тәрбиеленуде. Наурызбай ауданында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қорғаншысы мен қамқоршысы болып 98 пайызы жақын туыстары болып табылады. ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2011 - 2015 жж. арналған стратегиялық жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2011 жылғы № 160 қаулысы бойынша 2011 жылғы наурыз айынан бастап қорғаншы мен қамқоршыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баларды асырап бағу жәрдемақы төленеді. Наурызбай ауданы бойынша 33 қорғаншы ата-ана құжаттарын рәсімдеп белгіленген жәрдем ақыны алуда. Аудан бойынша 2016 -2017 оқу жылы ішінде 5 бала балалар үйіне рәсімделіп тапсырылды. 2016-2017 жылдары еки ата-анаға қатысты бала тәрбиесіне салғырт қарап тиісті көңіл бөлмегені үшін қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган тарапынан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беріліп осы сотпен қанағаттандырылды. 24.06.2000 жылы туылған, Александровна Александра Цветкова, 18.12.2006 жылы туылған, Амантаевич Данияр Цветковты және 03.12.2008 жылы туылған, Амантаевич Эльдар Цветковты 13.02.2017 жылы Наурызбай ауданы әкімінің өкімімен балалар үйіне өткізілді. Сондай-ақ, қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган тарапынан, Кежекова Нургуль Саркуловаға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына ата-аналық құқықтарын шектеу туралы талап-арыз беріліп осы сотпен қанағаттандырылды. Балалары 23.09.2013 ж. т., Ганиулы Арман Саркуловпен, және 11.03.2012 ж. т., Мұхамедәлі Саркуловты ата-ананың қамқорынсыз қалуына байланысты Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне өткізілді. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексте көрсетілгендей, әрбір бала өз отбасында өсуге құқылы. Сондықтан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырын шешу кезінде, отбасылық формада тәрбиелеу өте маңызды. Баланы орналастыру бойынша бала үшін ең тиімді ол асырап алу болып табылады, 2016 жылы аудан бойынша 8 баланы отбасы арасында асырап алды. Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның маманы, Наурызбай ауданы Әкімдігі жанындағы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, және ведомствоаралық кеңестің әлеуметтік қауіпті отбасымен жұмыс ету әрекетіне өз үлесін қосады. 2016-2017 оқу жылында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың істері жөніндегі инспекторларымен бірлесе отырып 25 шақты тұрмыстық жағдайлары төмен отбасына тексеру жүргізіліп, өзінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай жүрген ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ Наурызбай ауданы Әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істерімен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен ата-аналық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамайтын отбасыны анықтау үшін 14 рет рейдке қатысты. Наурызбай ауданы бойынша Жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік педагогтарымен жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анықтау және     "Тұрғын үй құқықтарын қорғау, тұрғын үйге мұқтаж балаларды үй кезегіне кою туралы жиналыс өткізіледі. Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органының маманымен аптасына екі рет (сейсенбі, бейсенбі) азаматтарды қабылдау жүргізіледі, сондай-ақ бала асырап алушыларға, патронат тәрбиешілерге құқықтық және заң мәселелері бойынша кеңес беріледі. Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй, тұрмыстық жағдайлары үнемі тексеріледі және жеке істерінде сақталады. Желтоқсан айында 2016-2017 жылы Президенттік шыршамен Әкім шыршасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан 70 бала қатысты. Әлеументтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды сауықтыруға ерекше назар аударылады. Мәселен, Білім Басқармасы атынан 2016 жылдың 20 маусымынан   24 шілде аралығында аудан бойынша 265 бала қала сыртындағы Талғар ауданында орналасқан көрікті шатқал " Огонек" лагеріне жолдамалар берілді. Оның ішінде ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 15 бала, аз қамтылған отбасы балалары – 45бала, копбалалы отбасынан шыққан 76 бала, оқу озаттары– 29 бала қатысты. Сондай-ақ, мектептерде күндіз болатын демалу және сауықтыру лагерьлеріне қатысатын балаларға үлкен көңіл бөлінеді. Мектеп жанында ұйымдастырылған лагерьге 6 мектеп бойынша 2016 жылы 01 маусыммен 28 маусым аралығында1 мен 4 сыныптағы оқушылар арасынан 2000-ға жуық бала демалды. Демалыс кезінде балаларға мектеп мұғалімдері және лагерь тәрбиеші тарапынан қатал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналармен балалардың демалыс орындарында жарақат алудың алдын алу, және қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша іс-шара өткізіледі.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесі мемлекетіміздің ең басты алдағы жұмыс мақсаты, оны жаңарту еліміздің экономикалық өріс алуы, тұрмыстық табысы әр тұлғаның өз мүмкіндіктерін қолдануын көздейді, ал осыған көз жеткізу үшін ауданымыздың білім беру ұжымдары жаңа оқу жылына келесі міндеттерді шешуі тиіс:

-         педагогтардың әдіснама мәдениетін және кәсіби құзіретін көтеру мақсатында жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыратын және қосымша кәсіби білім алу үшін педагогтерге жағдай туғызу;

-         байқаулар, олимпиадалар, ғылыми жобалар арқылы Мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін, парасатын дамыту және анықтау жұмысын жалғастыру;

-         жаңа типті мектептерге ҰБТ көрсеткішін 100% төмен емес, жалпы білім беретін мектептерге   90% төмен емес көрсеткішті қамтамасыз ету;

-         мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және мектептерінде мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілді оқыту сапасын көтеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

-         мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің әдістемелік жұмыс сапасын арттыру;

-         эстетикалық тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу, СӨС, адамгершілік (рухани, ізгілік), қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бойынша жұмысқа белсендіру;

-         мектеп бітіруші түлектердің нақты бәсекеге қабілетті, білім беру негізгі міндетін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений