Бастапқы   
 
 
     Жұма 13 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Жемқорлықпен күрес
Барлық жаңалықтар
2017 жылға Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтамасы

2017 жылға Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтамасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 1 және 5-тармақтарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратында (әрі қарай – аудан әкімінің аппараты) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 қазандағы №27-ө өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды (әрі қарай – жұмыс тобы).

Жұмыс тобы өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді үйренді.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты Наурызбай ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін орган болып табылады.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің жарғыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімі мен өкіміне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға негіз болатын дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде 2017 жылғы 12 айға келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

         Есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесі бойынша 3 шешім шығарылды және атқарушы органның негізгі қызметі бойынша 96 өкім шығарылды.

Аудан әкімі аппаратының қызметі барлық материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Аталған жылы кеңсе тауарлары – 1591613,93 теңге, тұрмыстық тауарлар – 790801,68 теңге сомасына алынды.

         Есептік кезеңде, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен 16 отырыс өткізіліп, ішкі істер органдарынан келіп түскен 10 іс қаралды.

Есептік кезеңде, бақылаусыздық пен қамқорлықтан тыс қалған үшін Алматы қаласы КБО 43 кәмелетке толмаған жастар орналастырылды. Ауданда 15 баласы бар 13 қолайсыз отбасы есепте тұр.

ҚР ҚБӘК 127 бабы бойынша балаларын оқыту және тәрбиелеу бағытында өз міндеттерін орындамаған үшін ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдерге қатысты 4 іс сот органдарына жолданды.

Кәмелетке толмаған жастарға материалдық зиян келтіруіне байланысты бала асырап алу немесе қыз асырап алу келісім шарттарын бұзу фактілері орын алмады. Кәмелетке толмаған жастар арасында нашақорлықпен байланысты жасаған құқық бұзушылықтар тіркелмеді.

Аудан әкімі аппаратымен сот органдарында заңды мүдделерді қорғау және прокурорлық елеу актілерін қарау тәртібі уақытылы іске асырылады. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері аппараттың заңды мүдделерін Алматы қаласының барлық соттарында қорғайды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 25 тамыз 2014 жылғы № 898 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілік жіктеу шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, нормативтік-әдістемелік қызмет пен азаматтық хал актілерді тіркеуге бақылау жасаудан басқалары, жергілікті орындаушы органдар құзырына берілген. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. (қызмет көрсетілді: 613 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-0, мемлекеттік орган арқылы-178, электронды үкімет порталы арқылы-435)
  2. (қызмет көрсетілді: 291 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-0, мемлекеттік орган арқылы-291, электронды үкімет порталы арқылы-0)
  3. (қызмет көрсетілді: 4 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-0, мемлекеттік орган арқылы-4, электронды үкімет порталы арқылы-0)
  4. (қызмет көрсетілді: 566 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-515, мемлекеттік орган арқылы-51, электронды үкімет порталы арқылы-0)
  5. (қызмет көрсетілді: 4029 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-3635, мемлекеттік орган арқылы-356, электронды үкімет порталы арқылы-29)
  6. (қызмет көрсетілді: 468 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-437, мемлекеттік орган арқылы-31, электронды үкімет порталы арқылы-0)
  7. (қызмет көрсетілді: 287 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-240, мемлекеттік орган арқылы-28, электронды үкімет порталы арқылы-19)
  8. (қызмет көрсетілді: 58 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-11, мемлекеттік орган арқылы-47, электронды үкімет порталы арқылы-0)
  9. (қызмет көрсетілді: 21 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-2, мемлекеттік орган арқылы-19, электронды үкімет порталы арқылы-0)

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы спорт разрядтарын беру жүргізіледі: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» (мемлекеттік көрсетілетілген қызмет: халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 2, мемлекеттік орган – 0, портал арқылы – 0).

Аудан әкімінің және әкім орынбасарларының жеке қабылдауында 446 адам болды (аудан әкімі – 257 адам, әкім орынбасарлары – 189 адам, оның ішінде оңды шешім қабылданғаны – 78, құрылымдық бөлімдерге жіберілгені – 44, түсініктеме берілгені – 240, алғыс білдіргені – 9).

Әкімнің қабылдаған шешімдері Алматы қаласының Әділет Департаментінде тіркеледі және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне қарасты «Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына» жіберіледі. Аудан әкімі шешімінің көшірмесі ай сайын Алматы қаласы Наурызбай ауданының Прокуратурасына жіберіледі, қабылданған өкімдер песоналды басқару қызметінде сақталады (кадрлық қызмет).

Аудан әкімі аппараты заңды тұлғалардан – 56, жеке тұлғалардан -756 келіп түскен жолданымдарды қарады.

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында көтерілген сұрақ сипаттамаларына байланысты талдау:

 

Сұрақтар сипаттамасы

Заңды тұлғалардан келіп түскен

Жеке тұлғалардан келіп түскен

Барлығы

 

Транспорт, коммуникациялар

-

29

29

 

Құрылыс

2

29

31

 

Білім беру

1

2

3

 

Құқықтық тәртіп

-

37

37

 

Жер және жерді пайдалану

1

41

42

 

Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы, зейнетақы және әлекметтік қамтулар

1

37

38

 

Коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары

16

198

214

 

Мүлікті заңдастыру

-

16

16

 

Денсаулық сақтау

-

1

1

 

Көріктендіру

29

283

312

 

Өндіріс және кәсіпкерлікті дамыту

3

11

14

 

Мәдениет және өнер

-

4

4

 

Басқада жолданымдар

3

80

77

Барлығы:

56

765

821

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтардың мерзімі созылғаны – 6.

Қайта жолданымдар – 49, оның ішінде сұрақтар сипаттамасы бойынша: әлеуметтік сала – 1, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық бойынша – 16, көріктендіру бойынша – 20, басқалары – 12.

Наурызбай ауданында 3 ескерткіш бар.

    Монументалды:

  1. «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қаһармандардың мүсіні» Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратының алдында, Таусамалы шағынауданында 129. 1975 жылы салынған.
  2. «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қаһармандардың мүсіні» №192 Жалпы білім беретін мектептің аумағында орналасқан. Наурызбай ауданында 50 монумент Қарағайлы шағынауданындағы Қ.Надыров көшесінде орналасқан. Ол 2005 жылдың маусым айында салынған. Ескерткіштерді күтіп ұстау және іргелес аумақты тазалауды мектептің қызметкерлері жүзеге асырады және қорғалады.

Сәулет:

  1. «Алатау» сауықтыру шипажайы. 1986 жылдың 26 қарашасы күні ең алғаш бірінші демалушыларын қабылдаған. «Алатау» шипажайы – Қазақстанда, яғни Алматының ең жақсы шипажайларының бірі, тарихи маңызы бар, өз ерекшеліктерін жолғалпады. Барлық ескерткіштер тиісті түрде келтірілген.

Әлеуметтік сала бөлімінде, Жалғыз басты адамдар, қарттар және мүгедектер үшін уйінде көмек көрсететін бір әлеуметтік бөлімше жұмыс істеп жатыр. Бөлімшеде 10 әлеуметтік қызметкер мен бір бөлім меңгерушісі бар. Бөлімшеде 53-қызмет алушы тіркеуде тұр. Қызмет алушыларға әлеуметтік қызметкердің сапарлары кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Аптасына екі рет күніне кем дегенде екі сағаттан қызмет алушыға барған күні әлеуметтік қызметкер арнайы әлеуметтік қызметтерді тіркеу журналына белгілейді, және айдың соңында әлеуметтік қызметкерге беріледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015 жылдың 26 наурызындағы бекіткен №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» Үкіміне сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ауданның жаңа әкімшілік орталығының құрылысы аяқталды. Аталған орталықта жергілікті әкімшілік, сот, прокуратура, ХҚО, АХАТ, Қазпошта, банк, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, әділет басқармасы орналасқан. АІІБ, 1200 оқушыға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана құрылысы аяқталды. Әкімшілік орталықтың дамуы тұтынушының уақытын үнемдеуге және барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 153 га аумағында орналасқан арақашықтығы 1,2 км, сомасы 2,4 млрд. теңгені құрайтын Абай даңғылының құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Әшімов көшесінен 153 га аумағына дейінгі аралығындағы Абай даңғылының құрылысы аясында Қалқаман шағынауданында көлік жол айырығының құрылысы басталды. Абай даңғылындағы аталған жердің құрылыс-монтаждау жұмыстарына,салынып жатқан айырық құрылысын есепке алатын болсақ, бюджеттен 7 млрд. 160 млн. теңге бөлінді.2018 жылы аталған жобаны жүзеге асыру барысында жер телімдерін және жылжымайтын мүлік нысандарын мемлекет мүддесіне алу процедурасын бастау жоспарлануда. Аталған жобаның аяқталу мерзімі 2019 жылдың желтоқсан айына бекітілген. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» АҚ тапсырмасымен «Даулет Дорстрой» ЖШС мердігер ұйымының күшімен Райымбек даңғылы, «Алтын орда» аумағындажол кеңейту жұмыстары және көлік жол айырығының құрылысы басталды. Аталған жол бөліктерінің құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстары қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға, қаланың және ауданымыздың экономикалық тұрғыда дамуына және Алматы қаласының жол мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Жергілікті атқарушы орган болғандықтан бізге аудан тұрғындарынан автомобиль жолдарының нашарлығы жөнінде және көшелердегі жол төсемдерінің жоқтығы туралы өтініштер мен арыздар келіп түсуде. Осы сәтті пайдаланып, біздің ауданымыздың тұрғындарымен және Алматы қаласының тұрғындарымен осы бағытта атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы ақпаратпен бөліскім келеді. Наурызбай ауданында жалпы ұзындығы 285,5 км құрайтын 346 көше бар және аудан құрылған уақыттан бастап аудан тұрғындарын сапалы жолдармен қамтамасыз ету барысында жалпы сомасы 3 млрд 705 млн теңгені, ұзындығы 118 км құрайтын 175 көшеде асфальтты- бетонды жабынды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қалқаман шағынауданындағы су және кәріз желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін жалпы ұзындығы 17,7 км құрайтын 33 көшедегі жол желілерінің жаңа құрылысын аяқтау жоспарлануда. Осыған дейін аталған көшелерде асфальт жабындысы болмаған. Аталған жоба жалпы сомасы 1 млрд 445 млн. теңгені құрайды және автомобиль жолдарының, жаяу жүргіншілер жолдарының, арық жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын қамтиды.

Өткен жылдары атқарылған жұмыстарды есепке алатын болсақ, және ағымдағы жылы аяқталатын жөндеу жұмыстарынан кейін, 285 көше асфальт жабындысымен қамтылады. Асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы 191,2 км, пайыздық қатынасы 66,6 % құрайды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырмасымен Алматы облысы Қарасай ауданы аумағынан біріктірілген 33 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып жатқандығын атап өту қажет. Жолдардың жалпы ұзындығы 29,5 км, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 492 млн. теңгені құрады.

Аудан аумағындағы бау-бақша бірлестіктерінде тұрақты түрде 30 мың адам тұратындықтан, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырмасымен бау-бақша бірлестіктерінің аумағына кіретін негізгі көшелерінде жол жөндеу жұмыстары аяқталуда. Көшелердің жалпы ұзындығы 11 км құрайды.

Бүгінгі таңда ауданымыздағы Қарғалы өзеңі арқылы өтетін Қонаев көшесінде орналасқан автомобиль өткелін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Ақсай және Қарғалы өзенінде орналасқан екі өткелді қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда. Аталған өткелдер қаражат бөлінуіне қарай қайта қалпына келтіріледі.

Аудан құрылған кезде арық жүйелері 21 км құрайтын 24 көшеде ғана болса, 2014-2017 жылдар аралығында 26 км құрайтын 37 көшеде жаңа арық жүйелерінің құрылысы жүргізілді.Арық жүйелерінің жаңа құрылысын және жөндеу жұмыстарын есепке алатын болсақ, 45 км құрайтын 61 көше ғана арық жүйелерімен қамтылған, пайыздық қатынасы 15,8 % құрайды. Жалпы алғанда, өткен жылдардағы жауын-шашын мониторингі қосымша арық жүйелері құрылысының қажеттігін көрсетті. Ағымдағы жылы «Мұсахан Сервис» ЖШС мердігер ұйымының күшімен 4 көшедегі арақашықтығы 4, 1 км құрайтын арық жүйелерінің құрылысы толықтай аяқталды. Аталған жобаны жүзеге асыру аудан тұрғындарының мүліктерін су басу қауіпін азайтуға септігін тигізді.

Жалпы алғанда сыртқы жарықтандыру желілерімен 346 көшенің 47 көшесі ғана қамтамасыз етілген (1816 жарық нүктесі). Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,2 км құрайтын 8 көшеде сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Қалқаман және Шұғыла шағынаудандарындағы (Абай даңғылы, АММК көшесі) жол желілерінің жаңа құрылысы барысында жобаға сәйкес, 34 км (1147 жарық нүктесі) сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізіліп, аула аумағын көріктендіру, саябақ құрылысы, жасыл аймақтарды көріктендіру жұмыстарының барысында 375 жарық нүктелері орнатылды.

Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды есепке алатын болсақ, пайыздық қатынасы 25,7 % құрайтын 89 көше ғана сыртқы жарықтандырумен қамтылған (3914 жарық нүктесі).

Жаяу жүргіншілер жолына келетін болсам, аудан құрылған кезде 25 км құрайтын жаяу жүргіншілер жолы ғана болған. 2014-2016 жылдар аралығында 9,5 км жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілсе, 2017 жылы көріктендіру жұмыстарының және жол желілерінің жаңа құрылысы барысында 23,3 км жаяу жүргіншілер жолы салынды. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 57,8 км, пайыздық қатынасы 20,2 % құрайтын 49 көшеде жаяу жүргіншілер жолы бар.

Ауданымыз құрылған кезде аудан тұрғындарына сауықтандыруға арналған ешқандай жер болмаған, осыған орай 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен дат архиткторы Ян Гейлдың жобасы аясында велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жүргізілді. Аталған жоба жаяу жүргіншілер жолдарын, велосипед жолдарын, сыртқы жарықтандыру және балаларға арналған алаңдармен Шаляпин көшесін және Әшімов көшесінің жартысын қамтып отыр. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.Көріктендіру жұмыстары сонымен қатар, Мұстафин көшесінде (Абай көшесінен Рысқұлбеков көшесіне дейін) және Әшімов көшесінде (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін) жүргізілді. Аталған бағдарлама барысында велосипед жолдары және жаяу жүргіншілер жолдарының, арық жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, жаттығу қондырғылары, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Саябақтар мен Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен Тастыбұлақ шағынауданында орналасқан, жалпы ауданы 0,6 га құрайтын екі саябақтың құрылысы аяқталды.Саябақта балаларға алаңы және спорт алаңдарының құрылысы жүргізіліп, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылған. Ауданның әкімшілік орталығының алдында 153 га аумағында жасыл көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында салынған Шаймерденов көшесіндегі жаңа саябақтың құрылысы аяқталды. Саябақта футбол алаңы, баскетбол алаңы және кіші архитектуралық ескерткіштер және т.б. орнатылған. Сондай-ақ, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде 2 кіші саябақтар орналасқан.

Көріктендіру ережесіне сәйкестендіру мақсатында 2014-2017 жылдар аралығында 10,5 мың дана ағашқа санитарлық қырқу және апатты жағдайдағы 1200 дана ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Жапырақты және қылқанжапырақты 10000 дана көшетті отырғызу жұмыстары,оның ішінде 2017 жылы 4575 дана көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда Жандосов, Гроза, Рысқұлов, Әшімов және кіші Райымбек көшелерінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар көшеттер отырғызу, әсемдік талдар отырғызу, көк шөп егу және декоративтік безендіруді қамтиды.

Жалпы алғанда 2017 жылға дейін декоративті безендірілген жерлердің жалпы ауданы 1250 м2 құраса, бүгінгі таңда аталған көрсеткіш 3500 м2 ұлғайған. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Алматы қаласы ТЖ қаражаты есебінен 2015 жылдың шілде айындағы сел тасқынынан кейінгі Қарғалы өзеңіндегі жалпы ұзындығы 7,7 км құрайтын апатты-қайта қалпына келтіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда жаңа құрылымдар су өткізу қабілетін 23м3 дейін қамтиды. Көріктендіру жұмыстары барысында, әлеуметтік жауапкершілік аясында «Толағай» ЖШС күшімен 2500 м3 көк шөп отырғызылып, 3 балаларға арналған алаң салынып, 200 м3 гүлзар егіліп, кіші архитектуралық ескерткіштер орнатылуда, және де сыртқы жарықтандыру желілерінің бағандары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Аталған жұмыстар Қарағайлы шағынауданының тұрғындарының қауіпсіздігіне үлесін қосты.Сондай-ақ «ЛМ Транспроект» мердігер ұйымының күшімен қазіргі уақытта көріктендіру жұмыстары бойынша жоба дайындалуда.

Аудан шекарасында тұрақты түрде санитарлы тазалау жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстарға қатты – тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізетін 5 мердігер ұйым , көше тазалығын жүргізетін 3 мердігер ұйым және арық жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізетін 1 мердігер ұйым жұмылдырылған. Жыл сайын аталған жұмыстарға 500 млн. теңге қаражат бөлінеді, және де ауданның экологиялық инспекция қызметі мен ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы әкімшілік құқық бұзушылық бабымен 12 309 955 теңге көлемінде 850 хаттама толтырылған.

Ауданның санитарлы ахуалын ескере отырып, өткен жылға қорытынды жасауды жөн көріп отырмын. Жалпы алғанда қыс мезгілінде аталған мердігер ұйымдардың күшімен 50 мың м3 қар шығарылып, жаз мезгілінде өткізілген жалпықалалық,апта сайын өткізілетін желілік сенбіліктерді есепке алатын болсақ, 180 мың м3 қоқыс шығарылған.

Қаңғыбас иттерді аулау мәселесіне келетін болсақ, үш жылдың ішінде ауданымызда 887 иттің қабуы тіркелген.Күнделікті ауданда ит аулау жұмыстары жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 7000 қаңғыбас ит ауланған.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлар ауысымы:

Аудан әкімі аппаратының штаттық саны 40 адамды құрайды. Нақты жұмыс істейтіндер – 38 қызметкер. Аппарат қызметкерлерінің жеке істері жүргізілуде. Барлық аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы арқылы тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Есептік кезеңде келесі бос орынға орналасу бойынша 3 кезеңде конкурс өткізілді: мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Имашев Серік Ерәділұлы қабылданды; коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына (Е-4 санаты) Рысбаева Жулдуз Байдуллаевна қабылданды; коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына (Е-4 санаты) Тәкібаев Жандос Маратұлы қабылданды; қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Абдрахман Ержас Ермекұлы қабылданды; мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Қарабалаев Қайрат Қайратұлы қабылданды;көріктендіру бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Қыдырбаев Оңалбек Аралбайұлы қабылданды; азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы (Е-3 санаты) лауазымына Ахметова Самал Аманжоловна қабылданды; кәсіпкерлікті және өнеркәсіпьі дамыту бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Калбеков Мухтархан Есенгелдиевич қабылданды; коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына (Е-4 санаты) Кусмолдин Максат Адильбекович қабылданды; мемлекетті-құқықтық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Бейсеков Нурбол Тилеубергенович қабылданды; қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) лауазымына Төлеген Марат Әуезханұлы қабылданды. По состоянию на 30.11.2017 бойынша 2 бос орын бар: көріктендіру бөлімінің бас маманына 1 орын, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманына (уақытша бос) 1 орын.

Есептік кезеңде әкім өкімдері заңдылығының бұзылуына жол бермеу бойынша тәртіптік комиссия арқылы Алматы қаласы Әділет Департаментінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №Б-3110-16 ұсынысына сәйкес мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Тазабеков Муслим Куанышевичке «ескерту» түрінде, Алматы қаласы әкімі аппаратының 2017 жылғы 25 наурыздағы № 12 хаттамасына сәйкес әкім орынбасары Курмашев Ержан Сайнович «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды: Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасының 2017 жылғы 19 сәуірдегі №2-17-17-02016 ұсынысына сәйкес көріктендіру бөлімінің орынбасары Орынбеков Асылхан Умирзакович, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №06-01-4/2072 хатына сәйкес қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Касымжанов Ерлан Маратович,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылғы 30 маусымдағы №02-16/2645 хатына сәйкес персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) бас маманы Әлімқұлова Ләззат Қайратқызы, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссияның 2017 жылғы 6 маусымдағы № 7 нұсқамасына сәйкес қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Исмаилова Айнур Мырзагалымовна, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №05-09/2560 хатына сәйкесқаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Құттыбай Ернұр Берікұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі06-6/ЖТ-Қ-212/3558хатына сәйкес көріктендіру бөлімінің бас маманы Елбосынов Газиз Кайнарович, Алматы қаласы әкімі аппаратының 23 қазандағы №10-14.1606-и хатына сәйкес әкім орынбасары Пралиев Балтуре Абидханулы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі ұсынысына сәйкес ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Баубекова Жанел Шымыртемірқызы. Барлық анықталған бұзушылықтар қалыпқа келтірілді.

12 айдағы ауысым – 6 бірлікті құрады (коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманының м.а. Наизабеков Азамат Фаимович, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Максутов Асқат Даниярұлы, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Раис Марлен Бауржанұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Тәкібаев Жандос Маратұлы, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының м.а. Бабалиева Арайлым Байгайыповна, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы Айдапкелов Газиз Токтарович өз қалауы бойынша жұмыстан босатылды).

Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына Алматы аймақтық орталығына 22 қызметкерді жіберу жоспарланған болатын, олардың 22-сі бағдарламаны сәтті аяқтады.

Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанның №434-V «мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес, аудан әкімінің аппаратымен мынадай іс-шаралар жүргізілуде:

 

Кең көлемді мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат

Іс-шара (тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің атауы)

Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарының мемлекеттік сатып алу тәсілі

Сомасы

 

Шарттың жалпы жоспарлы сомасы

Шарттың жалпы қорытынды сомасы (ҚҚС ескермегенде)

Өнім берушінің БСН/ЖСН-ы және аталуы

1

2

9

12

14

1

Наурызбай ауданы Азаматтық хал актілерін тіркеу үшін ғимаратты жалға алу қызметі бойынша

Бір көзден сатып алу

12 000 000

12 000 000

"Салимбаев" ЖК

ЖСН 610723401568

2

Мерзімді жазылу қызметі

Бір көзден сатып алу

104 959

104 959

"Қазпошта" акционерлік қоғамының "Алматы почтамты" Алматы филиалы БСН 991041003591

3

Заңгер бағдарламасы қызметі

Бір көзден сатып алу

128 571.43

128 571.43

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны БСН 990540004034

4

Банктің қызметтері

Бір көзден сатып алу

30 000

30 000

"Қазақстан халық жинақ Банкі" акционерлік қоғамы БСН 940140000385

5

Ғимаратты күзетуге байланысты қызметтер

Бір көзден сатып алу

6 357 142

6 357 142

"Мусахан-Секьюрити ЛТД" ЖШС

БСН 070340007882

6

Ауыз су

Бір көзден сатып алу

178 568

178 568

"Golden Rill Trade" ЖШС

БСН 090540017246

7

Хатқалталарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

90 000

90 000

"Қазпошта" акционерлік қоғамының "Алматы почтамты" Алматы филиалы

БСН 991041003591

8

Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағында аулаларға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындау

Ашық конкурс

6 586 383.93

3 375 500

"Қарасай Құрылыс Сәулет" ЖШС

БСН 100140006865

9

Байланыс қызметі

Бір көзден сатып алу

837 499

837 499

"Қазақтелеком"акционерлік қоғамының филиалы -"Алматытелеком" -өңірлік телекоммуникация дирекциясы

БСН 151141016493

10

Интернет қызметі

Бір көзден сатып алу

186 000

186 000

"Қазақтелеком"акционерлік қоғамының филиалы -"Алматытелеком" -өңірлік телекоммуникация дирекциясы

БСН 151141016493

11

Почта бөлімдерінің қызметтері

Бір көзден сатып алу

418 750

418 750

"Қазпошта" акционерлік қоғамының "Алматы почтамты" Алматы филиалы

БСН 991041003591

12

Фирмалық бланк өнімдерін дайындау қызметі

Бір көзден сатып алу

202 589

202 589

"Дом печати "Эдельвейс" ЖШСБСН 900140000144

13

Мерзімді жазылу қызметі

Бір көзден сатып алу

104 959

104 959

"Қазпошта" акционерлік қоғамының "Алматы почтамты" Алматы филиалы

БСН 991041003591

14

Мерекелік шараларды ұйымдастыру қызметтері

Ашық конкурс

13 392 857.14

10 000 000

«KZ – 2016» ЖК

ЖСН 950316400993

15

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

224 000

224 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

16

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

17

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

18

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

19

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

221 825

221 825

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

20

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

21

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

22

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

224 250

224 250

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК ЖСН 810520401695

23

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

220 000

220 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

24

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

25

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

154 000

154 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

26

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

160 000

160 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

27

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

28

Бекіністік құрал-саймандарды сатып алу

Бір көзден сатып алу

220 000

220 000

"ОСПАНОВА Г.С." ЖК

ЖСН 810520401695

29

Қоқыс шығару

Бір көзден сатып алу

430 054

430 050

"Stamp service" ЖШСБСН 081240006805

30

Клинингтік қызметтері (бөлмелерді жинау)

Ашық конкурс

1 800 000

1 400 000

"Қазақ саңыраулар қоғамының N 2 оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекеме.

БСН 930640000629

31

Алматы қаласы Наурызбай ауданының аула аумақтарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасына Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

Ашық конкурс

986 000

986 000

"ЮКПроектЭкспертиза" ЖШС

БСН 150840014890

32

Жөндеу жұмыстарын жүргізу және оргтехникалық қызмет

Ашық конкурс

1 116 071.43

400 000

"AZUR Company" ЖШС

БСН 150140007773

33

Әлеуметтік қызметкерлер үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

215 912.38

215 912.38

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

34

Әлеуметтік қызметкерлер үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

138 214

138 214

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

35

Наурызбай аудан әкімшілігі үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

215 134.50

215 134.50

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

36

Наурызбай аудан әкімшілігі үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

210 038.18

210 038.18

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

37

Наурызбай аудан әкімшілігі үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

224 109

224 109

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

38

Наурызбай аудан әкімшілігі үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

141 520

141 520

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

39

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

224 610.80

224 610.80

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

40

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

211 571.40

211 571.40

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

41

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

225 050.40

225 050.40

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

42

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

224 713.20

224 713.20

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

43

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

221 011.30

221 011.30

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

44

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

216 032

216 032

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

45

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

210 716

210 716

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

46

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

165 748.80

165 748.80

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

47

Кеңсе тауарлары

Бір көзден сатып алу

226 787

226 787

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

48

Наурызбай аудан әкімшілігі үшін шаруашылық тауарлар

Бір көзден сатып алу

180 000

180 000

«АБЫЛАЙХАН» ЖК

ЖСН 910901302341

49

Қызметтік көліктерімен транспорттық қызмет көрсету

Бір көзден сатып алу

4 156 994.03

4 156 994.03

"Алматы қаласы шаруашылық басқармасы" ЖШС

БСН 130140023286

50

1С Бухгалтерия бағдарламасын жүргізу қызметі

Бір көзден сатып алу

1 215 773.80

1 210 714.29

"Диалог-Сервис" ЖШС

БСН 061040008652

51

Семинар

Бір көзден сатып  алу

100 000

50 000

""Астана Өрлеу" аймақаралық кәсіби даму орталығы" ЖШС

БСН 160540003509

52

Көше тазалау

 

Бір көзден сатып алу

1 829 758.93

1 829 758.93

"Саңыраулардың қазақ қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны" мекемесі

БСН 980440004277

53

Көше тазалау

Бір көзден сатып алу

8 739 446.43

8 739 446.43

"AN Құрылыс" ЖШС

54

Көше тазалау

Бір көзден сатып алу

28 010 232.15

28 010 232.15

"МАГНОЛИЯ-ДИСТАРД" ЖШС

БСН 080640010697

55

Көше тазалау

Бір көзден сатып алу

21 104 821.43

21 104 821.43

"Саңыраулардың қазақ қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны" мекемесі

БСН 980440004277

56

Көше тазалау

 

 

Бір көзден сатып алу

56 476 723.22

56 476 723.22

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныБСН 031040002509

57

Алматы қ. Наурызбай ауданының елді мекендері көшелерін жарықтандыру қызметі

Бір көзден сатып алу

9 636 044

7 700 000

"ЖАРЫҚ-2000" ЖШСБСН 060840007948

58

Алматы қ. Наурызбай ауданының елді мекендері көшелерін жарықтандыру қызметі

Бір көзден сатып алу

31 345 357

31 345 357

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

БСН 130640000166

59

Наурызбай ауданының арық желілерін тазалау

Бір көзден сатып алу

24 741 071

19 888 888

"Саңыраулардың қазақ қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны" мекемесі

БСН 980440004277

60

Алматы қаласы Наурызбай ауданының елді мекендерін көріктендіру және көгалдандыруға арналған жұмыстары

Бір көзден сатып алу

17 884 687

17 884 687

"Саңыраулардың қазақ қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны" мекемесі

БСН 980440004277

61

Отырғызу материалдарын сатып алу

Ашық конкурс

1 511 160

1 120 000

"Фирма "ЛЭУ" ЖШС

БСН 030840001428

62

Отырғызу материалдарын сатып алу

Ашық конкурс

2 038 035

1 650 000

"Табиғат Мирасы НС" ЖШС

БСН 090840003376

63

Картридждерді сатып алу

Ашық конкурс

953 400

246 500

"Bisi" ЖШС

БСН 110140004682

64

Картридждерді сатып алу

Ашық конкурс

260 000

260 000

"Resource Media (РесурсМедиа)" ЖШС

БСН 140940026172

65

Қағаз сатып алу

Бір көзден сатып алу

2 177 875

2 177 875

«UMIT & Co» ЖК

ЖСН 880104402189

66

Мобилді дәретхана кабиналарымен қамтамасыз ету қызметі

Бір көзден сатып алу

1 339 285

1 339 285

"Барыш Т" ЖШС

БСН 051140005917

67

Сумен қамтамасыз ету қызметі

Бір көзден сатып алу

100 000

100 000

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бастау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

БСН 081040018831

68

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мен қайта дайындау қызметі

Бір көзден сатып алу

578 571.42

578 571.42

"Алматинский региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖШС

БСН 140240007527

69

«Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру» семинар өткізу бойынша қызмет көрсету

Бір көзден сатып алу

50 000

42 035.71

«КАЗГЮУ Университеті» акционерлік қоғамыБСН 020140001689

70

Алматы қаласы Наурызбай ауданының елді мекендерін көріктендіру және көгалдандыруға арналған жұмыстары

Бір көзден сатып алу

61 911 606.85

54 481 175

"Stamp service" ЖШС

БСН 081240006805

71

Алматы қаласы Наурызбай ауданының елді мекендерін көріктендіру және көгалдандыруға арналған жұмыстары

Бір көзден сатып алу

10 942 169

7 659 477

"Қазақ саңыраулар қоғамының N 2 оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекеме.

БСН 930640000629

72

Алматы қаласы Наурызбай ауданының елді мекендерін көріктендіру және көгалдандыруға арналған жұмыстары

Бір көзден сатып алу

29 482 142.85

28 750 000

"Фирма "ЛЭУ" ЖШС

БСН 030840001428

73

Алматы қаласы Наурызбай ауданының елді мекендерін көріктендіру және көгалдандыруға арналған жұмыстары

Ашық конкурс

1 330 357

590 000

"ЗаРа Гранд" ЖШС

БСН 090440000812

75

Көше тазалғы

Ашық конкурс

141 891 393

141 890 000

"ASMAR STROY" ЖШС

БСН 070240015780

76

Жол асты жүрушілердің өтпелісін тазалау

Ашық конкурс

5 487 351

4 500 000

"АЛЬЯНС-ГРУП" ЖШС

БСН 060440012968

77

Лицензиялар ұсыну бойынша қызметтер антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

БАЛТАБЕКОВА К.К. ЖК

ЖСН 890130400245

78

Көше тазалғы

Бір көзден сатып алу

1 000 000

1 000 000

"Stamp service" ЖШС

БСН 081240006805

79

Көше тазалғы

 

Бір көзден сатып алу

213 722 643

213 722 643

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

БСН 031040002509

80

Көше тазалғы

Бір көзден сатып алу

79 027 080

79 027 050

"МАГНОЛИЯ-ДИСТАРД" ЖШС

БСН 080640010697

81

Алматы қ. Наурызбай ауданы жаяу жүргіншілер зонасына ағымдағы жөндеу жұмыстары

Бір көзден сатып алу

23 903 178

22 500 000

"ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ KZ" ЖШС

БСН 170540008670

82

Наурызбай ауданының 17 аула аймағына күрделі жөндеу жұмыстары үшін техникалық қадағалау жүргізу

 

Бір көзден сатып алу

2 372 403

2 372 403

"Дирекция строящихся предприятий «СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ» ЖШС

БСН 080340021473

83

Алматы қ. Наурызбай ауданы жаяу жүргіншілер зонасына ағымдағы жөндеу жұмыстары

Бір көзден сатып алу

127 977 982

127 977 982

"ASMAR STROY" ЖШС

БСН 070240015780

84

Алматы қаласы Наурызбай ауданы ауласын күрделі жөндеу

Бір көзден сатып алу

105 284 573

105 246 000

 

"ASMAR STROY" ЖШС

БСН 070240015780

85

Авторский надзор по капитальному ремонту дворовых территорий Наурызбайского района г. Алматы

Бір көзден сатып алу

351 207

351 207

"Қарасай Құрылыс Сәулет" ЖШС

БСН 100140006865

86

Семинар

Бір көзден сатып алу

45 000

45 000

"SAMRUK Consulting" ЖШС

БСН 150740003435

87

Аншлагты сатып алу

Бір көзден сатып алу

224 595

224 595

«KZ – 2016» ЖК

ЖСН 950316400993

88

Аншлагтарды орнату бойынша қызметтер

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

«KZ – 2016» ЖК

ЖСН 950316400993

89

Алматы қаласы Наурызбай ауданының аула аумақтарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасына Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

Ашық конкурс

524 687

524 687

"Экспертиза PRO" ЖШС

БСН 160140012642

90

Журналды бланктік өнімдерді өндәру қызметтері

Бір көзден сатып алу

80 000

80 000

«KZ – 2016» ЖК

ЖСН 950316400993

91

Алматы қаласы Наурызбай ауданы ауласын күрделі жөндеу жұмыстары

Бір көзден сатып алу

70 319 177

70 319 000

"ASMAR STROY" ЖШС

БСН 070240015780

92

Бейнекамералар сатып алу

Бір көзден сатып алу

224 000

224 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

93

Бейне тіркеуші - Ввод IP-камера сатып алу

Бір көзден сатып алу

190 000

190 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

94

Үздіксіз қоректендіру блогы сатып алу

Бір көзден сатып алу

70 000

70 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

95

Қатты диск сатып алу

Бір көзден сатып алу

120 000

120 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

96

Мониторлар сатып алу

Бір көзден сатып алу

140 000

140 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

97

Кабель өнімі сатып алу

Бір көзден сатып алу

190 000

190 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

98

Монтаждау және іске қосу-баптау, бейнебақылау жағдайды жою жұмыстары

Бір көзден сатып алу

226 000

226 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

99

Кілемдер сатып алу

Бір көзден сатып алу

226 000

226 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

100

Дейінгі электрлі азық-түлік таразы сатып алу

Бір көзден сатып алу

210 000

210 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

101

Басшыға арналған кресло сатып алу

Бір көзден сатып алу

180 000

180 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

102

Плательді шкаф сатып алу

Бір көзден сатып алу

54 000

54 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

103

Кітап сөрелері сатып алу

Бір көзден сатып алу

225 000

225 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

104

Қақпаға домофон сатып алу

Бір көзден сатып алу

150 000

150 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

105

Музыкалық орталық сатып алу

Бір көзден сатып алу

222 000

222 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

106

Интерактивті тақта (жылжымалы) сатып алу

Бір көзден сатып алу

226 000

226 000

«Malikov DD» ЖК

ЖСН 930627300311

107

Электрондық идентификатор KazTokenді сатып алу

Бір көзден сатып алу

281 250.06

281 250.06

"Цифровой поток-Инновации" ЖШС

БСН 110340010416

108

Туды жасау қызметі

Бір көзден сатып алу

40 179

40 179

Алматыгороформление ЖШС

БСН 940640001371

109

КМҚК «№ 45 бөбекжай балабақшасы»Алматы қ. бойынша білім басқармасына компьютер жиынтығы (моноблок) сатып алу

Аукцион

400 000

369 972.36

"Aper.IT" ЖШС

БСН 131040012478

110

Үстелдік түктілерді сатып алу

Бір көзден сатып алу

75 000

75 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

111

Үздіксіз қоректендіру көзі

Бір көзден сатып алу

105 000

105 000

«Даутова» ЖК

ЖСН 710128401613

112

КМҚК «№ 45 бөбекжай балабақшасы» Алматы қ. бойынша білім басқармасына принтер сатып алу

Аукцион

160 000

130 000

"BEKNURAI TRADE" ЖШС

БСН 171140019991

ИТОГО

 

 

1 145 491 857.06

1 114 523 

 

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30 бабы 4 тармағы 1 тармақшасы және камералдық бақылау жүргізу Қағидаларын бекіту ережелері, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің №598 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласы қаржылық бақылау инспекциясымен 2016 жылдың ақпан айынан бастап ай сайын аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу саласында камералдық бақылау жүргізіледі.

Камералдық бақылау аясында анықталған бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 Жарлығын орындау мақсатында аудан әкімі аппаратымен келесі іс-шаралар жүргізіледі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын, аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын заңдарды түсіндіруге бағытталған жаппай оқу өткізу және «Нұр Отан» партиясының филиалымен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл акцияларына қатысу.

Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, жұмыс тобы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген қорытындыға келді.

Аппарат басшысы

М.Н. Нысаналиев

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

М.К. Тазабеков

Персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) бас маманы

Л.К. Алимкулова

 

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений