Бастапқы   
 
 
     Дүйсенбі 16 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • Құқық / Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының
23 бабының 1, 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 42 бабының 3 тармақтың 4) - тармақшасы на сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  • Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы «Алматы ақшамы» № 23 және 2015 жылғы 28 ақпандағы «Вечерний Алматы» № 25 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшада:

бүкіл мәтіні бойынша «Әуезов» сөздері «Әшімов» сөздерімен ауыстырылсын;

№ 504 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050067, Орталығы: «№157 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).»;

№ 505 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050067, Орталығы: «№157 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).»;

№ 506 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050067, Орталығы: «№157 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).»;

№ 509 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жандосов көшесінен бастап, Қажымұқан көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінен бастап, Тастыбұлақ шағынауданы шекарасының батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағытта Іле- Алатауы ұлттық саябағы шекарасын бойлап Ақсай өзені жағалауымен қиылысына дейін. Ақсай өзені қиылысынан Ақсай өзені жағасын бойлай солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзені жағасымен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзені шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қажымұқан көшесіне дейін.»;

№ 510 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Рысқұлов көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Жұмабаев көшесіне дейін. Жұмабаев көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Таусамалы ықшам ауданының Қонаев көшесіне дейін. Қонаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Алатау көшесіне дейін. Құрамыс шағынауданы Алатау көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Таусамалы шағынауданының Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Рысқұлов көшесіне дейін. Рысқұлов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.»;

№ 511 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Құрамыс, Рахат шағынаудандары және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауы мен Жандосов көшесінен шығыс бағытқа бұрылып Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтіп, Центральная көшесі мен Таугүл-3 шағынауданының оңтүстік және оңтүстік - шығыс шекарасынан Кәрменов көшесі қиылысына дейін. Кәрменов көшесі қиылысы мен шығыс бағытқа бұрылып, Кәрменов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтеді, шығыс бағытта Рахат шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен және әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін. Тополевая көшесі мен Асқаров көшелері қиылысынан оңтүстік бағытта бұрылып, Асқаров көшесінің батыс жағымен кіші Мұстафин көшесімен қиылысына дейін. Кіші Мұстафин және Асқаров көшелері қиылысынан, кіші Мұстафин көшесінің солтүстік жақ бетімен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Мұстафин көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Амангелді көшесіне дейін. Амангелді көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік-батыс бағытта Кәрібай ақын көшесіне дейін. Кәрібай ақын көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Сәтпаев көшесімен қиылысына дейін. Сәтпаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ бойымен солтүстік бағытта Жандосов көшесімен қиылысатын жерге дейін.»;

№ 512 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қарғалы, Жайлау шағынаудандары. Кіші Мұстафин көшесінің Мұстафин көшесінің қиылысынан, Мұстафин көшесінің батыс жақ бетімен Абай көшесін кесіп өтіп, оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасына дейін. Абай көшесі қиылысынан және Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасынан оңтүстік – батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының қиылысына дейін, әрі қарай Қарғалы шағынауданының Кәрібай ақын және Амангелді көшелерінің қиылысына дейін. Амангелді көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта атауы бірдей Амангелді көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Амангелді көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік-шығыс бағытта № 45 үйге дейін. № 45 үйден бастап, Амангелді көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Мұстафин көшесіне дейін.»;

№ 538 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050067, Орталығы: «№157 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).»;

№ 542 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жандосов көшесінен, Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Арман көшесіне дейін. Арман көшесінен, Тау Самалы коттедж қалашығының оңтүстік шекарасы бойымен, шығыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен, Рысқұлов көшесіне өтіп оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қажымұқан көшесіне дейін. Қажымұқан көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Тастыбұлақ озеніне дейін.»;

№ 543 Сайлау учаскесінің шекарасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Гроза көшесінен, Алатау көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Құрамыс шағынауданының Сәтпаев көшесіне дейін. Сәтпаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Кәрібай ақын көшесіне дейін. Кәрібай ақын көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Амангелді көшесіне дейін. Амангелді көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Желтоқсан және Наурызбай батыр көшелерінен өтіп Қарағайлы шағынауданының Жандосов көшесіне дейін. Қарағайлы шағынауданының Жандосов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Алатау көшесіне дейін.».

2. Осы шешімді Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ресми интернет – ресурсында жарияласын.

3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

С. Сайфеденов

КЕЛІСІЛДІ:

Алматы қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы Ж. Асанова

«__» наурыз 2017 жыл

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений