Бастапқы   
 
 
     Жұма 6 желтоқсан 2019 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
06.07.2019. «Нұр-Сұлтан қаласы күні» салтанатты шара

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған болатын. Астанаға ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгерту биылғы жылы, яғни 2019 жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезінде ұсынылды. Қ.Тоқаев тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін елей отырып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атын өзгерту мақұлданды. Бүгінде қазақстанның барлық қалаларында еліміздің бас қаласы күнін айрықша атап өту жолға қойылған.

Осы орайда Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Нұр-Сұлтан қаласы күні» мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Мереке аясында бұқаралық 8 спорт түрлері, қолөнер бұйымдарының көрмелері мен байқаулары өткізілді.

Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестері үшін аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» әр саладан 21 қызметкер марапатталды.

Сахнада қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетіп, аудан жұртшылығына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аудан әкімінің баспасөз-қызметі

06.07.2019
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений