Бастапқы   
 
 
     Сейсенбі 4 тамыз 2020 Негізгі бет   А А А   Сайт картасы
 
     
 
Суретгалереясы
 
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық жаңалықтар
04.07.2020. Алматыда қатаң шектеу шаралары енгізіледі

Құрметті Наурызбай ауданы тұрғындары мен қонақтары!

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді, және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімін орындау мақсатында қалалық Комиссияның отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы қаласының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді

Осыған байланысты, Алматы қаласының Наурызбай ауданында алдағы күндері, барлық Сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, фитнес орталықтардың жұмыстары тоқтатылады. Дәмханалар мен мейрамханаларда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тек қана жазғы алаңдар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ СПА-орталықтардың, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тиым салынады.

Айта кететін болсақ, Наурызбай ауданында 3 базар (Барлық, Таусамалы, Ақбұлақ), 2 сауда үйі (Эйкос, Гломарт), 9 супермаркет (Асқар, Береке, Беккер және т. б.) және 6 фитнес орталығы (Тауфит, Yfit және т. б.) орналасқан. Сондай-ақ ауданда 43 сұлулық салоны, 14 сауна, 22 монша, 4 бассейн бар.

Қалалық қоғамдық көлік, соның ішінде қала маңындағы автобус маршруттары 50% - дан аспайтын жолаушымен жұмысын жалғастырады.

Қызметі тоқтатылған барлық нысандарда санитарлық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша кезекшілікті күшейтеді.

Алматылықтарға қала бойынша жүруді шектеуді, әсіресе сырқаттану қауіпі қарт адамдарға төніп тұр, сондықтан үйде болуға кеңес береміз.

Карантиндік режимді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қала тұрғындарынан осы бағыттағы шараларға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

X

04.07.2020
«« | »» «  Кейін | Барлық жаңалықтар

Последние новости

 
 
 

 Наурызбай ауданы әкім аппаратының ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Әкімге сұрақ
Наурызбай ауданы əкімі Тоғай Санжар Әділұлына өзіңізді толғандырған өзекті сұрақтарыңызды қоюыңызға болады
 
 
 
 
 

РК , г. Алматы, Адрес Акимата

Информационное наполнение и сопровождение:
Пресс-служба Акимата района
О портале
Условия использования информации


Copyright © 2014 Аппарат Акима Наурызбайского района. Все права защищены.
счетчик посещений